Алтын қақпа тапсырмасы
Сабақ тақырыбы
Буын. «Не деу керек?» тақырыбымен байланысты тапсырмалар: 58–59-жаттығулар.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: буын ұғымы, жасалуы, мәні, құрамы туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: тілдік құбылыстарды талдап, мәнін ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: сауатты, көркем жазуға баулу; әдепті, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта
- Кесте, үлестірме қима қағаздар
- Слайдтар (күн суреті, тақырыптық суреттер)
Түрі мен әдістері
- Түрі: ертегі-ойын сабақ («Ғылымдар патшалығы — Ана тілі»)
- Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтау, талдау, ойын элементтері
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың психологиялық дайындығын тексеру. Көңіл күйді көтеретін шағын өлең жолдары:
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Қане, достар, күлімде,
Шаттық орнасын жүзіңде.
Слайдтан күн суреті көрсетіледі. «Ана сүті — бой өсіреді, Ана тілі — ой өсіреді» деген нақылға сүйене отырып, сабақтың ана тілі пәніне арналатыны айтылады.
Топқа бөлу және таныстыру
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа кубик беріледі. Кубик қырларындағы әріптерді біріктіріп, топ атауын шығарады:
1-топ: Дыбыс
Көзге көрінбейді, құлақпен естіледі, ауызбен айтылады.
2-топ: Әріп
Оқылады, жазылады, көзбен көріледі.
3-топ: Буын
Сөзді айтқандағы дауыс толқыны.
Үй тапсырмасын тексеру
- Өлеңді 3 топтан 3 оқушыға кезекпен оқыту.
- «Тауып оқу»: көрші атаның сөзін мәтіннен тауып оқу.
Топтық сұрақтар
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
- Дыбыс тобы: мұғаліммен қалай амандасу керек?
- Әріп тобы: үлкен атамен қалай амандасу керек?
- Буын тобы: досыңмен қалай амандасасың?
Ережені еске түсіру
Өлең ішіндегі жүгіріп, күліп, сүйсініп сөздері арқылы емле ережесі қайталанады:
Ереже: егер бірінші буында Ү дыбысы болса, екінші буында Ү естілгенімен, І әрпі жазылады.
Ойын: «Ойлан, қара, жаз!»
Дауысты дыбыстардың ішінен жұп дауыстыларды тауып, жазу. Әр топқа жұп заттардың суреті беріледі (мысалы, қолғап). Оқушылар сурет атауындағы жұп дауыстыларды белгілеп жазады.
Жаңа сабақ: «Ғылымдар патшалығы — Ана тілі»
Балаларға ертегі желісімен сабақ түсіндіріледі: Ғылымдар патшалығында әлемді таңқалдырған бір сарай бар. Ол — Ана тілі патшалығы. Бұл сарайға жалқаулар мен бейқамдар кіре алмайды, ал білімге ұмтылған оқушыға үш қақпа ашылады.
1-қақпа: Тас қақпа
1-тапсырма: «Суреттер сөйлейді»
Слайдтағы суреттер: балық, уық, ыдыс, нан. Әр сөздің бірінші әрпін алып, жаңа тақырып атауын шығару: Буын.
Түсіндіру: «Буын» ұғымы
- Буын — сөзді айтқандағы дауыс толқыны.
- Қазақ тілінде дыбыстар буын құрайды.
- Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді.
- Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысал: от, жер сөздерінде 1 дауысты дыбыс бар, демек — бір буынды сөздер.
2-тапсырма: «Суретті билет» ойыны
Үлестірме қима қағаздардағы суреттер бойынша заттардың атын айту, сөздерді буынға бөліп оқу.
Қорытынды ереже: сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сиқырлы сөз: «Ашыл, ашыл, Тас қақпа!»
Музыка ойналып, қақпа ашылады.
2-қақпа: Күміс қақпа
Ұранымыз: «Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік!»
1-тапсырма: Дәптермен жұмыс
1 – 2 – 3
Сынып іші тып-тыныш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық!
Көркем жазу минуты: Ұұ әрпін жазу. Мысал сөйлем: «Ұшақ ұшты.»
58-жаттығу
Сөздерді буынға бөліп оқу және дәптерге жазу (туыстықты білдіретін сөздер).
Тақырыптық ой: «Кішіпейілділік — кісілік белгісі.»
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сиқырлы сөз: «Ашыл, ашыл, Күміс қақпа!»
Музыка ойналып, күміс қақпа ашылады.
3-қақпа: Алтын қақпа
Ұранымыз: «Ізденген жетер мұратқа!»
1-тапсырма: 59-жаттығу
Мақалды оқып, әр сөздегі дауысты дыбыстар санын анықтау; соған сәйкес буын санын айту.
2-тапсырма: «Не деу керек?» өлеңі
Өлеңмен танысу, авторы Әнуар Дүйсенбиев туралы қысқаша мәлімет беру (өмірі мен шығармашылығы).
Сыпайы сөздерді талдау: «Рахмет», «Кешіріңіз», «Рұқсат па?», «Жарайды».
Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды: әр топ 1 шумақтан оқиды.
Сиқырлы сөз: «Ашыл, ашыл, Алтын қақпа!»
Музыка ойнап, алтын қақпа ашылады.
Алтын сандық тапсырмалары
Алтын қақпаның ішінде алтын сандық бар. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сандықтың кілті сендерге беріледі.
Тапсырма №1
Сыпайы сөздерді айту және жағдаятпен байланыстыру.
Тапсырма №2: «Иә — жоқ»
- 1) Әліпбиде 42 әріп бар — иә
- 2) Дыбыстар 4-ке бөлінеді — жоқ
- 3) «Бала» — 1 буынды сөз — жоқ
- 4) Дауысты дыбыс қанша болса, буын сонша болады — иә
- 5) «Балық» жуан айтылады — иә
- 6) Дауыссыз дыбыстар буын құрайды — жоқ
- 7) Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді — иә
- 8) «Тәте» жуан айтылады — жоқ
Тапсырма №3: Топтық жұмыс
Берілген буындар арқылы сөз құрастыру.
Керекті буындар
быз, бақ, ші
- Дыбыс тобы: қаң..., би...
- Әріп тобы: жұм..., қар...
- Сөз тобы: қо..., қа...
Қорытынды: Ана тілі патшалығы сендердің жылдам әрі дұрыс жұмыс істегендеріңе риза. Алтын сандықтың кілті сендерге табысталады.
Бағалау және қорытынды
Сабақ соңында белсенділігі мен тапсырманы орындау сапасына қарай оқушылар марапатталады:
-
«5»
Алтын сандықтан — алтын қалам.
-
«4»
Дәптер.
-
«3»
Өшіргіш.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мақалды жаттау.