Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24жалпы білім беру орта мектептің бастауыш сынып мұғаліміБигельдиева Айткүл АмантұрлықызыЖасыл шырша жанындаҚайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №24 жалпы білім беретін орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

«Жасыл шырша жанында» жаңа жылдық ертеңгілігіне арналған сценарий (1 «А» сыныбы)

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін 1 «А» сынып оқушыларының Жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кіріспе өлең жолдары

Жүргізуші

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастарқан жапқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Сәуле шашып жатқандай.

Жүргізуші

Ән айтайық қол ұстасып,

Би билейік жөңкіліп.

Біреу қуып, біреу қашып,

Мәз болайық біз күліп.

Жүргізуші

Қош келдіңіз, ата-ана,

Қарсы аламыз орын беріп!

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп!

Жаңа жыл құтты болсын!

Оқушылардың құттықтаулары

1-оқушы

Төрле, төрле — Жаңа жыл!

Айтамыз тебірене жаңа жыр.

Төрле, төрле, құтты жыл!

Халыққа әркез жүрші төгіп нұр.

2-оқушы

Төрле, төрле, құтты жыл!

Жүректер қуаныштан толқып тұр.

Қуаныштан айтылады әсем жыр,

Балалардың қуанышында шек болмай!

3-оқушы

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап, ән шырқап, тербелейік.

Төрле, төрле, халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене кел, билейік.

Ән

«Зырлайды шанамыз»

Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу

4-оқушы

Келді міне, Жаңа жыл ауылыма,

Соғар бетке аңыздақ, дауылы да.

Мамығындай ақ қардың ақшақарда,

Несіп келді бүгін құтты атаға.

5-оқушы

Жылан жылын атамыз алып келді,

Тамсана аралайды елді енді.

Сүйкімді Ақшақарын ілестіріп,

Сыйлықтарын тұр енді үлестіріп.

6-оқушы

Келіңіздер, шығыңыздар ортаға,

Айтыңыздар жақсы жырды атаға.

Кел, балақай, ән шырқайық тағы да,

Риза болсын жадырап Ақшақар да.

Ән

«Тамаша»

7-оқушы

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

8-оқушы

Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

9-оқушы

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Сахналық көрініс

Ақшақар тақпақ айтып, «Ұлпақарлар» биін билейді.

Мерекелік көңіл күй

10-оқушы

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

11-оқушы

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

12-оқушы

Армысыз, Аяз ата ақсақалым,

Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым.

Асыға, тағатсыздық сезімменен,

Тосуда өзіңізді барша қауым.

Ойын

Аяз ата «Әуенді стол» ойынын ойнатады.

Тілек, ойын және әндер легі

13-оқушы

Төрлет, кәне, Жаңа жыл,

Үлестіріп құт-береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке.

14-оқушы

Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

15-оқушы

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Кел қалама, далама.

Нұрлы күнді жалғастыр,

Біз мінейік шанаға.

16-оқушы

Аяз ата ойды, қырды

Аралап жүр түгел шалып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып.

17-оқушы

Мұртына мұз, қасына қар,

Қырау төгіп кірпігінен.

Алдымызда тұр ақсақал,

Көздерінен нұр төгілген.

18-оқушы

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күні бойы ойнап бірге,

Балалармен бірге қонды.

Ойын

«Шар жару»

Ойын

«Алма жеу»

Ән

«Жаңа жыл»

Ән

«Траля-ля»

Қорытынды көрініс

Балалар «паровоз» болып, залдан шығып кетеді.