Топ жұмысы

Атырау облысы, Атырау қаласы №3 мектеп-гимназиясы (орыс сыныптары)

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Юсупова Айнұр Мәдениетқызы

Сабақ тақырыбы: Сан есім

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

Слайд, оқулық

Сабақ әдістері

  • Мәнерлеп оқу
  • Ауызша сөйлеу
  • Тыңдап түсіну
  • Жазу
  • Жұппен сөйлеу
  • Сұрақ-жауап
  • Ынталандыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сан есім туралы толық мағлұмат беру; алған білімді пысықтау; теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы терең меңгерту.

Тәрбиелік

Сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөлу; топпен жұмыс арқылы ынтымақ, бірлік, жолдастық және өзара көмектесу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Жаттығулар арқылы білімді дамыту; өз бетінше орындау дағдыларын және топпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныппен сәлемдесу, түгендеу.

  2. II

    Үй тапсырмасы бойынша жұмыс

    Сөз таптарын еске түсіру және ажырату.

    Сөз таптары

    Зат есім Сан есім Сын есім Етістік Есімдік Үстеу Шылау Одағай Еліктеу сөз
  3. III

    Жаңа сабақ

    I топ: Сан есім дегеніміз не? Түрлерін атаңыз

    Сан есім — заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

    Имя числительное — часть речи, которая обозначает количество предметов и отвечает на вопросы: Сколько? Который?

    Мысалы: бір, екі, үш.

    Мағынасына қарай 6 түрі

    • Есептік — количественные
    • Реттік — порядковые
    • Жинақтық — собирательные
    • Бөлшектік — дробные
    • Болжалдық — предположительные
    • Топтау — разделительные

    Есте сақта

    Сан есім сөйлемде мөлшерді, реттілікті, жинақтауды немесе бөлуді білдіруі мүмкін. Сондықтан мағынасына назар аудару маңызды.

    II топ: Сан есімнің түрлері туралы толық мәлімет

    Сан есімнің жай түрі (простые числительные)

    0
    нөл
    1
    бір
    2
    екі
    3
    үш
    4
    төрт
    5
    бес
    6
    алты
    7
    жеті
    8
    сегіз
    9
    тоғыз
    10
    он
    20
    жиырма
    30
    отыз
    40
    қырық
    50
    елу
    60
    алпыс
    70
    жетпіс
    80
    сексен
    90
    тоқсан
    100
    жүз
    1000
    мың
    1 000 000
    миллион

    Сан есімнің күрделі түрі (составные числительные)

    • 11 — он бір
    • 15 — он бес
    • 19 — он тоғыз
    • 101 — жүз бір
    • 201 — екі жүз бір
    • 428 — төрт жүз жиырма сегіз
    • 666 — алты жүз алпыс алты
    • 1957 — бір мың тоғыз жүз елу жеті

    Жұрнақтар мен мысалдар

    Түрі Жұрнақтары Мысалы
    Реттік -ншы, -нші, -ыншы, -інші бірінші (первый)
    Жинақтық -ау, -еу (сұрағы: нешеу?) біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
    Болжалдық -дай, -дей, -тай, -тей қырықтай (около сорока)
    Топтау шығыс септік жалғауы арқылы бестен (по пять), оннан (по десять)
    Бөлшектік сегіз жарым, тоғыз жарым, бір жарым
  4. IV

    Өзіндік жұмыс: “Сан есім” мұхиты картасы

    “Аралдарға саяхат” форматы арқылы сан есімнің түрлерін қайталау және тапсырмалар орындау.

    Маршрут

    Есептік Реттік Жинақтық Топтау Болжалдық Бөлшектік

    1-арал: Есептік сан есімдер

    1-топ

    Біздің Отанымыз — Қазақстан. Аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырым. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-орында.

    2-топ

    Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы әр алуан. Қазақстанда 130-дай ұлт өкілі тұрады. Негізгі ұлт қазақтар республикада 52%-ды құрайды.

    2-арал: Реттік сан есімдер

    1-топ: “Жеті атаңды біл!”

    Көп нүктенің орнына реттік сан есімдерді қойып жазыңыз:

    • Атасы — бірінші
    • Әкесі — …
    • Баласы — …
    • Немересі — …
    • Шөбересі — …
    • Шөпшегі — …
    • Неменесі — …

    Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз: 2; 6; 11; 15; 29; 36; 44; 58; 69; 74; 88; 99; 199; 1840; 3689534

    2-топ: Септік жалғауларын еске түсіріңіз

    “Біріншісі” сөзін септеңіз:

    • Атау — …
    • Ілік — …
    • Барыс — …
    • Табыс — …
    • Жатыс — …
    • Шығыс — …
    • Көмектес — …

    Мына есептік сан есімдерді цифрмен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз: мың, жүз, сексен, бес, сегіз

    3-арал: Жинақтық сан есімдер

    1-топ: Мақал-мәтелдерден табу

    “Ауыз біреу, құлақ екеу.” “Би екеу болса, дау төртеу.”

    2-топ: Мақал-мәтелдерден табу

    “Атадан алтау туса да, басыңа бір жалғыздық түсер.” “Ағайын алтау, ана біреу.”

    4-арал: Болжалдық сан есімдер

    1-топ

    Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырып, сөйлем құраңыз: сегіз жүз…; қырық…

    2-топ

    Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырып, сөйлем құраңыз: елу…; сексен…

    5-арал: Топтау сан есімдер

    “Сағат неше?” деген сұраққа жауап беріңіз және мағынасына қарай ажыратыңыз (топтау/мөлшер/уақыт мәні).

    Нұсқа: бестен, оннан сияқты үлгілерді қолданып сөйлем құраңыз.

    6-арал: Бөлшектік сан есімдер

    1-топ: Диалог (мағынасына ажырату)

    Баласы: Әке, сағат неше болды?

    Әкесі: Сағат сегіз жарым болды. Қайда барасың?

    Баласы: Банкке.

    Әкесі: Банк нешеде ашылады?

    Баласы: Тоғыз жарымда ашылады.

    Әкесі: Онда не істейсің?

    Баласы: Ақша айырбастаймын.

    2-топ: Диалог (мағынасына ажырату)

    Баласы: Ана, сағат неше болды?

    Анасы: Сағат жеті жарым болды. Жұмысың бар ма?

    Баласы: Иә. Сайлау жұмыстарына байланысты “Нұр Отан” ғимаратына барамын.

    Анасы: Қай уақытта үйде боласың?

    Баласы: Сағат бір жарымда келемін.

  5. V

    Сергіту сәті

    Мына сандарды дұрыс атасаңдар, бір жануардың аты шығады.

    Тізбек 1

    9 – 6 – 8 – 5 – 6 – 40 – 6

    Тізбек 2

    1000 – 60 – 8 – 6

    Тізбек 3

    5 – 6 – 40 – 60

    Кеңес: алдымен әр санды сөзбен айтып шығып, содан кейін шыққан дыбыстардан сөз құрастырыңыз.

  6. VI–X

    Қалған кезеңдер

    • Топ жұмысы
    • Тақтамен жұмыс
    • Қорытынды
    • Үй тапсырмасы
    • Бағалау