Таза бөлме

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақта 381–384-жаттығулар арқылы оқушылардың сын есім туралы білімін жүйелеу, қорытындылау және практикалық дағдысын бекіту көзделеді.

Білімділік

Сан есім туралы меңгерген білімді еске түсіре отырып, қорытынды жасап, тұжырымдарды жүйелеу және жинақтау. Теориялық және практикалық дайындық деңгейін бақылау.

Дамытушылық

Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ есте сақтау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, көркем жазуға және мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жинақтау, қорыту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру.
Көрнекіліктер
Тірек сызба, математикалық кесте, қима қағаздар, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз балдырған ұланбыз,
Бестік болсын алған бағамыз.
Білімменен сусындап,
Биікке самғар қыранбыз.

Одан кейін сабақтың мақсаты оқушыларға қысқаша түсіндіріледі.

Үй тапсырмасын тексеру

380-жаттығу

Топтастыру стратегиясы арқылы сөз таптарын қайталау.

Сөз таптары: зат есім сын есім сан есім

Қызықтыру тапсырмасы

«Ерте, ерте, ертеде қазақ тілі жерінде, морфология елінде Сөз табы деген асыл қария өмір сүріпті...» деген шағын мәтін арқылы оқушылардың қызығушылығы оятып, жасырын сөзді табуға бағытталады.

Математикалық кесте

10
17
12
14
18
11
13

Шешімі

С
ы
н
е
с
і
м

Жасырын сөз: «Сын есім».

Жаңа сабақ

Тақтамен жұмыс

  • Күннің жадын жазу.
  • Көркем жазу.
  • «Ж» дыбысының ерекшелігін анықтау: ұяң дауыссыз дыбыс.
  • «Ж» дыбысынан басталатын сөздер құрастыру.

Үлгі сөз тіркестері

Таза ауа Ақ мата Жазық дала Жақсы бала

Оқулықпен жұмыс

382-жаттығу

Сұрақтардың орнына тиісті сын есімді қойып жазу.

  • Қандай бөлме? — Таза бөлме.
  • Қандай су? — Мөлдір су.
  • Қандай көше? — Кең көше.

383-жаттығу

Сын есімді табу.

Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.

Жауабы: қарбыз.

Шығармашылық тапсырмалар

Оқушылар үш қатарға бөлініп, әр топқа бөлек тапсырма беріледі. Негізгі талап — мәтін ішінде сын есімдерді орынды қолдану.

1-қатар

Сын есімі бар мақал-мәтел жазу.

2-қатар

Көктем мезгіліне байланысты, сын есімді қатыстырып қысқа әңгіме жазу.

3-қатар

Өлеңнің ұйқасын табу.

Үйге тапсырма: 384-жаттығу.

Оқушы жұмысы: сауатты жазу, сын есімдерді дұрыс белгілеу.

Сабақты қорытындылау

Топтық жұмыс: «Сын есім» тірек сызбасы

Сөз табы
Сын есім
Нені білдіреді?
Заттың түр-түсін, сынын, сапасын.
Сұрақтары
Қандай? / Қай?

Бағалау

3 оқушыны оқытып, берілген тапсырманы орындату, сын есімнің ережесін сұрау арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Тест тапсырмасы

  1. 1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

  2. 2. Сөздердің қайсысы сын есім? (Әдемі)

  3. 3. Сөздердің қайсысы зат есім? (Қалам)

  4. 4. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Қандай? Қай?)

  5. 5. Сөздердің қайсысы дара етістік? (Жазды)

  6. 6. Сөз таптарына нелер жатады? (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

  7. 7. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер)

  8. 8. Зат есімнің неше түрі бар? (4)

  9. 9. Етістік дегеніміз не? (Іс-қимылды білдіретін сөздер)

  10. 10. Етістіктің неше түрі бар? (2)