Үйсіндердің орналасқан жері

Сабақ тақырыбы

Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер.

Сабақтың жалпы мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан аумағында қалыптасқан мемлекеттік бірлестіктердің бірі — үйсіндердің қоныстары, экономикалық жағдайы және қоғамдық құрылысы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Жаңа жағдайда білімді өз бетінше қолдануға ықпал ету, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастық орнату, жауапкершілік пен бірлесіп әрекет ету мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері бағаланады.

  • Отанға және өз тарихына деген сүйіспеншілігі артады.

Сабақ форматы мен көрнекіліктер

Сабақ түрі

Оқушылардың өз бетінше ізденуіне негізделген топтық жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Таратпа мәтіндер
  • Суреттер
  • Слайдтағы сызба-кестелер және сандар
  • Интерактивті тақта

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Жағымды атмосфера қалыптастыру

2) Топқа бөлу

Оқушылар сурет қиындылары бойынша топтастырылады. Әр топта басшы сайланады.

1-топ

Алтын тәж

2-топ

Жауынгер

3-топ

Қанжар

4-топ

Үйсіндердің картадағы орналасуы

3) 1-тапсырма: кіріспе сұрақтар

Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша өз ойларын білдіреді.

  1. «Тайпа» және «тайпалық одақ» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
  2. Қазақстан аумағын қай кезеңнен бастап тайпалық одақтар мекендеді?
  3. Қазақстан жерінде қандай тайпалар өмір сүрді?
  4. Бұл тайпалардың елімізді мекендеуі біздің ұлтымыздың қалыптасуына қатысы бар деп ойлайсыңдар ма?

4) Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс

Тақырып: Үйсіндер және үйсіндер туралы жазба деректер. Оқушылар оқулық пен берілген мәтінге сүйене отырып, топтық тапсырмаларды орындайды.

1-топ

Үйсіндердің орналасқан жері

2-топ

Үйсіндер туралы жазба деректер

3-топ

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

4-топ

Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы

Негізгі мазмұн (қысқаша)

Б.з.б. III ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттің алғашқы белгілері қалыптаса бастады. Осы үдерісте сақтардың этномәдени мұрагерлері саналатын үйсіндер ерекше орын алды.

Үйсін қоғамында ежелгі өркениетке тән бірқатар белгілер байқалды: мемлекеттік билік жүйесі, тұрақты әскер, елшілік дәстүрлері, сондай-ақ жазудың болғаны туралы деректер.

Жеке меншік кең тарады. «Үйсін» атауы қытай жазбаларында б.з.б. II ғасырдан бастап кездеседі. Үйсіндер Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарып, б.з.б. II ғасырда қалыптасқан Ұлы Жібек жолының маңызды бөлігіне ықпал еткен.

Қытай деректерінде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп сипатталады.

5) 2-тапсырма: сұрақтарға жауап

  1. Үйсіндер қай жерлерді мекендеген?
  2. Қытай деректерінде үйсіндер туралы не деп жазылған?
  3. Үйсін қоғамындағы әлеуметтік жіктелу туралы не айта аласың?
  4. Үйсіндер қандай елдермен қарым-қатынаста болды?

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы: әр топтан бір оқушы шығып, берілген сұрақтарға қысқа әрі жүйелі жауап береді.

6) 3-тапсырма: «Сандар сөйлейді»

Берілген сандардың тарихи мазмұнын түсіндіріп, оларды үйсіндер тақырыбымен байланыстырып талдау.

Сан

630 мың

Сан

188 800

Сан

4–5 мың

Кезең

б.з.б. II ғ.

Сан

1000

Сан

107

7) Қорытынды: тест жұмысы

Интерактивті тақта көмегімен тест орындалады.

1. Үйсін тайпаларының мекендеген жері:

  • A) Жетісу
  • B) Қызылқұм
  • C) Сарыарқа
  • D) Бетпақдала
  • E) Мырзашөл

2. Үйсіндер туралы «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп жазылған дерек:

  • A) Орыс жылнамаларында
  • B) «Авестада»
  • C) Қытай жазбаларында
  • D) Ибн Фадлан еңбегінде
  • E) Бехистун жазбасында

3. «Үйсін» атауы қытай жазбаларында кездесе бастаған кезең:

  • A) б.з.б. V ғасырдан
  • B) б.з.б. II ғасырдан
  • C) б.з.б. X ғасырдан
  • D) б.з.б. IX ғасырдан
  • E) III ғасырдан

4. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған:

  • A) Геродот
  • B) Арриан
  • C) Ксеркс
  • D) Қытай тарихшысы Сыма Цянь
  • E) Помпей Трог

5. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала:

  • A) Қызыл аңғар (Чигучен)
  • B) Пұшық Мардан
  • C) Шаш
  • D) Сарайшық
  • E) Бәбіш-Молда

6. Үйсін билеушісінің атауы:

  • A) Гуньмо (күнби)
  • B) Шаньюй
  • C) Патша
  • D) Бек
  • E) Қаған

7. Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдерінің атауы:

  • A) Бек
  • B) Көсем
  • C) Тархан
  • D) Абыз
  • E) Хан

8. Үйсін қоғамындағы қарапайым халық:

  • A) Абыздар
  • B) Малшылар мен егіншілер
  • C) Саудагерлер
  • D) Жауынгерлер
  • E) Абыздар

9. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғанын дәлелдейтін белгі:

  • A) Жер
  • B) Ат әбзелдері
  • C) Жерлеу орындары
  • D) Зындандар
  • E) Қора-қопсылар

10. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан ажырату үшін қолданған белгі:

  • A) Бояу жақты
  • B) Күйе жақты
  • C) Таңба салды
  • D) Жіп тақты
  • E) Ер-тұрман салды

8) Үй тапсырмасы

Үйсіндер туралы қосымша деректер тауып, қысқаша жазып келу.