Талатты және дарынды балаларды оқыту
Алматы облысы, Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі Алимова Ильмира Абдуллаевна
Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес, жас ұрпаққа білім беру ісінде оқушының жеке-даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән беру қажет. Оқушының мектепте алған білімі бүкіл өмірлік азығы болатындай деңгейде жүйелі білім беру, оны өмірге дайындау және мамандық таңдауға бағыттау — бүгінгі қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды міндеттерінің бірі.
Сапалы білім мен саналы тәрбие — ел ертеңінің негізі
Бүгінгі жас ұрпақ — ертеңгі ел тірегі. Сондықтан сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» — деген болатын. Бұл ой әр ұстаздың кәсіби жауапкершілігін терең сезінуге жетелейді.
Жаңа ғасыр талабы: тәжірибені саралау және жүйелеу
Жаңа ғасыр — ерекше кезең. Бұл уақытта ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибеміз бен бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп, ой қорытылып, нәтижесінде белгілі бір жүйеге келуі — өмір талабы. Қазақ нақылында: «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең, соны орасың» — делінеді. Демек, болашақтың сапасы бүгінгі білім мен тәрбиенің мазмұнына тікелей байланысты.
Ұлттық дербестік пен әлемдік бәсекеге қабілеттілік
Замана ағымына сай қазіргі міндет — халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал ететін негізгі күш — жастарға білім мен тәрбие беретін мектеп.
Қазақтың дарынды ұстазы А. Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» — деген. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары.
Бастауышта жаңаша оқыту: әрекетке негізделген сабақ
Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды, баланың оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін мақсатты ұйымдастыруды талап етеді. Баланың жеке тұлғалық дамуының басты кепілі — сабақтың әрекет теориясына сәйкес құрылуы.
Мектептің мақсаты: ой-өрісті жан-жақты дамыту
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат — оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Баланы жан-жақты дамыту — тек дене бітімінің өсіп-жетілуі емес, сонымен бірге жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабілеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасатты ой мен көзқарасының қалыптасуы.
Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыру оқушылар санасына терең әсер етеді. Сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлеп, сүйе біледі. Бұл құндылықтардың негізі бастауыш сынып табалдырығында қаланады.
Қазіргі заманғы оқыту әдістері: жеті модуль
1
Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер
Оқушының белсенді қатысуын күшейтіп, бірлескен оқу мен диалогті оқытуға сүйену.
2
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Дәлелдеу, салыстыру, талдау арқылы дербес ой қорыту дағдыларын дамыту.
3
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс пен айқын критерийлер арқылы оқудың сапасын арттыру.
4
АКТ-ны пайдалану
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы қызығушылық пен қолжетімділікті күшейту.
5
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қабілет ерекшеліктерін ескеріп, тереңдетілген тапсырмалар мен қолдауды жүйелеу.
6
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқушының жасына сай психологиялық және танымдық мүмкіндіктерін ескеру.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Мұғалім көшбасшылығы арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру, ынтымақтастық орнату және мектеп мәдениетін дамыту.