Анаға сәлем орын
Мақсаты
Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, үлкенге ізет көрсету мен кішіге үлгі болудың мәнін ұғындыру. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру.
Жоспар
- «Сәлем — сөздің анасы» — таныстыру
- «Өнерлі өрге жүзер» — өнер сайысы
- «Шебердің қолы ортақ» — қолөнер сайысы
- «Әже әлдиі» — бесік жыры немесе өнегелі сөздер
- «Әжемізге сыйлаймыз» — мерекелік сыйлық әзірлеу
- «Қазағымның дәстүрлері ұмытылмасын» — салт-дәстүрден көрініс
- Қорытынды
Жүргізуші сөзі
Наурыз келді шуақты күндерімен — дүние, бүкіл әлем жаңғырады! Наурыз мейрамымен құттықтаймыз мейірімді, аяулы аналарды!
Елімде дүркіреген той жеткенде, көңілге жаңа ақыл-ой жеткендей. Наурыз мейрамымен құттықтаймыз жаны жайсаң, жайдары жеңгелерді!
Көктем иісі бұрқырап сезіледі, сай мен қырат бой жазып керіледі. Наурыз мейрамымен құттықтаймыз қолаң шашты әдемі сіңлілерді!
Құрметті әжелер, аяулы ұстаз-аналар, бойжеткендер! Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!
Адамзаттың анасы, әкемнің де анасы, анамның да анасы — ол біздің ақ әжелеріміз. Әженің әңгімесін тыңдау, ертегісін есту, өнегесін үйрену, ақылын алу — ұрпақтың дәстүрлі міндеті.
Ендеше, бүгінгі «Әжем менің әлі де…» атты әжелер мен немерелер сайысын ашық деп жариялаймыз. Сайысқа қатысушы әжелерімізді ортаға шақырамыз.
Сайысқа қатысушылар
1) Орынша әже және немересі Назира
Бірінші әже — өнерлі. Жұрттың бәрі біледі: Назирамен қосылып, әнді де шырқап береді.
2) Есенгүл әже және немересі Динара
Екінші әже — ұстаз. Әр ісі — үлгі. Әжесімен Динара ортамызға келсін.
3) Жанбибі әже және немересі Диана
Үшінші әже — жыршы. Шуағы мол, нұрлы жан. Дианамен әжесін бәріңізге үлгі етеміз.
4) Бақтылы әже және немересі Әсемгүл
Төртінші әже — көрікті, өнерімен елітеді. Немересі Әсемгүлмен бұл сайысқа келіпті.
Көркем номер
Қазақ биі — «Айгөлек» бишілер тобы.
Сайыс кезеңдері
1) «Сәлем — сөздің анасы» (таныстыру)
«Сәлем — сөздің анасы» деген сөзбен бастайық, көрерменді бір серпілтіп тастайық. Ата-анаң мен жеті атаңды атап шық — отырған жұрт қол соғып қостайық!
Бұл бөлімде сайыскерлер өздерін таныстырады.
2) «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)
Өнердің нәр береді шапағаты, әркімнің өнерге бар махаббаты. Сайыскерлер өнерін көрсетсе, халайық қошеметтеп қол соғады.
Ән:
«Анаға арнау» — орындаушы: Д. Қыздарбай
3) «Шебердің қолы ортақ» (қолөнер сайысы)
Қазақтың дәстүрі бар: өнер — өрге бастайды. «Өнерді үйреніп, өшірме» деген сөз — ата-баба аманаты. Бұл бөлімде әже мен немере өздері жасап әкелген бұйымдарын таныстырады.
Ән:
«Мама» — орындаушы: Л. Оразғалиев
4) «Әже әлдиі» (бесік жыры немесе өнегелі сөз)
Маған үлгі — сөзіңіз, өнеге — өзіңіз. Жақсылыққа талпынар — біздің нағыз кезіміз. Жақсы деген немене, жаман деген немене? Осындайда, әжетай, айтып берші өнеге.
Бұл бөлімде әжелер немерелеріне бесік жырын айтады немесе тәрбиелік мәні бар өнегелі сөздер айтады.
5) «Әжемізге сыйлаймыз» (мерекелік сыйлық әзірлеу)
Біз достпыз гүлдермен — текке оны жұлмаймыз. Мереке күндері әжемізге сыйлаймыз.
Бұл бөлімде немерелер әжелеріне арнап сыйлық жасайды.
Ән:
«Анаға сәлем» — орындаушы: Музамелұлы Р.
6) «Қазағымның дәстүрлері ұмытылмасын» (салт-дәстүр көрінісі)
Әжелердің жүрген жері нұрланады, соңдарынан таңғажайып сыр қалады. Ұмыт қалған қазағымның дәстүрін дәріптейтін — иманды әжелер.
Бұл бөлімде әже мен немере қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетеді.
Қорытынды
«Әжем менің әлі де…» — ұқсамайды кәріге. Аман жүрсе, сайыстарға қатысады әлі де!
Әжелерімізге сәттілік тілейміз. Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!