Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын - жазушылар жер бетінде жоқ шығар

Шығарма

Менің Президентім!

Туған жер — адам баласының жүрегіне ең жақын ұғым. Кіндік қаным тамған, алғаш тәй-тәй басқан, «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан киелі мекенім — ата қонысым, Жерұйығым.

Туған жердің қадірі

«Әркімге өз туған жері — Мысыр шаһары» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Туған жерін жырға қоспаған, туған мекені жайлы толғанбаған ақын-жазушы жер бетінде кемде-кем.

Қасиетті де киелі Қазақстаным! Сенің кең жазиралы төсіңде сан ғасырлық шежіремізді баяндайтын шынайы, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге кеткен сара жолымыздың тәуелсіздікпен жалғасуы — бізге де, келер ұрпаққа да берілген баянды бақыт.

Тәуелсіздік және даму

Қазақстан — кең-байтақ өлке. Ұлан-ғайыр жеріміз табиғи ресурстарға, шикізат көздеріне бай. Бұл мүмкіндіктер тәуелсіздіктің нығаюына тірек болып, бүгінде біз дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолында алға басып келеміз.

Тәуелсіздік жолында ұлттық рухани қазынамыз, экономикамыз, саясатымыз, мәдениетіміз дамып, гүлденіп келеді. Санаулы жылда адам айтса сенгісіз жетістіктерге жеттік.

Ең бастысы: тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ата-баба аманатына адал бола білдік. Қасиетті құндылықтарды дер кезінде орнықтырып, тұғырына қондырдық.

Бірлік пен татулық

Елімізде жүзден астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың жағдайын ойлап, бірлікке ұйытып, елімізде тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға ерекше еңбек сіңірген көшбасшылардың орны бөлек.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген даналықтың түп қазығы — осы. Ынтымақ пен бауырмалдық бар жерде ғана ел еңсесі биік болады.

Түйін

  • Тәуелсіздік — тарихи жадты жаңғыртып, ұлт рухын күшейтті.
  • Бірлік — көпұлтты қоғамның тірегі.
  • Тіл мен мәдениет — елдіктің тұғыры.

Астана — жаңарудың белгісі

«Есімің ай-әлемге тұрақталып,
Келіпсің Сарыарқаға жұмақты алып.
Көзіме көрінерсің жас Астана,
Есілге қонған аққу сияқтанып…»

Аспанмен таласқан зәулім Бәйтерегі бар Астана — бүгінгі мақтанышымыз. Шетелдіктер де елордамызға қызыға қарайды.

Менің елім — менің мақтанышым

Мен қаныммен, жаныммен, арыммен қазақпын. Қазақ болып туғанымды ерекше сезіммен, шексіз ықыласпен мақтан тұтамын. Қазақстан атты құдіретті елім үшін, топырағы киелі жерім үшін, бейбіт өміріміз үшін мақтанамын.

Көгілдір аспан, ашық күн. Зәулім көкте қыран құс қанатын кең жайып еркін самғайды. Еліміз тыныш, халқымыз бақытты. Біз, келер ұрпақ, баршамыз, елімізде бейбітшілік мәңгі сақталуын тілейміз.

Арман мен жауапкершілік

Мектебім — алтын ұям. Одан тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат-міндеттерім айқындала түседі.

Елім барда, ертеңім бар. Мен жаңа өмір есігін сеніммен ашып, алғашқы қадамымды нық басуға ұмтыламын. Жақсы үрдісті жалғастыру — біз үшін перзенттік парыз.

Автор туралы

Құсайынова Ақмарал Асылбекқызы

С. Мұқанов атындағы орта мектеп, 11-сынып оқушысы

Шығарма

Менің Президентім!

Бұл шығармада тәуелсіздікке қол жеткізген халықтың еңсесі тіктеліп, жаңа дәуірге сеніммен қадам басқаны, ұлттық рухтың жаңғыруы мен бірліктің бағасы жыр-тілекпен өріледі.

Тәуелсіздік таңы

Көзге келген ыстық жас шықпай-ақ қойсын,
Қынжылға толған кеуде лықсып бір күні жарыла көрмесін.
Бұл қазақтың маңдайына торсықтай ұл тумай қалмасын…
Айдай әлемге тәуелсіз елдің көк байрағы желбіреп тұрсын.

Кешегі шерменде болған жүректерге жылы жүз бен мейірім жетіскен кезең туды. Өз елінде «өзімдікі» деп айта алмай, өзгеге жаутаңдаған күндер артта қалды. Тәуелсіздіктің таңы атты: көк күлімдеп, нұр шашқан арайлы күн туды.

Бүгін біз еңсемізді көтеріп, тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, етек-жеңімізді жиып, ержеткен баладай болдық. Оңымыз бен солымызды ажыратып, жол табар тұста көреген басшы ел қамын ойлайтынын бабалар бекер айтпаған.

XXI ғасыр: білім мен ғылым дәуірі

Бұл күн — білім мен ғылым заманы. «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» дейтін торығу емес, «Мен — қазақпын!» деп жаутаңдамай, жалтақтамай айта алатын бейбітшілік дәуірі.

Тәуелсіз ел дегеніміз — Отанның иелі болуы, ана тілдің киелі болуы, ата тарихтың жүйелі болуы. Сондай-ақ ол — Астананың асқақ болуы, ордаға құт-берекенің қонуы, ұлт пен ұлыстардың арасы ынтымаққа толуы.

Тілге шыққан сүйелден құтылатын күн туды,
Дінсіздіктің тамырына балта шабатын күн туды.
Өз елімді, өз жерімді айдай әлем танитын күн туды.
Қазақ деген ел барын, қазақ деген жер барын білетін күн туды.

Бірлікке ұйытқан елдік

Ынтымағы жарасып, халқымызды ұйыстырған береке — елдіктің өзегі. Ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, өзге елге үлгі болған татулық — ортақ құндылығымыз.

Ақыл-парасатымен, есті істерімен еліне тірек болған көшбасшының еңбегі тарихтан өз орнын алады. Жүрекке қатқан жара жазылып, XXI ғасыр табалдырығын нық сеніммен аттадық.

Ақылымен ұйытқы болып, елдің күре тамырына нәр берген Президенттің елі үшін атқарған еңбегі ұрпақ жадында сақталады.

Автор туралы

Мерекеева Зүлфия

С. Мұқанов атындағы орта мектеп, 10-сынып оқушысы