Жоғары - төмен үйрек, қазҰшып тұрса сымпылдап
Абай Құнанбаев
Жаз
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда:
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда:
Шұрқырап жатқан жалқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, билер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап.
Жалшы алдаған жас бала
Жағалайды шешесін:
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйге атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен:
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап,
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген,
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы,
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жоқ,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап,
Экологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар
Қазіргі мезгіл үстеулер
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар
Амал пысықтауыштың түрлері
Бастауыш сыныпта жазу мен тіл дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы
Мезгіл устеулері
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Бірыңғай мүшелердің байланысы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Қазіргі уақытта қалыпты температурада тұтқырлығы жоғары мүнайларды, немесе парафин мөлшері
Бюджет тапшылығының проблемалары және бюджет тапшылығының болу себептері , оны төмендетудің әдістері .
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі кездегі инфляция жағдайын сипаттап, оның төмендету жолдарын көрсетіңіз
Жоғары қысымдағы газдарды тазалау
Теміртау - Республикадан тыс жерлерге танымал керемет шығармашылық ұжымдардың және мәдениеті жоғары дамыған қала
ХІІ қабырға бүйректің артқы бетін ортасынан