Шеңбердің ұзындығы

Тақырып

Шеңбердің ұзындығы

Ұзындықты есептеу формулаларын қолдану және белгілеулерді дұрыс пайдалану.

Дөңгелектің ауданы

Ауданды табу формуласын есептерде бекіту.

Шар және сфера

Негізгі ұғымдарды қалыптастыру және радиус мағынасын нақтылау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Шар және сфера туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Шеңбер ұзындығының формуласын тиімді қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Дөңгелек ауданы мен шеңбер ұзындығын есептеу формулаларын есеп шығаруда сауатты пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарды сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2) Өткен тақырыпты қайталау және үй жұмысын тексеру

Қайталау сұрақтары

  1. Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?
  2. Кері пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?

Үй тапсырмасын тексеру

Интерактивті тақтада келесі есептердің орындалуы тексеріледі: A — №145, B — №148(2), C — №160.

3) Сабақтың мақсат-міндетін нақтылау

Бүгін шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын есептеу формулаларын қолданамыз, сондай-ақ шар мен сфера ұғымдарын жүйелейміз.

4) Жаңа сабақ

Теориялық бөлім

  • Шеңбер, дөңгелек, шар, сфера ұғымдары.
  • Шеңбер ұзындығы мен дөңгелек ауданы формулаларын қолдану.

Сұрақ–жауап

  1. Шеңбер деген не?
  2. Шеңбер ұзындығы қандай әріппен белгіленеді?
  3. Шеңбер ұзындығының формуласын жазыңдар.
  4. Дөңгелектің ауданы қалай табылады?
  5. Шардың радиусы дегеніміз не?

Практикалық бөлім (есептер)

№162. Радиусы 10 см, 20 дм, 1 м болатын шеңберлердің ұзындығын табыңдар.

№163. Сағаттың минуттық тілінің ұшы 1 сағатта ұзындығы 31,4 см болатын шеңбер сызады. Минуттық тілдің ұзындығы неше сантиметр?

№164. Киіз үй табанының диаметрі 8 м. Киіз үй табанының ауданын табыңдар.

№168. Амалдарды орындаңдар:

  • 100 − 6,72 : 5,6 − 41,4 · 2
  • (13,67 − 9,99) : 2,3 + 6,05 · 4

№169. Велосипед доңғалағының диаметрі 60 см. Доңғалақ 5 айналым жасағанда велосипед қанша қашықтық жүреді?

№170. Шеңберінің ұзындығы 84 см доңғалақ 35 айналым жасағанда жүретін қашықтықты өту үшін шеңберінің ұзындығы 98 см доңғалақ неше айналым жасауы керек?

Қосымша жұмыс: интерактивті тақтада немесе компьютерде Excel бағдарламасында дайындалған тест орындалады. Бағалау компьютер арқылы автоматты түрде қойылады. Компьютердегі «6-шар» деп сақталған файлды ашып орындауға болады.

Минитест

Төмендегі тапсырмаларды орындап, дұрыс жауап нұсқасын таңдаңдар.

1) Радиусы 0,9 дм болатын дөңгелектің ауданын табыңдар.

  • а) 25,434 дм
  • ә) 0,25434 дм
  • б) 2,5434 дм

2) Айдың диаметрі 3476 км. Ай экваторының ұзындығын табыңдар.

  • а) 10914,64 м
  • ә) 1091,464 м
  • б) 10914,64 м

3) Шар радиусы 1260 км. Шардың ұзындығын табыңдар.

  • а) 791,28 км
  • ә) 7912,8 км
  • б) 79,128 км

4) Дөңгелек диаметрі 30 дм. Ол 2 айналым жасағанда қанша жерге барады?

  • а) 18,84 дм
  • ә) 1884 дм
  • б) 188,4 дм

5) Амалдарды орындаңдар: (9,32 · 15 + 7,4 : 2) : 0,5

  • а) 287
  • ә) 2870
  • б) 28,7

Жауаптары

1 — б
2 — а
3 — ә
4 — б