Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру
Жалпы мақсат
Оқушыларға санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша білім қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру және өзін-өзі бақылау мен бағалауға дағдыландыру. Сондай-ақ оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, мақсатына жетуге ұмтылдыру және Отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Түсіндіру
- Жеке жұмыс
- Көрнекілік
- Топтық жұмыс
Нәтиже күтілімі
- Көбейтіндіге бөлудің негізгі тәсілдерін меңгереді
- Формулаларды дұрыс қолданып, есеп шығарады
- Өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптасады
- Ұқыптылық пен жылдамдыққа машықтанады
Ынтымақтастық атмосферасы
Сабақ басында оқушылардың оқу құралдарының толық болуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын. Жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін қысқа өлең жолдары айтылады.
Сабаққа кіріспе
Шырылдады қоңырау — біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып, өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен, жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіріп, негізгі формулаларды жүйелейді.
«Миға шабуыл» сұрақтары
-
1) Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигура қалай аталады?
Жауабы: тіктөртбұрыш.
-
2) Ауданды қалай табамыз?
Жауабы: ұзындығын еніне көбейтеміз. S = a · b
-
3) Көлемді қалай табамыз?
Жауабы: ұзындығын, енін және биіктігін көбейтеміз. V = a · b · c
-
4) Фигураның периметрін қалай табамыз?
Жауабы: барлық қабырғаларын қосамыз.
-
5) Қандай қасиеттерді білеміз?
Жауабы: оқушылар өздері білетін қасиеттерді атап, мысал келтіреді.