Кімнің сөзі
Сабақ жоспары
Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесін талдау
Өтетін орны
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп
Пән мұғалімі
Сутбаев Абубакир (қазақ тілі және әдебиеті)
Сабақ түрі
Бекіту сабағы
Көрнекілігі
Төлен Әбдіков портреті, топтастыру кестесі, интерактивті тақтадағы слайдтар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімдік мақсат
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдау; шығарманың тақырыбы мен мазмұнын ашу; сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді түсінуді бекіту; мазмұндауға дағдыландыру.
Дамытушылық міндет
Оқушының өз пікірін анық жеткізуіне және өзгенің пікірін құрметтеп, санаса білуіне үйрету; шығарманы өмірмен байланыстыра отырып таным көкжиегін кеңейту; ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндет
Халқымыздың озық салт-дәстүрін құрметтеу; адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу; ата-ана алдындағы өмірлік парызды сезіндіру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Әр топтан топ басшысын сайлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд түріндегі «Сұрақтар әдісі» арқылы тексеріледі: әр топ нөмірленген ұяшықты таңдап, сұрақтарға жауап береді.
I топ — сұрақтар
-
Ерғабыл шал таңертең не іздеп кемпірін оятты?
Жауап: шақша.
-
Аспендиярдың мамандығы қандай еді?
Жауап: тракторшы.
-
«Қыста отын жоқ, бар кезде ойып алайын». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Ерқабыл.
-
Ерқабыл шалдың жасы нешеде деп ойлайсың?
Жауап: жетпіс бес.
-
«Біздің мынау да геолог боламын деп жүр». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Сапабек.
-
«Қызыл жолақ дастарқан жайылып, майы шылқыған күре бауырсақтар төгілді. Шайды... құйды». Шайды кім құйды?
Жауап: Тома.
II топ — сұрақтар
-
«Кеше кер ноқтаның сағағын байламапсың ғой, кер құлын ағытылып кетіпті». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Ерқабыл.
-
«Үйбай, үйбай, шалды қара тұра алмай жатыр», деп күлген кім?
Жауап: көрші жігіттің бірі.
-
«Киіміңді қимай отырсың ба? Бөркіңді есіңде болсын, өзім аламын». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: көрші шалдың.
-
Аспендияр домбырашының әкесінің аты кім?
Жауап: Дүйсенбі.
-
Ерқабылдың ауылы қай жерде орналасқан?
Жауап: Қаратүбекте.
-
«Жастардың бәрі сол, Ереке. Менің әлгі кішкентайым: “Мені бақпаймын”, — дейді». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Абыл.
III топ — сұрақтар
-
«Ойбай, бала келіп қалды. Біліп едім бүгін келерін». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: кемпір.
-
«Одан соң омырауы, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, толық, ажарлы келіншекті шеміркеніп маңдайынан сүйген болды». Осы әрекетті жасаған кім?
Жауап: Ерғабыл.
-
«Кел, келе ғой. Шалдың баласысың ғой, кел». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: көрші кемпірдің.
-
«Келсейші, ей, жаман неме? Өзі қазақша біле ме?» деп кімнен сұрады?
Жауап: Сапабектен.
-
Ерғабыл баласы келгенде қандай мал сойды?
Жауап: семіз тоқты.
-
«Асыл тастар қаншама! Меруерт, маржан, інжу, жақұт, ... не керек, бізде бәрі бар». Көп нүктенің орнына қандай сөз келеді?
Жауап: гауһар.
IV топ — сұрақтар
-
Ерқабылдың әкесінің аты кім?
Жауап: Бектемір.
-
«Олар жастарға араласпай, өздеріне түсінікті әңгімеге ауысты. Босағада отырған ... мүлде жалғыз қалды». Бұл кім?
Жауап: Тома.
-
Сапабек жастар жағына шабаданынан қандай коньяк алып құйды?
Жауап: югославиялық.
-
Домбырашыны жазушы қалай суреттеді?
Жауап: иегі шығыңқы, ірі.
-
«Ей, доғаршы енді. Ана өзіміздің Аспендиярға домбыраны берші». Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Ерғабыл.
-
Абыл қартты жазушы қалай суреттеді?
Жауап: қоңқақ мұрынды.
Топ басшысы — қосымша сұрақтар
Әр топта топ басшысы оқушылардың сабаққа қатысуын бағалап отырады (1 балдық жүйе).
-
«Басым сынып, өлейін деп жатырмын. Өлсең ... кемпірді алып келемін». Көп нүктенің орнындағы сөз?
Жауап: Бағила.
-
«Сол әдетімен үнсіз тұқиып, қолдарының білеуленген тамырын ұстап біреу отыр. Ескі домбыраны шұқшиып қарап, қолына алмады». Бұл кім?
Жауап: Ерғабыл.
-
Ерғабыл таңертең қандай жылқы іздеуге кетті?
Жауап: кербие.
-
«Тағы бір қонып кетесіңдер ме, боласыңдар ма біраз?» Бұл кімнің сөзі?
Жауап: Ерғабыл.
-
«Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтеріліп, ... жігітті құшағына қысты». Көп нүктенің орнындағы сөздер?
Жауап: ат жақты, қапсағай сары.
-
«Оның пайдасы шаш етектен, ақсақал. Мәселен, сонау ... гранитті бізден алады». Көп нүктенің орнындағы сөз?
Жауап: Украина.
III. Дәптермен жұмыс
I топ
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер жазу.
II топ
Ерекеңнің ой-толғаныстары мен сөздеріне сүйене отырып, мінездеме беру.
III топ
Сапабектің сөздеріне сүйене отырып, мінездеме беру.
IV. Шығармашылық тапсырма
«Мен Сапабектің орнында болсам…» — өз ойын айту, пікірін дәлелдеп жеткізу.
V. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі күні Тома сияқты ата-анасына немқұрайлы қарайтын, бірге болғысы келмейтін келіндер; Жеңіс сияқты ана тілін білмейтін немерелер; Сапабек секілді туған ата-анасына келуге уақыты жоқ, қыдырудан қолы тимейтін, ата-ананы ұмытқан адамдар бар ма?
Осы сұрақтар шығарма көтеретін өзекті ойдың өмірмен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Демек, бұл — өмірлік туынды.
Негізгі түйін
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» демекші, бізді өмірге әкелген ата-анамызды сыйлап, аялауымыз керек. Қазақ халқында «Жақсы бала — есіктегі басыңды төрге шығарады, жаман бала — төрдегі басыңды есікке шығарады», «Ата-анаңды сыйласаң — көп жасарсың, сыйламасаң — жан қиярсың» деген мақалдар бар.
Сондықтан аз ғана ғұмырымызда бір-бірімізге кешірімді болып, ата-ана алдындағы перзенттік парызымызды ұмытпай жүрейік.
VI. Оқушыларды бағалау
Әр топтың топ басшылары өз тобындағы оқушыларды қатысуына қарай бағалайды.
VII. Үйге тапсырма
«Егер мен осы қонақтың орнында болсам…» тақырыбында пікір жазып келу.