Тірі организмдердің негізгі қасиеттері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға тіршіліктің алғаш пайда болуы, оның дамуы және тірі организмдердің негізгі қасиеттерін мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылық
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту; өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін арттыру; шығармашылық ізденісті жетілдіру және пәнге қызығушылықты күшейту.
Тәрбиелік
Өзіне сенімділікке, ізденімпаздыққа және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдістері
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары; түсіндірмелі-иллюстративті әдіс; баяндау; тірек-сызба; көрнекілік; әңгімелесу; озық тапсырма беру
- Көрнекіліктер
- Суреттер, тірек-сызбалар
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, эволюция негіздері, жаратылыстану, экология
Негізгі ұғымдар
Сабақтың жоспары
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сыныпты сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.
- Мақсат қою.
-
II. Үй жұмысын тексеру
«Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» қағидасына сүйеніп, сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру.
-
III. Үй жұмысын бекіту
«Сен білесің бе?» танымдық ойыны арқылы тақырыпты пысықтау:
- Биология қандай ғылым?
- Биологияның қандай салаларын білеміз?
- Тіршіліктің деңгейлері қандай?
- Табиғаттағы экологиялық факторлар қандай?
- Популяция дегеніміз не?
-
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге маржан»: баяндау, сипаттау, салыстыру және түйіндеу арқылы жаңа материалды меңгерту.
Жоспар
- Тіршіліктің анықтамасы.
- Тірі организмдердің негізгі қасиеттері.
- Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкілігі.
- Тірі организмдердегі зат пен энергия алмасуы.
Негізгі анықтама
Тіршілік — құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын күрделі биологиялық полимерлерге негізделген, өзін-өзі реттейтін, ашық жүйе ретінде зат пен энергия алмасатын, әрі өзіне ұқсас ұрпақ қалдыратын тірі организмдер жиынтығы.
Тірі организмдердің негізгі қасиеттері
Тірі ағзаларды өлі табиғаттан олардың өзіне тән қасиеттері арқылы ажыратуға болады:
- Химиялық құрамының біркелкілігі
- Заттар мен энергияның алмасуы
- Құрылымдық деңгейінің ұқсастығы
- Көбею
- Тұқымқуалаушылық
- Өзгергіштік
- Өсу мен даму
- Тітіркенгіштік
- Дискреттілік (оқшаулану)
- Өзін-өзі реттеу
- Ырғақтылық
Химиялық құрамның біркелкілігі
Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элемент болады. Дегенмен тірі ағзалар мен өлі табиғаттағы элементтердің мөлшері мен арақатынасы әртүрлі.
Өлі табиғатта оттектен бөлек кремний, темір, магний, алюминий сияқты элементтер жиірек кездеседі. Ал тірі ағзалардағы химиялық құрамның шамамен 98%-ын негізінен төрт элемент құрайды: көміртек, оттек, азот, сутек.
Бұл элементтер тірі ағзаларда күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта органикалық қосылыстардың басым бөлігі тірі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде қалыптасады.
Нуклеин қышқылдарының рөлі
Тірі ағзалардағы органикалық қосылыстардың негізгі тобына нуклеин қышқылдары — ДНҚ және РНҚ жатады. Олар тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізін құрайды және ақпараттың ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.
-
V. Білімді бекіту
Семантикалық карта және рефлексия арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.
Ұғым Мазмұны Жетекші белгі Тіршілік Құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын, өзін-өзі реттейтін ашық жүйе. «Бұл не?» Гомеостаз Организмнің ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы. Тұрақтылық Метаболизм Зат алмасу процесі: синтез және ыдырау реакцияларының жиынтығы. Алмасу Онтогенез Организмнің жеке дамуы (өмірлік циклі). Даму Сұрақтар
- «Тіршілік» ұғымына алғаш анықтама берген кім (немесе қандай ғалымдар еңбегімен байланысты)?
- Тіршілік дегеніміз не?
- ДНҚ мен РНҚ дегеніміз не?
- Тірі организмдердің негізгі қасиеттерін атаңдар.
- Метаболизм дегеніміз не?
- Дискреттілік дегеніміз не?
-
VI. Оқушыларды бағалау
Жауаптардың толықтығы, дәлелділігі және терминдерді дұрыс қолдануына қарай бағалау.
-
VII. Үйге тапсырма
§1 — оқу және мазмұндау.
Келесі сабаққа дайындық