Шөпқоректі бунақденелілер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Пән / Сынып
Биология, 7-сынып
Мұғалім
Сағи Айдана Әділбекқызы
Сабақ форматы
Ашық сабақ · Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы
Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдістері. Бунақденелілерді қорғау.
Білімділік мақсат
Оқушыларды бунақденелілердің шөпқоректі және паразиттік түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсат
Қызығушылықты арттыру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілікті күшейту.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ақпараттық тірек-сызбамен жұмыс
- Кестемен жұмыс
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Слайд материалдар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1) Сұрақ-жауап
- 1Қоғамдық бунақденелілерді ата.
- 2Аралардың қандай түрлері бар?
- 3Жұмысшы араның құрылысы мен тіршілігі қандай?
- 4Аталық және аналық араның құрылысы мен тіршілігі қандай?
- 5Аралардың табиғаттағы маңызы қандай?
- 6Құмырсқалар құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
- 7Құмырсқалардың тіршілігіндегі ерекшеліктер қандай?
- 8Құмырсқалардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы қандай?
2) Сауалнама (таңдау сұрақтары)
1. Аралардың денесі қандай бөліктерден тұрады?
- A) баскөкірек, құрсақ
- Ә) бас, көкірек, құрсақ
- Б) бас, құрсақ, аяқ
2. Қоғамдық бунақденелілер:
- A) ара, шегіртке
- Ә) құмырсқа, шыбын
- Б) ара, құмырсқа
3. Құмырсқаның қанша түрі бар?
- A) 10 000
- Ә) 15 000
- Б) 5 000
- В) 7 000
4. Аралардан не алынады?
- A) спирт, карбон қышқылы
- Ә) бал, балауыз, ара желімі
- Б) сары бояу, дәрі-дәрмек
5. Құмырсқалардың тыныс алу мүшесі:
- A) мальпигий түтігі
- Ә) демтүтік
- Б) өкпе
6. Аралар қай отрядқа жатады?
- A) қосқанаттылар
- Ә) теңқанаттылар
- Б) жарғаққанаттылар
7. Аралардың дамуы неше сатыдан өтеді?
- A) 1
- Ә) 4
- Б) 3
- В) 5
III. Жаңа білімді меңгерту
Бұл бөлімде шөпқоректі және паразиттік бунақденелілердің табиғаттағы рөлі, ауыл шаруашылығы мен адам денсаулығына әсері қарастырылады. Нақты мысалдар арқылы зияндылық деңгейі және күрес шаралары талданады.
Азиялық шегіртке (қауіпті зиянкес)
Азиялық шегіртке — өте қауіпті зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығы бір жазда өрбіткен ұрпағымен екі қойды тойындыратын мөлшердегі азықты жоя алады. Ал жаушоғырлар мен үйірлер 1–2 сағат ішінде жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті жойып жібереді. Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын жаушоғыр, ал ересектерінің жинақталуын үйір деп атайды. Олар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді.
Колорадо қоңызы (картоп зиянкесі)
Колорадо қоңызы — картоп және алқа тұқымдас басқа да өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9–11 мм, денесі сопақша, қанатжапқыштары қызғылт сары түсті және әр жағында 5-тен он қара жолақ болады. 1859 жылы Солтүстік Америкадағы Колорадо штатының картоп алқаптарында кең тарала бастағандықтан осылай аталған. Ол өнім түсімділігін төмендетеді.
Күресу шаралары
- Ішкі және сыртқы карантин талаптарын сақтау.
- Терең агротехникалық өңдеу жұмыстарын жүргізу.
- Дернәсілдер пайда болғанда және жас қоңыздар шыққанда егістікті препараттармен өңдеу.
Тарақан (тұрмыстық зиянкес)
Үйлерде тарақанның екі түрі жиі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан азық-түлікті былғайды және ішек құртының жұмыртқаларын, сондай-ақ әртүрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т.б.) таратуы мүмкін.
