Зарядты ашқан ғалым

Сабақтың тақырыбы

«Физика – құрметтеуге лайық!» интеллектуалдық ойыны

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтыру және жетілдіру.

Дамытушылық

Ойлау, бақылау, зерттеу және салыстыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Дәстүрлі емес сабақ түрі арқылы белсенділікті арттыру, өзін-өзі бағалауға, жетістігін сезінуге және әлсіз тұстарына сын көзбен қарауға үйрету; іскерліктер мен білім сапасын арттыру.

Сабақтың түрі және көрнекілігі

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Көрнекілігі

  • Нақыл сөздер
  • Плакаттар
  • Презентация

Ұйымдастыру кезеңі

  1. I Топтардың таныстырылуы
  2. II Табиғаттың сырын ашқан тұлғалар
  3. III Домино
  4. IV Құпия жәшік
  5. V Кім күшті?
  6. VI Капитандар сайысы
  7. VII Марапаттау

Сабақ барысы

«Таланттылар терін төгіп толғансын, тұлпарлары топ жарыста жүлде алсын!» — деп, бүгінгі «Физика – құрметтеуге лайық!» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кіріспе өлең

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық: физика — құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәнін де, табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Физикасыз түсіну мүмкін емес — физика дүние кілті бүгінде.

Айдан хабар алғызған, зәулім үйді салғызған,
Теңіз суын каналмен шөл далаға барғызған — физика емей немене?

Табиғат сырын аштырған, тоқпенен қазан астырған,
Миллион гектар астықты комбайнмен бастырған — физика емей немене?

Құтқарып ауыр бейнеттен, техниканы үйреткен,
Роботтай «адамға» тіл бітіріп сөйлеткен — физика емей немене?

Білмегенді білдірген, өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып, пайдасын елге тигізген — физика емей немене?

I. Топтардың таныстырылуы

Бүгінгі сайысқа қатысатын топтар:

Тұлпар Сұңқар Алғыр

II. Табиғаттың сырын ашқан тұлғалар

Әр дұрыс жауап: 5 ұпай

Бұл бөлімде әр топқа сұрақтар беріледі. Жауап топ болып талқыланып айтылады.

1) Ғалымның атын сипаттама арқылы табу

  • Оны «Сэр» деп атаған.
  • Классикалық механиканың атасы.
  • Күш өлшем бірлігі оның құрметіне аталған.

Жауап: И. Ньютон

2) Ғалымды суреті арқылы табу

Мониторда көрсетілген сурет бойынша ғалымды және ашқан жаңалығын атаңдар.

Жауап: Г. Галилей

3) «Зарядты» зерттеген ғалым

Жауап: Ш. Кулон

4) Қайсысы физик емес?

Архимед, Ньютон, Гагарин, Ломоносов, Паскаль, Торричелли

Жауап: Ю. Гагарин

5) Қысымды зерттеген ғалымдар

Жауап: Паскаль, Торричелли

6) Электрон зарядының мәнін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым

Жауап: Р. Милликен

III. Домино ойыны

Бірінші аяқтаған топқа: 5 ұпай

Берілген сөздерді тізбектеп орналастырыңдар: келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы керек.

Сөздер

Диффузия, атом, разряд, Кирхгоф, сәуле, фокус, магнит, Ампер, оптика, тізбек, ядро.

Мысал шешімі

Ампер → разряд → диффузия → ядро → оптика → атом → магнит → тізбек → Кирхгоф → фокус → сәуле

IV. Құпия жәшік

Әр топ жұмбақтың тақырыбын таңдайды. Жауап неғұрлым ерте айтылса, соғұрлым ұпай көп: 1-сөйлем — 5 ұпай, 2-сөйлем — 3 ұпай, 3-сөйлем — 2 ұпай, 4-сөйлем — 1 ұпай.

Жанды нәрсе туралы

  1. 5 ұпай: Көзі қырағы: жанған жарықты алыстан көреді.
  2. 3 ұпай: Жүрегіңнің қуаты шамамен 2 Вт.
  3. 2 ұпай: Ғұмырында 40 тоннаға жуық тамақ жейді.
  4. 1 ұпай: Жердегі ең ақылды кім?

Жауап: Адам

Қандай зат?

  1. 5 ұпай: Адам организмінде бар.
  2. 3 ұпай: Заттың үш күйінің біреуіне жатады.
  3. 2 ұпай: Үш күйде де бола алады.
  4. 1 ұпай: Жер бетінде онсыз өмір жоқ.

Жауап: Су

Қорапта қандай физикалық дене бар?

  1. 5 ұпай: Зерттеу жұмыстарында құрал ретінде қолданылады.
  2. 3 ұпай: Іші ауаға толы.
  3. 2 ұпай: Спортшы осы денемен дос.
  4. 1 ұпай: Шар тәріздес.

Жауап: Доп

V. Кім күшті?

Әр топтан бір оқушы шығып, көрсетілген формуланың атауын айтады. Мысалы: F₁ = −F₂ — Ньютонның үшінші заңы. Әр топқа 3 формула жасырылған. Егер қатысушы жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп, ұпайды иелене алады.

VI. Капитандар сайысы

Әр дұрыс жауап: 1 ұпай

«Тұлпар», «Сұңқар», «Алғыр» топтарының капитандарына 8 сұрақтан қойылады.

1-топ сұрақтары

Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларына ену құбылысы?
Диффузия
Заттың ең кішкентай бөлшегі?
Атом
Қысымды қандай аспаппен өлшейді?
Барометр
Ток күшінің өлшем бірлігі?
Ампер
Жұмыстың өлшем бірлігі?
Джоуль
Температура тұрақты болатын процесс?
Изотермиялық процесс
Молекулалары бейберекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі?
Газ
Сыртқы әсер болмағанда дененің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?
Инерция

2-топ сұрақтары

Физика нені зерттейтін ғылым?
Табиғатты (табиғат құбылыстарын)
Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар?
Екі: жұмыс істеу арқылы және жылу берілу арқылы
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
Джоуль
Кедергінің өлшем бірлігі?
Ом
Жылу берілудің түрлері?
Сәуле шығару, конвекция (және жылу өткізгіштік)
Ньютонның екінші заңының формуласы?
F = ma
Тізбекті жалғаудың қандай тәсілдерін білесің?
Тізбектей және параллель
Молекулалардың ретсіз қозғалысы?
Жылулық қозғалыс

3-топ сұрақтары

Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы?
Электр тогы
Кернеуді өлшейтін аспап?
Вольтметр
Зарядтың өлшем бірлігі?
Кулон
Қуаттың өлшем бірлігі?
Ватт
Таза металдардың кедергісі нөлге дейін төмендейтін құбылыс?
Асқын өткізгіштік
Атомның планетарлық моделін жасаған кім?
Э. Резерфорд
Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама?
Меншікті кедергі
Будың сұйыққа айналу процесі?
Конденсация

VII. Марапаттау және қорытынды

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз: бүгінгі күннің жеңімпаздарын марапаттау құрметі өздеріңізде.

Осымен «Физика – құрметтеуге лайық!» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!