Бәйгенің шарты

2016–2017 оқу жылы Үздік ұстаз бәйгесі

Мақсаты

Қазақстанның барлық аймақтарынан ең үздік ұстаздарды анықтау және әділ бағалау.

Қатысу форматы

  • Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қабылданады.
  • Бұрын енгізген ашық сабағыңыз үлгіге сай болса, қайта ұсынуға болады.
  • Жаңадан материал жіберуге де болады.

Негізгі шарттар

Сабақ саны

Ұстаз өз пәні бойынша бір ғана ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір сабақ жіберуге құқылы.

Қатысу құны

Бәйгеге қатысу құны: 2000 теңге.

Материалға қойылатын талаптар

  • Көлемі: 2–3 беттен аспауы тиіс.
  • Word құжатында сауатты теріліп, 12 өлшемді шрифтпен рәсімделуі керек.
  • Сабақтың тақырыбы толық ашылуы қажет.
  • Ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер қолданылса — құпталады.
  • Слайдтың болуы міндетті емес.
  • Сабақ жоспарының үлгіге сай болуын қадағалаңыз.

Жіберу тәртібі

Қайда жіберіледі

Сабақ жоспарын @yandex.ru поштасына жіберіңіз (Word нұсқасын тіркеп).

Қосымша мәлімет

Қатысу үшін аты-жөніңізді және сабағыңыздың тақырыбын толық көрсетіңіз. Материал сайтқа жарияланғаннан кейін реквизиттер жіберіледі.

Үлгі

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Төле би кенті, №70 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы

Бәйге атауы

Үздік ұстаз бәйгесі

Категория

Бастауыш сынып

Сабақ тақырыбы

Жазбаша қосу және азайту

Бағалау тәртібі

  • Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз ұпайын қояды.
  • Комиссия ұпайына дауыс беру ұпайы қосылып, жалпы нәтиже шығарылады.
  • Бағалау комиссиясын сайт ұжымы анықтап, жасақтайды.

Портал тарапынан бәйгенің барынша ашық әрі әділ өтуіне күш салынады.

Марапаттар

Барлық қатысушыларға

Сертификат және алғыс хат беріледі.

Үздіктерге

Диплом және алғыс хат беріледі, сондай-ақ сыйақы тағайындалады.

Берілетін орындар (әр категория бойынша)

Бірінші орын

3 орын

Екінші орын

3 орын

Үшінші орын

3 орын

Орын алу мұғалімдердің қатысу белсенділігіне тікелей байланысты. Қатысушылар санына қарай орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.

Мерзімдер

Сабақ қабылдау

20 қазаннан 15 сәуірге дейін жалғасады.

Қорытынды және үздіктер

15 сәуірден 1 мамырға дейін белгілі болады.

Номинациялар (пәндер бойынша)

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің үздік ұстазы

Орыс тілі мен әдебиеті

пәнінің үздік ұстазы

Ағылшын тілі

пәнінің үздік ұстазы

Математика

алгебра, геометрия

Физика

пәнінің үздік ұстазы

Информатика

пәнінің үздік ұстазы

Химия

пәнінің үздік ұстазы

Биология

пәнінің үздік ұстазы

Тарих

пәнінің үздік ұстазы

География

пәнінің үздік ұстазы

Технология

пәнінің үздік ұстазы

Музыка

пәнінің үздік ұстазы

Сурет және сызу

пәнінің үздік ұстазы

Бастауыш сынып

пәнінің үздік ұстазы

Балабақша

үздік тәрбиешісі

Дене шынықтыру

пәнінің үздік ұстазы

Іске сәт, ұстаздар! Бәйгеге қатысып, тәжірибеңізді көпшілікпен бөлісуге шақырамыз.