Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Парменова ӘсемТақырыбы
Бейнероликтің басталуы
Жапан түзде — елсіз, жолсыз, сар далада — жалғыз түп ағаш өсіпті. Айлар, жылдар, замандар өтіпті. Әр көктем сайын үмітін үдете, шат қуатпен жапырағын жайып, гүлін ашыпты.
Талай жылдар өтеді. Жыл сайын гүлдері мен дәндері ұшып, жан-жаққа тарап кетеді. Сан жапырақ сарғайып, тозып, жоқ болады. Бір күні сол жалғыз ағашқа жай түсіп, жайрап қалады: бұтақтан, гүлден, дәннен айырылып, қуарып, шошайып қалған қу ағаш көк аспанға тіл қатады.
«Не жаздым? Не сұмдық, не зұлымдық жасадым? Біттім міне… Тек көк аспан — куәм едің. Сорымның да, көгерген, гүл атқан шағымның да куәсі сен едің, кең көк аспан! Сен ғана бір айтшы… Мен өлейін, бірақ сан жылдарда сенің желдерің қуып әкеткен гүлдерім мен дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қалар ма? Шаңда біреу, санда бір сайда болса да, жас жапырағын көкке созып, гүл-жемісін жер жүзіне берер ме? Әлде бір өлкеде, бір замандарда сол гүлдердің бір тобынан саялы тоғай, мәуелі бақ өсер ме? Бұтақтарында өнген-өскенді мадақтап құмыр бұлбұл сайрар ма? Саясында жас өмір, жаңа дәурен мекендер ме?»
Осындай символдық толғаныс — қазақтың ұлы ойшылы, халқының мұңын мұңдаған, қазақ тарихындағы ең ірі дара тұлғалардың бірі — Хакім Абай бейнесіне жетелейді. Абай — өз ұлтын өркендеген, өнегелі елдің қатарында көруді көксеген ғұлама.
«Сайын мұрат сомдалып, сайлан, досым,
Ақын болсаң — айбының, айлаң болсын.
Бірақ, Мыңмен алысқан… Абайды енді
Құнанбайсыз қазағым қайдан көрсін».
Абайдың дүниеге келуі туралы аңыз
Абайдың дүниеге келуі жайлы ел аузында сақталған көне әңгімелердің бірі — Құнанбайдың түс көруі. Түсіне XVIII ғасырда өмір сүрген, Тобықты руынан шыққан кемеңгер би — Әнет баба кіріп, Ибраһим пайғамбардың атын атайды.
Осы түстен көп ұзамай, Құнанбайдың әмеңгерлікпен алған жары Ұлжанның ұл туғаны туралы хабар келеді. Сөйтіп, нәрестеге Ибраһим деген ат қойылмақ болады.
Сахналық көрініс
Қатысушылар
10-сынып оқушылары
Сахна безендірілуі
Сахна жартылай киіз үй үлгісінде безендіріледі. Тұрмыстық бұйымдар: түлкі ішек, жүк аяқ, сапты аяқ және т.б.
Бір топ әйел бесік жырын айтып отырады. Бесік жыры орындалады.
Диалог үзіндісі
- — Аман-есенсіздер ме?
- — Амансың ба?
- — Ой, айналайын, бәрекелді!
- — Баланың бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын!
- — Әумин, айтқаның келсін, айналайын!
- — Сіздерге Құнекең қамдансын деп сәлем айтты. Бүгін молда шақырып, азан айттырып, нәрестеге Ибраһим деген ат бермекші.
- — Бәрекелді!
- — Олай болса, қамданайық!
- — Жөн-жосығын жасайық!
- — Тұрыңдар!
Музыкалық нөмір
Ән: «Анадан алғаш туғанда»
Орындаушылар: 9 «Е» сынып оқушысы, 8 «Е» сынып оқушысы
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
1-жүргізуші
Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен, арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!
2-жүргізуші
Армысыздар, қазақылығының қаймағы бұзылмаған, шұғыласын шашып тұрған шырайлы Шымкент шахарының төрінен орын алған мектебіміздің қонақтары мен ұстаздары!
Қош келдіңіздер
Сақ дәуірінен бастау алған Мәңгілік тіліміздің мәртебесі мен Хакім Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Дәйексөз
Тоныкөк бабамыз: «Түнде — ұйқы көрмедім, күндіз — күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып — бәрі мәңгі елім үшін!» — деген екен.
Иә, бұл — кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі.