Фариза Оңғарсынова өлеңіӘкемеӘкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса - дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Халқымыздың дарынды ақындары
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Оңғарсынова Фариза
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім