Сабақтың нәтижелері
Сабақтың тақырыбы
Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Экологиялық дағдарыстардың көрініс беруі.
Білімділік мәні
- Экономиканы басқаруда өзгерістер енгізуге бағытталған әрекеттерді түсіндіру.
- Өнеркәсіптегі өндірушілік–шикізаттық бағыттың жалғасуын ашып көрсету.
- Экологиялық дағдарыс және оның салдары туралы мәлімет беру.
Дамытушылық мәні
- Өнеркәсіптегі өндірушілік–шикізаттық бағдар мен экологиялық дағдарыстың пайда болу себептерін айқындау.
- Қазіргі Қазақстанның өнеркәсібі мен экологиялық жағдайына байланысты қорытынды ой қалыптастыру.
Тәрбиелілік мәні
- Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақтың типі
Іздену сабағы.
Сабақтың әдістері
- Суреттерді пайдаланып баяндау
- Әңгімелесу
- Өзара белсенділікті арттыру әдістері
- Топтық және өзіндік жұмыстар
Оқыту ресурстары
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Кестелер
- Кеспелер
- Оқулық және қосымша материалдар
Базалық білім
Бұл тақырыпты меңгеруге «Экономикалық реформаларға талпыныс. Әлеуметтік даму» атты параграфта қарастырылған мәселелер негіз болады.
Тірек ұғымдар
Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару
Кәсіпорындарға дербестік беру
Отын-энергетика кешенінің жоғары қарқынмен дамуы
Өндірушілік–шикізаттық бағыт
Экологиялық дағдарыс және оның зардаптары
Семей атом полигоны
Арал теңізінің тартылуы
Күтілетін нәтижелер
Біледі
- 1960-жылдардың ортасында өнеркәсіпті басқаруға енгізілген өзгерістердің мәнін, барысын және нәтижесін.
Түсінеді және қолданады
- Ауыр өнеркәсіптің дамуын мысалдармен сипаттайды.
- Қазақстан өнеркәсібіндегі өндірушілік–шикізаттық бағыттың мәнін, себептері мен мақсатын талдайды.
- Экологиялық дағдарыстың көріністері мен салдарларын сипаттайды.
Сабақтың барысы мен құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- а) Сәлемдесу.
- ә) Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- в) Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
- г) Оқушыларды топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйде орындалған тапсырмалар талданып, негізгі тұжырымдар нақтыланады.
III. Өткен тақырыпты қорытуға арналған тапсырмалар
Әр топқа төмендегі тапсырмалар ұсынылады:
- I топ: Венн диаграммасы арқылы салыстыру.