Жәнібек Кәрбозин кім

Әдебиеттік оқу

Ашық сабақ жоспары • Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Автор туралы мәлімет беру.
  • Адамның табиғатқа қамқорлығы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы мен тәрбиелік үлгінің әсерін түсіндіру.
  • Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге баулу.
  • Шығарманың мағынасын ашып, негізгі ойды анықтау.
  • Өз ойын еркін әрі дәл жеткізуге үйрету.

Дамытушылық

  • Отбасында және ортада мәдениетті өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту.
  • Ауызша және жазбаша сөйлеуді жетілдіру.
  • Сауатты жазуға, ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  • Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
  • Үлкенді сыйлау мәдениетін қалыптастыру.
  • Имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке баулу.

Көрнекі құралдар

Материалдар

  • Слайдтағы дидактикалық материалдар
  • Ата тәлімі туралы мақал-мәтелдер
  • Суреттер, жұмбақтар
  • Шығармалар жинағы
  • Нақыл сөздер
  • Қима қағаздар, стикерлер

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі
Ашық сабақ

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Психологиялық дайындық жүргізу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Жәнібек Кәрбозиннің «Атай» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

«Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша оқушылар жауап береді.

  1. 1.Жәнібек Кәрбозин кім?
  2. 2.Әңгімедегі баланың аты кім?
  3. 3.Алтай қандай бала?
  4. 4.Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады?
  5. 5.Алтай дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
  6. 6.Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
  7. 7.Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
  8. 8.Оқиға қай мезгілде болған?
  9. 9.Алтай саған ұнады ма? Несімен?
  10. 10.Қазір нан қанша тұрады? Осындай жағдайға тап болсаң, не істер едің?
  11. 11.Алтайдың үйінде неше бала бар?
  12. 12.Жәнібек Кәрбозин қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

Қорытынды ой: Алтай — ақылды, тіл алғыш, жомарт, еңбекқор бала. Әңгіме бізге бір-бірімізге қамқор болудың маңызын ұғындырады.

Оқушылармен талқылау: Осындай адамгершілік қасиеттер балаға көбіне ата-анасы мен ата-әжесінің үлгісі арқылы дариды. Әр үйдің ақылшысы — ата мен әже.

IV. Ой қозғау

Видеоролик көрсету арқылы тақырып ашылады: бүгінгі сабақтың өзегі — ата.

Түсінік

Ата — жасы үлкен адам, қария, ақсақал, әкенің әкесі.

Тақырып

«Атай» — атаға құрмет, еңбек пен мейірім туралы ой қозғайтын шығарма.

V. Дәптермен және оқулықпен жұмыс

  • Күннің жадын және тақырыпты жазу.
  • Автор туралы қысқаша мәліметпен танысу.
  • Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Іштей оқу және дауыстап оқу.
  • Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысы.

Автор туралы

Әнуарбек Дүйсенбиев — балалар әдебиетіне мол үлес қосқан белгілі ақын. Ол 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Сөздік жұмысы

Шот
шаруашылық құралы.
Тозған
ескі, көнерген.
Амангелді Иманов
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті бастаған қазақ батыры.

VI. Сергіту сәті

Видеоматериал арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Суретпен жұмыс және жұмбақтар

Сұрақтар

  • Суретте кімдер бейнеленген?
  • Балалар не істеп жүр?
  • Ата не істеп отыр/жүр?
  • Қай мезгіл бейнеленген?

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?

Жауабы: көктем

Қырға кілем жайылды.

Жауабы: қызғалдақ

Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.

Жауабы: қарлығаш

VII. Топтық жұмыс

1-топ

«Суретті сөйлет»

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.

2-топ

Кластер әдісі

Тақырып бойынша топтастыру жасау.

3-топ

Мақал-мәтел

Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу.

VIII. Қорытындылау және рефлексия

«Бағдаршам» әдісі: оқушылар стикерге жазып, тақтаға жапсырады.

Қызыл

Сабақты өте жақсы түсіндім.

Сары

Түсіндім, бірақ кейбір тұстарын толық меңгере алмадым.

Жасыл

Мүлде түсінбедім (қосымша түсіндіру қажет).

IX. Сабақты аяқтау

Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата — қыран ұялы.
Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған бар ғұмырын қияды.

М. Мақатаев

X. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау.
  • Атаның суретін салу.

XI. Бағалау және дерек

Мектеп

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№9 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалім

Әбікен Гүлжайна Дауылбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі