Қабанбай батыр мультфилмін көрсету

Бастауыш сыныптарға арналған қысқа мерзімді жоспар

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Асылбекова Калдыгүл Алтынбековна

Пән

Әдебиеттік оқу

Сынып

2-сынып

Тақырыптар

  • 1 Бала Қабанбай
  • 2 Шоқан мен өнерлі бала Мысық
  • 3 Құрманғазы ата
  • 4 Ыбырай ата

Сабақ тақырыбы

Бала Қабанбай

Жалпы мақсаттар

  • Берілген өлеңді 1 минутта 55 сөз қарқынымен мәнерлеп оқу.
  • 10 минут ішінде Қабанбайдың балалық шағы мен туған жері туралы түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Қабанбай батырдың балалық шағы туралы біледі.
  • Көркем, бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
  • Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Оқыту әдістері

Үлкен сақина – кіші сақина Ассоциация Болжау Бес жолды өлең

Дереккөздер мен ресурстар

Оқулық және материалдар

  • Тұрғынбаева Б. А., Муфтибекова. Әдебиеттік оқу. Алматыкітап баспасы, 2013.
  • Қазақ батырларының суреттері.
  • Кейіпкерлердің суреттері.
  • Стикерлер, түсті қағаз.

Бағалау және қолдау

  • МАН (әдістемелік нұсқаулық материалдары).
  • Өзін-өзі бағалау парағы.
  • Смайликтер арқылы кері байланыс.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

  • Диалогтік оқыту арқылы талқылау.
  • «Үлкен сақина – кіші сақина» әдісімен қайталау.

3) Топқа бөлу

Оқушылар 3 шағын топқа бөлінеді:

1-топ: Садақ 2-топ: Найза 3-топ: Қылыш

4) Қызығушылықты ояту

  • АКТ қолдану: Қабанбай батыр туралы мультфильм көрсету.
  • Сын тұрғысынан ойлауға бағыттау (жас ерекшелігін ескере отырып).
  • «Ассоциация» әдісі: мультфильм кейіпкерінің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

5) Мағынаны тану

Негізгі сұрақ

Балалар, бүгінгі сабақ кім туралы деп ойлайсыңдар?

Әдіс

Болжау әдісі

Жетелеуші сұрақтар

  • Өлең не туралы болуы мүмкін деп ойлайсың?
  • Бала Қабанбайдың балалық шағы қандай болуы мүмкін?
  • Қазіргі кездегі сенің балалық шағыңмен ұқсас тұстары бар ма?
  • Неліктен олай ойлайсың?

Оқу тапсырмасы

Жекелеген оқушыларға өлеңді дауыстап оқыту.

Дәптермен жұмыс

Тақырыпқа қатысты жазылым тапсырмаларын орындау.

Сергіту сәті

«Жорға жарыс» ойыны арқылы сергіту.

6) Қозғалыс ойыны арқылы сұрақ-жауап

Ойын

«Ұшақ ұшыру» ойыны: сұрақтар жазылған қағаздарды бір-біріне жіберу.

Ұйымдастыру тәртібі

Үш топ сағат тілі бағытымен айнала отырып, бір-біріне сұрақтар жолдайды.

Мысал сұрақтар

  • Қабанбай батырдан басқа қандай батырларды білесіңдер?
  • Бүгінгі заманда Қабанбай сияқты батырлар бар ма? Неліктен?

7) Қорытынды

Әдіс

«Бес жолды өлең»

Әдістің құрылымын түсіндіріп, тақтаға үлгісін іліп, оқушыларға өлең құрастыру тапсырмасы беріледі.

Нәтижені бекіту

Оқушылардың жауаптары мен шығармашылық жұмыстарын тыңдау, қысқаша талқылау.

8) Үй тапсырмасы

Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығу және тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау.

9) Рефлексия

Мен бүгін не үйрендім?

Қысқа жауап жазу.

Сабақ несімен қызық болды?

1–2 оймен бөлісу.

Маған түсініксіз болғаны

Қандай сұрақ қалды?

Ескерту

Қажет болған жағдайда жоспардың толық нұсқасын жүктеп алуға болады.