Қанбақ шал
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия
- Пән мұғалімі
- Бисенова Назипа Әбдімәлікқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
- Сабақтың тақырыбы
- «Жеті өнерпаз» ертегісі
Сабақтың мақсаты
- Ертегінің мазмұнын түсінуге жағдай жасау.
- Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
- Өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сөздік қорды байытуға мүмкіндік беру.
- Өнерлі болуға баулу.
Күтілетін нәтиже
Ертегінің басты кейіпкерлері арқылы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау, шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Ресурстар
Ертегі желісі мен кейіпкерлері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, слайд материалдары және қосымша көрнекіліктер.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі және қызығушылықты ояту
Музыка арқылы кіріспе
«Ертегілер әлемі» әні арқылы оқушылардың қиялын оятып, ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерді елестетуге жетелеу.
Топқа бөлу
- I топ: Қиял-ғажайып ертегілер
- II топ: Хайуанаттар туралы ертегілер
- III топ: Шыншыл ертегілер
Сұрақ-жауап
«Ерте, ерте, ертеде…» деген жолдар ненің бастамасы?
Жауап: Ертегінің бастамасы.
«Ертегі» сөзін естігенде не елестейді?
Ұшқыш кілем, жезтырнақ, хан мен ханшайым, жалғыз көзді дәу, сөйлейтін жануарлар, айдаһар және т.б. (оқушылардың шығармашылығы).
«Ертегілер елінде» бұрышына шолу
Қазақ ертегілерінің жинақтарымен танысу: хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт, шыншыл және қиял-ғажайып ертегілер. Оқушылар атаған кейіпкерлердің барлығы осы кітаптардан табылады.
Ой қозғау
«Кім көп біледі?» айдары
- 1. Өзі тамақ пісіретін қазан — «Ұр тоқпақ!»
- 2. Алдайтын таяқ — Алдар көсе
- 3. Бағалы сақа — «Алтын сақа»
- 4. Ұшатын кебіс — «Маленький Мук»
- 5. Көк есек пен ескі шапан — Қожанасыр
- 6. Гауһар айна — «Ұйқыдағы ару»
- 7. Шешендігімен хандарды сөзден ұтқан — Тазша бала
-
8. Тышқан түйенің өркешіне мініп, күн сәулесін бірінші көрді… Бұл қай ертегіден?
Жауап: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
-
9. «Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр…»
Жауап: «Қарлығаш пен дәуіт»
-
10. «Үшінші рет салғанда… бір балық. Балық тіл бітіп: “Жібер мені, қарт… қалауыңды айт” деді.»
Жауап: «Алтын балық»
Көрініс (үзінді)
Жақсылыққа дұшпанмын, Жамандыққа құштармын. Тісімді жұлып лақтырып, Сыпырғышқа мініп ұшқанмын. Жас емеспін, кәрімін, Ертегінің сәнімін.
Кейіпкер: Мыстан кемпір
Кейіпкерлерге мінездеме (ауызша)
Қаңбақ шал
- Ақылды
- Айлакер
- Епті, жеңіл
Мыстан кемпір
- Ұсқынсыз
- Кәрі
- Тістері үлкен, өткір
Дәу туралы әңгімелеу
Дәудің сөзі (үзінді)
Мен жалғыз көзді дәумін, Балаларға, батырларға жаумын. Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын, Тек жамандық жолында шапқыладым. Талай жерде ақылмен алдап кетті, Қаңбақ шал ма, қылғаны — ай, қап мынау!
Қаңбақ шалдың жауабы (үзінді)
Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын, Жел соқса, ағаштан түскен жаңғақтаймын. Алып дәуді алдадым ақыры мен, Қу түлкіден құтылдым ақыры мен. Ешқашан жамандыққа жоламаймын, Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
II. Мағынаны тану
1) Талдау әдісі
Фишбоун
Басы: басты мәселе
Ертегілердің шығу себебі: ертегі — ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Онда өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін қиял-ғажайып оқиғалар баяндалады. Ертегілер ауызша тарап, ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Әр кезеңнің ертегішілері мазмұнға жаңа оқиғалар қосып, ертегіні жаңартып, толықтырып отырған.
