Тазалықты үйрену

Сабақтың мақсаты

  • Оқушы бойына тазалық пен әдепті сіңіру; эстетика, этика, психология және имандылық, сенім мен төзім арқылы бала зердесіне ғибрат беру.
  • Баланың бойында тұрақты түрде тазалық пен әдеп дағдыларын дамыту.
  • Болашақ ұрпақты иманды етіп тәрбиелеу.

Әдісі

Эвристикалық, проблемалық.

Көрнекіліктер

Таблица, суреттер.

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай: аялайды, жылытады. Ендеше, қолымызды созып, күннен жылу алайық.

Барлығы

Күн жарығын алақанға саламыз,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді болып,

Кетеді сонда мына жан-жағым.

Жүрегіміздегі осы жылумен бір-бірімізбен амандасайық:

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Рахмет.

II. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру

Ғибрат деген не?

  • Ата-баба салт-дәстүрін үйрену.
  • Ырым-тыйымдарды меңгеру.
  • Имандылықты үйрену.

Иманды адам қандай мақсатқа жетеді?

  1. Өзі иманды адам өзгеге жамандық жасамайды.
  2. Шыққан тегін, жаратылыстың Алладан екенін таниды; ұстазын, ата-анасын, жүрген ортасын сыйлайды, өзі де сыйлы болады.
  3. Екіжүзді болмайды; жалған сөз бен жалған ант екіжүзділіктің көрінісі.
  4. Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді тұлға болып қалыптасады.
  5. Мұндай тәрбиемен өскен бала ертең елге қызмет ететін азаматқа айналады.
  6. Білімді әрі биік болса да, кішіпейіл болады; мансапқорлыққа ұрынбайды.

III. Оқушыны саналы меңгеруге дайындау

Балалар, алдымен жақсылықты кімге жасау керек?

Өзіме
Үй-ішіме
Туған-туыс, көршіге
Көшеге, туған ауылыма
Отаным Қазақстанға: табиғатты қорғау, шекараны қорғау

Дұрыс.

Ендеше, қолымыздағы бес саусақты салалап көрейік:

1

Жан

2

Тән

3

Рух

4

Ақыл

5

Көңіл

IV. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта жан мен тәнге қажет тазалық пен әдеп мәселесіне тоқталамыз.

Тазалық

Тазалық — адамның өз денесін, киімін, жүрген жерін және отырған орнын таза ұстауы.

Әдеп

Әдеп — тек жақсылыққа тәрбиелену, адамгершілік қағидаларды ұстану.

Әдепті бала болу үшін не істеу керек?

  1. Тазалықты үйрену.
  2. Иманды болу.
  3. Қайырымды болу.

V. Сұрақ–жауап

Тазалық деген не?

Тазалық — адамның өз денесін, киген киімін, жүрген жерін және отырған орнын таза ұстауы.

Иман деген не?

Иман — сенім.

Неге сенеді?

  1. Аллаға
  2. Періштеге
  3. Пайғамбарға
  4. Құран-Кәрімге
  5. Ақырет күннің бар екеніне
  6. Өліп-тірілуге
  7. Осының бәрі Алладан екеніне

Әдеп деген не?

Әдеп — жақсылыққа тәрбиелену, мінез-құлық мәдениетін сақтау.

VI. Ой шақыру

Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма? Имансыз — дінсіз. Дінсіз — өзіне өзі сенім артпайтын адам; мұндай ортадан қоғамға пайдасыз, тіпті зиян келтіруі мүмкін ұрпақ өсіп шығуы ықтимал.

Қорытынды

Имандылық тәрбиесін тек діни қағидалармен ғана шектеу — қате түсінік. Ислам біздің тарихымызбен, наным-сенімімізбен, мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, ғылымымызбен, экономикамызбен, педагогикамызбен және дүниетанымымызбен тығыз байланыста.

Имандылық — жаманды ажырата білу, ойлаған мақсатын адал ниетпен орындау, ой-пиғыл тазалығын сақтап, болашаққа сеніммен қарау.