Мағынасы жуық сөздер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Қарсы мағыналы сын есім
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Технология
Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану
Әдіс-тәсілдер
Ой қозғау Түсіндіру Шығармашылық жұмыс Сұрақ-жауап Талдау
Көрнекіліктер
Тақырыпқа байланысты слайдтар, кеспе қағаздар.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру, сын есімдерді сөйлеу барысында орынды қолдануға жаттықтыру.

Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға, сауатты жазуға және білімге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Бағдарлау–мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

Психологиялық жаттығу:

Біз жайнаған гүлдейміз.

Шуағын шашқан күндейміз.

Үй тапсырмасын тексеру, қызығушылықты ояту

Төмендегі сөздерге назар аудар:

  • Ақ, көк, сұр, құла, күрең
  • Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа
  • Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр
  • Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ
  • Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы

Сұрақтар

  • Бұл сөздер заттың нені білдіреді?
  • Сын есім дегеніміз не?
  • Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сын есім туралы ереже және түрлері

Ереже

Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Құрамына қарай түрлері

Негізгі Туынды Дара Күрделі

Мысалдар

  • Негізгі: қара шалбар, таза дәптер
  • Туынды: кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел
  • Дара: көк, көкшіл, көкпеңбек
  • Күрделі: көк ала, қара ала

Сөз мағынасы туралы әңгіме

  • Суреттер көрсетіліп, олардың аттары айтқызылады: «Оны немен атаймыз?» (сөзбен).
  • Сөз деген не? (зат, ұғым атауы).
  • Сөз мағынасының түрлері туралы не білеміз?

Мағына түрлеріне мысал

  • Мағынасы жуық (мәндес): мейірімді, қайырымды, иманды
  • Мағынасы қарама-қарсы: жас–кәрі, сулы–құрғақ
  • Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа: омоним сөздер (мысал келтіру)

Нақтылау

Үлкен – кіші жұбы — мағынасы қарама-қарсы сөздер. Себебі екеуі де бір сөз табына жатады және бір-біріне қарсы ұғымды білдіреді.

Мәндес сөздер де бір сөз табына жатады, мағыналары жақын болғандықтан бірінің орнына бірі қолданыла алады.

II. Операциялық–орындаушылық кезең: жаңа тақырып

Әңгіме қозғау (Қазақстан туралы сұрақтар)

  • Қазақстан қандай ел?
  • Елбасымыз кім?
  • 1 желтоқсан қандай күн?
  • Қазақстанның болашағы сендерсіңдер: қандай азамат болып өсу керек?

Қарсы мағыналы сөздерді табу

бай кедей
үлкен кішкентай
көп аз
тату араз
білімді сауатсыз

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз. Жұптарды салыстыру арқылы табамыз және арасына сызықша қойып жазамыз.

«Антоним» сөзі грек тілінен шыққан: anti — қарсы, onoma — атау.

III. Сызба арқылы жұптастыру

Берілген сөздер

  • Қысқа жең
  • Алыс
  • Арзан
  • Ауыр
  • Жаз
  • Суық
  • Биік
  • Сау

Қарама-қарсы мағыналары

  • ұзын жең
  • жақын
  • қымбат
  • жеңіл
  • қыс
  • ыстық
  • аласа
  • ауру

IV. Көркем жазу

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Өзін-өзі бағалау (сигналдық карточкалар)

  • ! Мен өз жұмысымa қанағаттанамын.
  • + Мен өз жұмысымa толық қанағаттанбаймын, қателер бар.
  • - Мен жиі қателестім.

V. Жұмбақ шешу

Абайдың жұмбағы

«Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?»

Шешуі

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық — болды сегіз. (Абай)

Қосымша жұмбақтар

  • Асты тігілген, үсті сөгілген. — Қап
  • Аяғы бар, басы бар, арқалаған тасы бар. — Тасбақа
  • Түнде бар, күндіз жоқ. — Жұлдыз

VI–VII. Оқулықпен жұмыс және сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

№14 тапсырма, 138-бет.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту жаттығулары.

«Сөз мерген» (мақал-мәтел бойынша тапқырлық сайысы)

«Жақсы» сөзіне қатысты (Ай, Күн сөздерімен)

  • Жақсы сөз — жарым ырыс.
  • Жақсы — Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
  • Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.

«Білім» сөзіне қатысты (кітап, қымбат, жібек, сөз)

  • Кітап — білім бұлағы.
  • Білім — қымбат, білу — қиын.
  • Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі — білектей.

VIII. «Дұрыс ойла!» тапсырмасы

Қате ойлар (талдау үшін)

  • Жастайыңнан еріншек бол.
  • Еріншектік бәрін де жеңеді.
  • Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді.
  • Ол адамды қорқақ атандырады.

Дұрыс нұсқа (түзету)

  • Жастайыңнан еңбекқор бол.
  • Еңбек бәрін де жеңеді.
  • Еңбек адамды қуанышқа бөлейді.
  • Ол адамды батыр атандырады.

IX–X. Ойын және шығармашылық жұмыс

«Өз жартыңды тап» (оқыта-үйрету ойыны)

Мағынасы қарама-қарсы сөздер беріледі. Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.

Жатқа жазу

Жомарт дос көбейтеді, сараң мал көбейтеді.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Суретпен жұмыс

Суреттерге қатысты сын есім ойлап, сөйлем құрап, талдау жаса.

XI. Рефлексия және қорытынды

«Данышпандар кітабы» ойтолғау

Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады: күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы — табиғи құбылыс. Ал бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы-жаман әрекетіне байланысты.

Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе — білгір болады, аз түйсе — надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкентай кезінен таныса, жастық шағы кемелденіп, ардақты кәрілікке жетеді.

Тапсырма

Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

XII. Қарсы мағыналы «қызық сөздер»

Ыстықта туып та,

Шыдаймыз суыққа.

Ащы терім ақты,

Жеміс өсті тәтті.

Халқың үшін жаныңды сал:

Қарғыс алма, алғыс ал!

Ақылсыздар ұқпайды:

Аққа қара жұқпайды.

XIII. Семантикалық картамен жұмыс

Тапсырма

Мысалдардан сын есімдерді белгілеп, сөз табын ажырат.

Мысалдар Зат есім Сын есім Етістік
Ащы – тәтті ащы, тәтті
Күн – түн күн, түн
Қуану – ренжу қуану, ренжу
Ақ – қара ақ, қара

Ойын: «Сөйлемді аяқта!»

Оқушылар берілген сөйлемдерді мағынасына сай жалғастырады.

Бағалау

Оқушылар өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасы

Негізгі тапсырма

№18 тапсырма, 139-бет. Ережені жаттау.

Қосымша тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, антонимдерді тап:

  1. Өлі арыстаннан … тышқан артық.
  2. Еріншек егіншіден … масақшы озады.
  3. Палуанға оң … бірдей.
  4. Ит үреді жақсыға да, … да.