Жоюға қолданылатын құралдар (мысалдар)
Хлорофос ұнтағы және спирт қосылған 30% ерітіндісі; сондай-ақ Фосфолан, Боракс, Неопинат, Сульфолан, Хлорак, Хлоропин, Неопин, Тальфон сияқты дусттар мен таблеткалар.
Бит (қан сорғыш паразит)
Бит — адам мен басқа да сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндік. Ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының көмегімен теріні тесіп, қан сорады. Басы мен көкірегі кіші, құрсағы жалпақтау. Үш жұп қысқа аяқтарының ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы дамыған.
Жұмыртқадан (сіркеден) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады. Бит қышыну мен мазасыздық тудыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе сүзек, оба, туляремия және т.б.) қоздырғыштарын тарата алады. Педикулездің алдын алу үшін жеке тазалықты сақтау қажет.
Бүрге (масыл тіршілік ететін жәндік)
Бүргелер — масыл тіршілік ететін ұсақ жәндіктер. Дүние жүзінде шамамен 2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Артқы жұп аяқтары секіруге бейімделген.
Бүрге жұмыртқа салып көбейеді: аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салуы мүмкін. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер шығып, топырақтағы органикалық қалдықтармен қоректенеді. Қазақстанда адам бүргесі (Pulex irritans) адамның және кейбір жануарлардың қанын сорады; ал алақұрт бүргесі (Vermipsylla alacurt) оба қоздырғышын таратуы мүмкін.
Алдын алу және күресу
- Тұрғын үй мен қора-жайды таза ұстау.
- Қажет болған жағдайда инсектицидтер қолдану.
IV. Топтық жұмыс
Оқушылар тақырыпты жүйелеу үшін топтарға бөлініп жұмыс жасайды.
I топ
Шөпқоректі бунақденелілер
II топ
Жыртқыш және аса паразиттік бунақденелілер
III топ
Табиғаттағы және практикалық маңызы
IV топ
Зиянкестермен күрес жүргізу шаралары
V. Биологиялық диктант
Ауыл шаруашылығы үшін өте қауіпті бунақденелілердің бірі — ___________.
Үйірлі шегірткелерде дернәсілдердің топтасуынан — ________________, ересектерінің жинақталуынан — __________ түзіледі.
__________________ картоп жапырағын жеп, өнім түсімін азайтады.
Жеміс бағы мен егіншілікке зиян келтіретін бунақденелілер — __________ ______________________.
VI. Оқулықпен жұмыс
Бунақденелілердің пайдасы
Экожүйедегі рөлі, тозаңдандыру, қоректік тізбекке қатысуы сияқты пайдалы жақтарын жинақтау.
Бунақденелілердің зияны
Ауыл шаруашылығына, тұрмысқа және адам денсаулығына келтіретін зияндарын мысалдар арқылы талдау.
VII. Бекіту (қорытынды сауалнама)
-
1. Шөпқоректі бунақденелілер:
- A) көңқоңыз
- Ә) шегіртке
- Б) маса
-
2. Жер өңдеу арқылы зиянкестермен күресу әдісі:
- A) биологиялық
- Ә) диқаншылық
- Б) географиялық
-
3. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер:
- A) шегіртке
- Ә) көбелек
- Б) ара
-
4. Безгек ауруын тарататын бунақдене:
- A) шыбын
- Ә) шегіртке
- Б) маса
-
5. Картоптың аса қауіпті зиянкесі:
- A) шытырлақ қоңыз
- Ә) колорадо қоңызы
- Б) маса
-
6. Алма ағашын зақымдайтын бунақдене:
- A) маса
- Ә) алмажегі
- Б) шегіртке
-
7. Инсектицид арқылы күресу әдісі:
- A) биологиялық
- Ә) физикалық
- Б) химиялық
Жауап кілті
1 — Ә, 2 — Ә, 3 — A, 4 — Б, 5 — Ә, 6 — Ә, 7 — Б
VIII. Үй тапсырмасы
- Оқулықтан: бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері және олардың биоценоздық, практикалық маңызы (233-бет).
- Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
IX. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмыстағы белсенділігі және тапсырмаларды орындау сапасы негізінде бағалау жүргізіледі.