Күрделі сөздерді тап

Қазақ тілі Жаңа сабақ Жарыс сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Бұл сабақта оқушылар сөйлем ішінен бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалатын қос сөздерді табуды үйренеді. Сабақ топтық жұмысқа негізделіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуды, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеуді көздейді.

Сабақтың мақсаты

  • Қос сөздерді сөйлемнен табу (қайталану, қосарлану арқылы).
  • Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі мен ресурстар

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Көрнекілігі

Кеспе қағаздар, дидактикалық ойындар.

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Оқушылар хормен айтады:

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбектену,

«5»-ке қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа шаблондар үлестіріледі. Үй жұмысы — қайталау.

1-топ

Әріп тобы

2-топ

Дыбыс тобы

3-топ

Сөз тобы

III. Жаңа сабақ

Ереже

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады.

Мысалдар

қора-қора бүгін-ертең әке-шеше үлкен-кіші алыс-жақын

IV. Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазу

Оқушылар дәптерге күн мен тақырыпты жазады.

Терме диктант

Мәтіннен қос сөздерді теріп жазу.

ата-ана үйір-үйір бала-шаға анда-санда жалт-жұлт

Ескерту: берілген тізімдегі басқа сөздер (мысалы, түйеқұс, қосаяқ, алабота, Темірқазық) қос сөз емес, біріккен сөздер ретінде кездеседі.

V. Оқулықпен жұмыс

240-жаттығу: күрделі сөздерді тап

Қора-қора қой жатыр

Қарын-қарың май жатыр

Түйе-түйе жүк жатыр

Ауыл-ауыл ел жатыр.

241-жаттығу: ауызша

Ойын: «Сыңарым қайда?»

жоғары — төмен
күні — түні
ыдыс — аяқ
биік — биік
қарқ — қарқ
жылт — жылт

242-жаттығу: мәтінді оқып, қос сөздерді тап

Кешқұрым жол қапшықтарымызды буып-түйдік. Жолға ыдыс-аяқ алдық. Таңертең күн шығар-шықпастан жүріп кеттік. Жолда Есен аяғын тасқа соғып алды. Йод жағып, айқыш-ұйқыш таңып бердік. Сапарды әрі қарай жалғастырдық. Асуға дейін бес-алты шақырым қалды. Алдымыздан ойдым-ойдым саз-батпақ шықты. Барлаушыларымызға ілесіп, ара-арасымен өтіп кеттік. Соңғы рет көл жағасында аялдаған едік. Сол арада жылаған бала дауысын естідік. Дауыс шыққан жаққа қарай тұра-тұра жүгірдік. Екі кішкентай бала жолдан адасып қалыпты. Жөн сілтедік. Олар әлсін-әлсін бізге бұрылып қарап қойып, кетіп бара жатты.

Кеспе қағаздармен жұмыс

1-тапсырма

Өлеңнен қос сөздерді тап

Көк құтандар көлбеңдеп

Көтеріле алмайды.

Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,

Көк қояндар зулайды.

2-тапсырма

Мақалдан қос сөздерді тап

Көре-көре көсем болады,

Сөйлей-сөйлей шешен болады.

3-тапсырма

Өлеңнен қос сөздерді тап

Сеңгір-сеңгір таулардан

Секіріп, бурыл гуледі.

VI. Жұмбақтар сайысы

1-жұмбақ

Қабат-қабат киінген,
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп ем өзінен,
Жас шығарды көзімнен.

Жауабы: Пияз

2-жұмбақ

Жерге тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?

Жауабы: Жаңбыр

Үш топқа тапсырма: берілген сөздерден қос сөздер құрастыр

1-топ

  • дүп-дұрыс
  • қып-қысқа
  • қып-қызыл

2-топ

  • қап-қара
  • тәп-тәуір
  • моп-момақан

3-топ

  • сап-сары
  • шоп-шолақ
  • сүп-сүйкімді

VII. Ой-толғаныс

Оқушылар қос сөздер туралы үйренгендерін қорытындылап, ережесін айтып береді.

Мысалдар

қора-қора, бүгін-ертең, әке-шеше, үлкен-кіші, алыс-жақын.

VIII. Үй тапсырмасы

Төмендегі қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құра: алыс-жақын, тап-таза, сылдыр-сылдыр, у-шу.

IX. Бағалау

  • Жеңген топ марапатталады.
  • Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.