Халық ежелден-ақ зұлымдықты әділдік жеңетініне, адамның табиғат сырын танып, меңгере алатынына сенген. Жақсы өмірді аңсап, алысты жақындатуды, көкке ұшуды, жер астындағы қазынаны табуды армандаған. Сол арман-аңсарлардың бәрі ертегілерге арқау болды.
1) Хайуанаттар туралы ертегілер
Негізгі кейіпкерлері — аң-құс, үй жануарлары. Олар адамға тән қасиеттермен суреттеліп, сұмдық, қиянатшылдық, дөрекілік сияқты мінездер әшкереленеді; еңбекқорлық, батылдық, адалдық дәріптеледі.
2) Қиял-ғажайып ертегілер
Ер жүрек батырлардың ерлік оқиғалары баяндалады. Кейіпкерлер жеті басты дәу, жалмауыз, құбыжықтармен күресіп, ақыл-айласы арқылы жеңіске жетеді. Жолда Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі жандар көмектеседі.
3) Шыншыл ертегілер
Кейіпкерлері — қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы, хан, би, уәзір және т.б. Мазмұны мәдени дәстүр, тұрмыс-салт, әдет-ғұрыппен тығыз байланысты.
Құйрығы: қорытынды
Ертегі шешен сөйлеуге, ойды көркем жеткізуге үйретеді. Тіл құдіреті адамды құпия сырлар әлеміне жетелеп, көкжиегін кеңейтеді. Халық ертегілерін сүйіп оқы: одан тіл үйрен, мәнін аңғар, жақсы қасиеттерін бойға сіңір. Ертегі — өмір бойы адал серік.
2) Әдеби оқу стратегиясы
«Жеті өнерпаз» ертегісі
Абайдың өсиеті
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.
«Өнерпаз» сөзін топтастыру
Түртіп алу стратегиясы: өнерпаз — қолынан әр алуан іс келетін, ісмер, шебер, өнерлі адам.
Ертегіні оқу
- Ертегіні дауыстап оқыту
- Мазмұнын талқылау және сұрақтарға жауап беру
Топтық жұмыс (топ басшылары таңдайды)
1-тапсырма
Оқиға желісін құрылымдау
- Оқиғаның басталуы
- Оқиғаның дамуы
- Шиеленісуі
- Шарықтау шегі
- Оқиғаның аяқталуы
2-тапсырма
Талдау
- Ертегінің түрі
- Кейіпкерлер
- Кейіпкерлер өмір сүрген заман
- Ортақ мәселе
- Шешім жолы
- Кейіпкерлерге баға
3-тапсырма
Өнерді таныстыру тәсілі
Өнерпаздар өз өнерлерін ханға қалай жеткізеді?
«Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік. Қайсымыздікі артық болса, сол алсын», — дейді. Хан мақұл көреді. Алдымен ағайындылардың үлкені бастайды.
Бекіту сұрақтары
- 1) Ертегіде кімдерге жандарың ашып, қиналдыңдар?
- 2) Қай тұсында қорқыныш пайда болды?
- 3) Қай өнерпаздың өнеріне сенімсіздік таныттыңдар?
- 4) Қай өнерпаздың өнерін жоғары бағалар едіңдер?
- 5) Хан қызын қай өнерпазға қосады деп ойлайсыңдар?
Ойтолғау: «Алты ойлау қалпағы» әдісі
Атақты ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин: «Бала кезде, үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», — деп атап көрсеткен.
Ертегілер жақсылық пен жамандықты, батырлық пен жауыздықты, қорқыныш пен әділетсіздікті ажыратуға көмектеседі. Сонымен қатар ең қиын жағдайдан шығудың жолдарын, қарсы күшке төтеп берудің үлгілерін көрсетеді.
Рефлексия
Сабақтағы әсер, түсінік және ұсыныстарды қысқа түрде білдіру.
Бағалау
- Өзін-өзі бағалау парақшасы
- «Екі жұлдыз – бір тілек» арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы
Үй тапсырмасы
«Өнерлі болу оңай ма?» тақырыбында эссе жазу.
Өзін-өзі бағалау шкаласы
- 9–10 балл — 5
- 6–8 балл — 4
- 4–5 балл — 3
- 0–3 балл — 2