Кім шапшаң
Бастауыш сыныппен қоштасу
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін — қуанышты да, әсерлі күн. Осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгінде бойы да, ақыл-ойы да өсіп, бастауыш мектепті аяқтап, орта буынға қадам басқалы отыр.
Шаттық шеңбері
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын,
Деніміз сау болсын,
Еліміз аман болсын.
Бүгінгі мақсат
- Төрт жыл бойы алған білімімізді ата-аналарымызға және ұстаздарымызға көрсету.
- Ойын-сабақ арқылы болашақта Қазақстанның туын биікке көтеретін білімді, алғыр балаларды анықтау.
- Жарыс сабақ болғандықтан, топқа бөлініп, тапсырмаларды шапшаң әрі дәл орындау.
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай, тәлім-тәрбие алар ма?
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік болса — сол алар.
І айналым — «Біліміңді мықта»
Бұл бөлімде оқушылардың есептеу дағдысы, логикалық ойлауы және шапшаңдығы сыналады.
Топтарға бөлу
Тапқырлар
- 324 × 5
- 615 × 3
- 232 × 4
Алғырлар
- 512 × 3
- 610 × 5
- 224 × 2
Кім шапшаң?
1-топ
- 65 − (27 − 34 : 2) × 3
- (415 + 814) × (48 − 37)
2-топ
- 12 × (53 − 48) − 84 : 7
- 2147 − 314 × 5 + 618
Теңдеулер
1-топ
- x × 12 = 15 × 4
- 5 × x = 7 + 28
2-топ
- x + 10 = 564
- 18 : x = 81 : 9
Кім жылдам? (есеп)
Ара қашықтығы 48 км екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы велосипедші мен жаяу адам шықты. Олар 2 сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 20 км/сағ. Жаяу адамның жылдамдығы қанша?
Қызықты сұрақтар
- Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды. (Сабақ)
- Жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын. (Мамық)
- Жұмыртқа қалайша үш метр ұшып, жарылмауы мүмкін? (Одан алысқа лақтырса)
Сұрақтар (I және II нұсқа)
I нұсқа
- Ұзындығы 9 см, ені 7 см тік төртбұрыштың ауданы неше?
- Ұзындығы 11 см, ені 8 см тік төртбұрыштың периметрін тап.
- Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
- x × 6 = 18. x нешеге тең?
- 1 ғасырда неше жыл бар?
- 1 тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең?
II нұсқа
- Қабырғасы 8 см шаршының ауданы неше?
- Ұзындығы 6 см, ені 4 см тік төртбұрыштың периметрін тап.
- Әлібек бір айда 7 қызықты ертегі оқыды. Осы қарқынмен бір жылда қанша кітап оқиды?
- 2700 : x = 9. x нешеге тең?
- 1 айдың 1/3 бөлігі нешеге тең?
- Айжан бір айда 5 қызықты әңгіме оқыды. Осы қарқынмен бір жылда неше кітап оқиды?
ІІ айналым — «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Бұл бөлім ана тілі мен әдебиетке қатысты: мақал-мәтелді толықтыру және мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Мақал-мәтелді толықтыр
- Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды).
- Бірлігі жоқ ел тозады, (бірлігі күшті ел озады).
- Өнер алды — бірлік, (ырыс алды — тірлік).
- Білекті бірді алады, (білімді мыңды алады).
- Еңбексіз өмір — (сөнген көмір).
- Білімсіз адамның сөзі білектей, (білімді адамның сөзі жібектей).
- Жаман аттан аяғым артық, (жаман жолдастан таяғым артық).
Сұрақтар
- Қаздың тұзаққа түсуі қай ертегіде кездеседі? (Ұр, тоқпақ)
- «Түн ұйқысын төрт бөліп…» деген жолдар кім туралы? (Ана)
- Жырды айтушы адамды қалай атайды?
- Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?
- Құрманғазының анасының аты кім?
- «Енді қайттім? Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылу керек…» — сөйлесудің қай түріне жатады?
ІІІ айналым — «Тіл өнері»
- Денсаулық — зор байлық.
- Аттан тай озады, атадан кім озады? (бала)
- Не оттан да ыстық? (Отан)
- Сөзі дана, үйі жоқ; сөйлемейді, тілі жоқ. (кітап)
- Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (қол)
- Ашу дұшпан болса, ақыл — (дос).
- Қанаты бар — ұшпайды, су астында қыстайды. (балық)
Қазақстан — «Сөз мерген».
IV айналым — Дүниетану: «Қызықты сұрақтар»
Жануарлар әлемі
- Суда туып, құрғақта өмір сүреді. (Бақа)
- Қалталы аң. (Кенгуру)
- Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? (Мүйіз)
- Пингвин — құс па, аң ба? (Құс)
- Не арқасымен алма жинайды? (Кірпі)
- Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді? (Тасбақа)
- Қай жануар қыста ұйықтайды?
- Ақ жолағы бар талды ата. (Ақ қайың)
- Басын төмен қаратып не ұйықтайды?
- Ара біреуді шаққаннан кейін несін жоғалтады? (Инесін)
Сен білесің бе?
- Қай кірпінің тікені кірмейді? (Жаңа туған кірпі)
- Шайдың отаны. (Үндістан)
- Дүниежүзіндегі халқы ең көп мемлекетті ата.
- Дүниедегі ең кішкентай жылқы. (Пони)
- Ең кішкентай құс. (Колибри)
- Ең үлкен балық. (Кит)
- Ең үлкен құс. (Түйеқұс)
- Ең алып құс. (Самұрық)
- Ең салмақты жануар. (Піл)
- Ең ауыр жануар. (Кит)
- Суыққа ең төзімді құс. (Қаз)
V айналым — «Ұшқыр ой»
Бұл кезеңде әдебиет, тіл білімі және математика бойынша қысқа әрі нақты сұрақтарға жауап беріледі.
1-топ
- «Балама хат» өлеңінің авторы кім?
- 1 т — неше центнер?
- I жақтың тәуелдік жалғауы.
- Исатайдың баласы.
- 7² нешеге тең?
- 0¹ нешеге тең?
- «Алпамыс батыр» шығармасы қай түрге жатады?
- Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2-топ
- «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?
- 1 ц — неше кг?
- III жақтың тәуелдік жалғауы.
- Қабанбайдың азан шақырып қойған аты.
- 8² нешеге тең?
- Кез келген санды нөлге көбейтсек, не шығады?
- «Ғажайып бақ» әңгімесі шығарманың қай түріне жатады?
- Қашықтықты қалай табамыз?
Қорытынды
Енді жеңімпаз топ анықталады. Марапаттау рәсімі өтеді.
Білімнің негізі қаланатын бастауыш сыныппен қоштаса отырып, өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз.
Монтаж.