Кир әскерінің басып кіруі

Сабақ тақырыбы

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сақ тайпаларының ел қорғаудағы ерліктері туралы толық әрі жүйелі түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істеуіне, шығармашылықпен айналысуына ықпал ету, бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелік

Елін, жерін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне назар аударту арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Білім-білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Кубизм
  • Жұптық жұмыс
  • Бес жолды өлең
  • Мұғалім–оқушы ойыны
  • Тест сұрақтары
  • Рөлдік көрініс

Көрнекіліктер

Кубик, слайдтар, бейнефильм, тапсырмалар жазылған парақтар, проектор.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасымен жұмыс

Сынып оқушылары үш жұпқа бөлінеді. Үй тапсырмасын тексеруде «Кубизм» әдісі қолданылады: кубиктің алты қыры бар, әр қыр тапсырма арқылы тақырыпты жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Оқушылар кубикті лақтырып өз жұптарын анықтайды (кубиктің 6 қыры 3 түске боялған: қызыл, сары, жасыл).

1-жұп

Парадарайа

2-жұп

Тиграхауда

3-жұп

Хаомаварга

Әр жұп сақ топтарының атауына қысқаша анықтама береді. Одан кейін кубик лақтырылып, түскен қырдың тапсырмасы орындалады.

1-қыр

«Тарихтың атасы» кім? (Геродот)

2-қыр

Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (қой, жылқы)

3-қыр

Сақтар қандай баспаналарда тұрды? (киіз үй, қыста ағаш үй)

4-қыр

Сақтардың қазандары мен құрбандық табақтары қай өңірлерден табылды? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Іле аңғары, Ыстықкөл маңы)

5-қыр

Суару каналдарының іздері табылған қоныс қайсы? Қоныс тұрғындары немен айналысқан? (Шірік-Рабат қонысы. Егіншілікпен айналысып, қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулаған.)

6-қыр

Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты қандай? (ата-баба аруағына сиыну)

III. Үй тапсырмасын пысықтау

Оқушылар өз ойларын қорытындылап, дәптерге бес жолды өлең жазады.

Құрылымы

  1. 1Зат есім — 1 сөз (тақырып атауы).
  2. 2Сын есім — 2 сөз (тақырып сипаты).
  3. 3Етістік — 3 сөз (қимыл-әрекет).
  4. 44 сөзден тұратын сөз орамы (тақырыпқа қатысты).
  5. 51 сөз — тақырып мәнін ашатын синоним.

Үлгі

1. Сақ

2. шебер, еңбекқор

3. айналысты, дамыды, табынды

4. Сақтар жылқы, қой өсірді.

5. Тайпа

IV. Жаңа сабақ

1-жұп

Кир әскерінің басып кіруі.

2-жұп

Шырақтың ерлігі.

3-жұп

Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы (ой қозғау — бейнефильм көрсету).

Негізгі шапқыншылықтар

  • Б.з.б.

    530 ж.

    Кир

  • Б.з.б.

    519 ж.

    I Дарий

  • Б.з.б.

    IV ғ. 30 ж.

    А. Македонский

Тарихи мазмұн

Б.з.б. VIII–VII ғасырларда сақ тайпалары Ассирия және Мидия мемлекеттерімен қарым-қатынас жасады. Сондай-ақ көрші Парсы мемлекетімен соғыс одағын құрды.

Парсы патшасы Кир бұл одақпен шектелмей, сақтарды бағындыру мақсатында бірнеше рет жорық ұйымдастырды. Алайда парсы әскері жеңіліске ұшырап, Кир патша шайқаста қаза табады.

Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң I Дарий қалың қол бастап сақ жеріне аттанады. Грек тарихшысы Полиэннің сипаттауынша, сақ жылқышысы Шырақ парсы әскерін алдап, сусыз шөлге бастап апарады. Соның салдарынан жау әскері ауыр шығынға ұшырайды. Шырақ осылайша басқыншылардан кек алады.

Дегенмен ұзаққа созылған соғыстардан кейін сақтар парсыларға тәуелді болып, алым-салық төлеп тұрған кезеңдер де болды.

Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне тағы бір қауіп төнді: Александр Македонский Орта Азияға басып кіріп, Самарқанды жаулап алады. Алайда оның сақтарға қарсы жорығы түпкілікті табысқа жетпейді.

Сақ тайпалары сырттан келген жауларға қарсы күш біріктіріп, табанды күрес жүргізу арқылы өз жерін және тәуелсіздігін сақтап қалды.

А) «Мұғалім–оқушы» ойыны

Шарты: 3 жұптан әрбір оқушы жеке тапсырма алады. Тақырып бойынша материалды пысықтап, шағын әңгіме жазады.

Дайындалуға уақыт: 10 минут.