Малдың дыбыстарын табу
Бұл сабақта оқушылар үй жануарлары мен төрт түліктің маңызын түсініп, төл атауларын ажыратады және сөздерге дыбыстық талдау жасап, дауыссыз дыбыстарды табуға жаттығады.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасу.
- Оқу құралдарын түгендеу.
- Сабаққа назар аударту.
- Психологиялық дайындық жүргізу.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Қоян» мәтінін 2–3 оқушы әңгімелеп береді.
III. Өткенді қайталау
Ойын: «Жануарларды мекеніне апар»
Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылады. Суреттің артында сұрақ жазылады. Дұрыс жауап берген оқушы жануарды тақтадағы орманға немесе өріске орналастырады.
Қайталау сұрақтары
- Сөйлем неден құралады?
- Сөз неден құралады?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Нақты деректер
- Алфавиттегі әріп саны
- 42
- Дауысты дыбыстар
- 15 (жуан, жіңішке)
- Дауыссыз дыбыстар
- 25 (қатаң, ұяң, үнді)
Слайд арқылы дауыссыз дыбыстардың түрлері көрсетіледі: қатаң, ұяң, үнді.
IV. Жаңа сабақ
Жабайы және үй жануарлары
Орманда мекендейтін жануарлар — жабайы жануарлар. Ал өрісте жайылатын жануарлар — үй жануарлары.
Үй жануарларына сиыр, жылқы, ит, мысық, қой және т.б. жатады. Солардың ішінде қазақ ұғымындағы төрт түлік ерекше орын алады.
Негізгі ой
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болды: сойса — ет, сауса — сүт, мінсе — көлік, кисе — киім. Сондықтан төрт түлік өлең-жырға, мақал-мәтелге, тыйым сөздерге арқау болған.
1) Ойын: «Төлін тап»
Дыбыстық талдауТөрт түліктің төлі болады. Оқушылар сандарды ретімен таңдап, артындағы суретке қарап төлдің атын атайды, кейін сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.
| Төл атауы | Әріп / дыбыс | Дауысты / дауыссыз | Буын |
|---|---|---|---|
| Қозы | 4 әріп, 4 дыбыс | 2 дауысты, 2 дауыссыз | 2 буын |
| Құлын | 5 әріп, 5 дыбыс | 2 дауысты, 3 дауыссыз | 2 буын |
| Лақ | 3 әріп, 3 дыбыс | 1 дауысты, 2 дауыссыз | 1 буын |
| Бота | 4 әріп, 4 дыбыс | 2 дауысты, 2 дауыссыз | 2 буын |
| Бұзау | 5 әріп, 5 дыбыс | 2 дауысты, 3 дауыссыз | 2 буын |
2) Оқулықпен жұмыс (21-бет, 17-жаттығу)
- 1. «Мал атасы» өлеңін түсініп оқу.
- 2. Көркем жазу.
- 3. Бүгінгі күннің жадын жазу.
- 4. Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Сергіту сәті
Оқушылардың назарын экранға аудару арқылы қысқа сергіту жаттығуы орындалады.
3) Оқулықпен жұмыс (18-жаттығу)
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Өлең үзіндісі
Құлыншағым
Құлыншағым — құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
4) Ойын: «Кім жылдам?»
Тыңдау арқылы тануМалдың дыбыстары тыңдатылады. Оқушылар естіген дыбысқа қарай жануарды анықтап айтады.
5) Оқулықпен жұмыс: «Төлді қалай шақырады?»
- 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 2. Өлеңде неше шумақ бар?
- 3. Төлдерді қалай шақырады?
- 4. Мысықты және итті қалай шақырады?
V. Сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма
Мақал-мәтелдерден дауыссыз дыбыстарды табу.
- Малы бардың — жаны бар.
- Елдің көркі — мал.
- Сиыр сауған шөлдемес.
- Сиырдың сүті — тілінде.
- Ат — ердің қанаты.
VI. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
- Ата-бабаларымыз төрт түлікті қадірлеп, қастерлеген. Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?
- 2015 жыл қандай жыл? Қой жылы.
- Анамыз бізді қалай еркелетеді? Мал төлдерінің аттарымен еркелете ме? (құлыным, ботақаным, қошақаным)
- Бүгін не үйрендік? Төрт түлік туралы нені білдік?
- Тілімізде дауыссыз дыбыстар нешеу? 25.
Кері байланыс
Сабақ түсінікті болса — бас бармақ жоғары. Жартылай түсінсеңдер — қиғаш. Түсініксіз болса — төмен.
Түсінікті
Жоғары
Жартылай
Қиғаш
Түсініксіз
Төмен
VII. Үй тапсырмасы
- 23-бет, 19-жаттығу: «Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқу.
- 19-жаттығу: көшіріп жазу.
VIII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.