Сұраққа жауап беруі

Сыныптан тыс жұмыс Кәсіптік бағдар Топтық сайыс

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты

Бұл сайыс-сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру, еңбекке баулу, жеке тұлғаны дамыту, адамгершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ ұжымдық еңбекке үйрету.

Қатысушы топтар

  • «Жарық»
  • «Электрон»

Ұйымдастыру

Сабақ сайыс түрінде өтетіндіктен, төрешілер алқасы тағайындалып, бағалау парақтары ұсынылады. Ұпайлар 0–3 аралығында қойылады.

Жүргізуші сөзі (кіріспе)

Армысыздар, құрметті ұстаздар, шеберлер, оқушылар! «Ел ертеңі — білімді ұрпақ» апталығы аясында өтіп жатқан 290-топтың кәсіптік сайысына қош келдіңіздер!

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырғаннан кейін, сайыс болғандықтан, төрешілер алқасын бекітеміз. Уақыт төрешісі: Әлия Оралбайқызы Қазмұханбетова.

«Мақсат айқын, әділ қазылар орнына жайғасты, оқушылар дайын. Олай болса, сайысымызды бастаймыз».

Сайыс кезеңдері (жоспар)

Төменде сайыстың кезеңдері мен уақыты берілген. Әр кезеңде шарттар мен бағалау талаптары нақты түсіндіріледі.

  1. I кезең — Таныстыру

    2 минут

    Әр топ өз атауын және эмблемасын таныстырып, қорғап шығады.

    Мағынасы Нақтылығы Жеткізу шеберлігі
  2. II кезең — «Менің сүйікті мамандығым» (жарнама)

    2 минут

    Топтар өз мамандығын қысқа әрі әсерлі түрде таныстырады.

    Мағынасы Нақтылығы Жеткізу шеберлігі
  3. III кезең — «Мамандық негізі» (сұрақ-жауап)

    4 минут

    Әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Сұрақтар кабель/сым маркаларын оқу, стандарттар, электрлік құрылғылар және сызбаны толықтыру тақырыптарын қамтиды.

    1-топқа («Жарық») сұрақтар

    1. АППВ, АС, АТРГ маркаларын оқыңыз. Қайсысы кабель екенін анықтаңыз.
    2. Сымның стандарт қималарын атаңыз.
    3. Электрлік жарық көздерін және олардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
    4. Сызбадағы жетіспейтін элементті табыңыз.

    2-топқа («Электрон») сұрақтар

    1. ППВ, АНРГ, АСРГ маркаларын оқыңыз. Қайсысы кабель екенін анықтаңыз.
    2. Кабельдер қандай стандарт кернеулерге есептеледі?
    3. Электрлік қондырғылық бұйымдарға нелер жатады?
    4. Берілген сызбаны толықтырыңыз.
  4. IV кезең — Ассоциация (ой сергіту)

    3–4 минут

    Әділ қазылар мамандыққа қатысты бір сөз айтады. Оқушы сол сөздің мағынасын түсіндіріп, өз ойын білдіреді де, жаңа сөз айтып жіпті келесі қатысушыға береді. Жіп үзілмей, ойын тоқтамай жалғасуы тиіс.

    Талап: айтылатын сөз міндетті түрде мамандыққа қатысты болуы керек. Мақсат — әр топтың жинаған ұпайын арттыру (бағалау тәртібі әділ қазылар тарапынан нақтыланады).

  5. V кезең — «Шеберлік сыры» (практикалық жұмыс)

    5 минут

    Екі топқа бір тапсырма беріледі. Әр топ өз шешімін түсіндіріп, қорғайды. Әділ қазылар қосымша сұрақтар қоя алады.

    Тапсырма

    Сымдарды дәнекерлеп жалғау технологиясын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарымен бірге қорғау.

    Бағалау талаптары

    • Жауаптың дұрыстығы
    • Уақытты тиімді пайдалану
    • Қауіпсіздік техникасын сақтау
    • Сұрақтарға жауап беру
  6. VI кезең — Аудиториямен жұмыс: «Кім шапшаң?»

    2 минут

    Аудиторияға терминдер ұсынылады. Дұрыс жауап берген қатысушылар ұпайды өздері қалаған топқа береді.

    Терминдер (үлгі)

    Шам Амперметр Резистор ЭҚК көзі Гальвани элементі Сақтандырғыш Реостат Тұрақты ток Өткізгіш Вольтметр Айнымалы ток Генератор Түйін Гальвани батареялары Кілт
  7. VII кезең — Жекпе-жек (топ басшылары)

    1–3 минут

    Топ басшыларына бір тапсырма беріледі. Бірі жауап бергенде, екіншісі сыртта күтіп тұрады. Мақсат — бір сұраққа қатысты көзқарас пен дәлелдеуді салыстыру.

    Сұрақ

    ХХ–ХХІ ғасырларда елдің әлеуметтік жағдайын едәуір жақсартуға әсер еткен қандай ғылыми жаңалықтарды атай аласыз?

    Күтілетін жауап (нұсқа)

    • Атом энергиясының игерілуі.
    • Электронды есептеуіш машиналар мен компьютердің пайда болуы.
  8. VIII кезең — Аудиториямен жұмыс (түсіндіру сұрақтары)

    2 минут

    1-сұрақ

    «Өткізгіш кедергісі оның көлденең қимасына кері пропорционал» дегенді түсіндіріңіз.

    Жауап: өткізгіш неғұрлым жуан болса, оның кедергісі соғұрлым азаяды, сондықтан ток көбірек өтеді.

    2-сұрақ

    Тросты сымдар қай жерлерге жүргізіледі?

    Жауап: өндірістік ғимараттарда, цехтарда және ашық алаңдарда (далада).

  9. IX кезең — Өнер сайысы

    2 минут

    Әр топ өз өнерін көрсетеді. Тақырыпты еркін таңдайды.

    Қызықтылығы Мазмұны
  10. X кезең — Анаграмма шешу

    2 минут

    Әр топқа тапсырма беріледі: әріптердің орнын ауыстырып, сөздерді табу. Ойлануға 1 минут, жауап беруге 1 минут беріледі.

    Анаграммалар

    Е К Э Р Л Т электр
    О О К Т Л лоток
    М С Ы мыс
    М С Ы, С Ы М сым
    Ң Р Е К Е Е З резеңке
    Н Л Й Ю И А М И алюминий
    У А Ш Ғ Қ О Ы Л А Ш оқшаулағыш
    Е К У Н Ә Р Д Л Е Е дәнекерлеу
    Ж О Н Д Т А У М А монтаждау

Қорытындылау және марапаттау

Сайыс соңында әділ қазылар бағалау парақтарын жинақтап, әр кезең бойынша ұпайларды есептейді. Нәтижесінде жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.

Еске салу: топ жауабына қойылатын негізгі талаптар

Дәлдік

Ақпараттың дұрыс әрі негізді болуы.

Уақыт

Берілген минутты тиімді пайдалану.

Қауіпсіздік

Еңбек және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Тіл мәдениеті

Мағынасы айқын, нақ әрі әсерлі жеткізу.