Мұқағали мұрасы мәңгілік

Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 82 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты кештің мазмұны төмендегідей. Бұл кештің өзегі — ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру, поэзияға сүйіспеншілікті ояту.

Кештің мақсаты

«Қазақ жырының қара бурасы» атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру және жатқа оқуға баулу.

Білімділік

Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық әлемімен таныстырып, ақын поэзиясын шексіз сүюге, жас буынды жыр нәрімен сусындатуға жетелеу.

Дамытушылық

Өздігінен іздену арқылы дерекпен жұмыс істеуге баулу, қазақша сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлауын, өлең оқу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік

Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан өнеге алуға, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз

Құрметті жиналған қауым! Бүгін біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 82 жыл толуына орай «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты поэзия кешінде бас қосып отырмыз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім.

Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қазақ поэзиясына шетсіз-шексіз кеңдік пен көз сүріндірер биіктік әкелген ақын — Мұқағали. Кәусар сезім, тоқтаусыз сағыныш, мұңға тұнған махаббат пен буырқанған шабытты жырмен өрген дара тұлға. Биыл ұлы ақынның туғанына 82 жыл толып отыр. Бүгінгі кеш — «Хантәңірінің мұзбалағы» атанған Мұқағали Мақатаевқа арналған тағзым.

2-жүргізуші

Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас в этом зале. Сегодня мы расскажем о жизни и творчестве неповторимого, выдающегося поэта М. Макатаева. Он — наш современник, и мы верим, что многие из присутствующих уже знают, кто такой Мукагали и чем ценно его творчество.

Қысқаша өмірбаян

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Анасы — Нағиман Батанқызы, әкесі — Сүлеймен. Отбасында Мұқағали, Тоқтарбай, Көрпеш есімді үш ұл өсіп-өркендеді.

Мұқағали 10 жасқа толғанда әкесі майданға аттанып, болашақ ақын әке сағынышын өлеңге айналдырды. Әже тәрбиесін көріп, анасын «Нақа» деп еркелетіп атаған.

Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен?

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен...

1948 жылы мектеп-интернатты тәмамдады. Әр жылдары ауылдық кеңесте хатшы, мәдениет ошағында жетекші, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектепте мұғалім болып еңбек етті. 1976 жылдың 27 наурызында дүниеден өтті. Топырақ бұйырған жері — Алматы.

Орыс тіліндегі қысқаша дерек

Макатаев родился 9 февраля 1931 года в селе Карасаз Алма-Атинской области. Красота родного края стала источником его поэтического дара. Полное имя поэта — Мухаметкали, но с детства его ласково называли Мукагали.

В 1941 году началась Великая Отечественная война, и отец поэта Сулеймен ушел на фронт. Из-за трудностей жизни Мукагали рано повзрослел. Он учился в школе-интернате и работал в разных сферах на родине.

Шығармашылық әлемі

1948 жылы Алматыдағы шет тілдер институтында оқи бастайды, алайда отбасының тұрмыстық қиындығына байланысты оқуын аяқтай алмай, ауылға оралады. Киров атындағы колхозда кеңес хатшысы болып қызмет етеді.

Ақынның өлеңдері жастарды елді, табиғатты сүюге, адамдық биікке ұмтылуға тәрбиелейді. Кеш бағдарламасында оның кеңінен танылған туындылары мен үзінділері қамтылады: «Отан», «Поэзия», «Жас қайың», «Аққулар ұйықтағанда» және басқа да шығармалары.

Көркем оқылым

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді (мәнерлеп оқу).

Ән

«Есіңе мені алғайсың» — әні Л. Әбдіхалықованыкі. Орындайтын: 9-сынып оқушысы.

Тіл, аударма, әлемдік классика

Қарасаз — Хантәңірі баурайындағы бұлағы көп, шалғыны мол өлке. Табиғаттың осы сұлу көріністері ақын жырларында айрықша бедер тапты.

Мұқағали орыс және неміс тілдерін жақсы меңгерген. Ауылда жүріп-ақ кітапқа жақын болды, пошта арқылы талай еңбекті алдырып оқыған. Ол Данте шығармаларын, Шекспир сонеттерін, Уолт Уитмен өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Сахналық көрініс: Бетховеннің 9-симфониясы

Мұқағали Мақатаев немістің ұлы сазгері Бетховенге де арнап өлең жазған. Бірде ол емделіп жатқанда, жазушы Асқар Сүлейменов көңілін сұрап келеді.

Диалог

Мұқағали: Асқар екенің рас болса, екі жыл өмір қоса аласың ба?

Асқар: Қосамын.

Мұқағали: Қалай?

Асқар: Бетховеннің 9-симфониясын тыңдайсың.

Мұқағали: Уақыт өтіп барады. Тез тыңдат. Тек осында әкеп тыңдат.

Асқар: Жарайды, қазір әкелейін.

(Симфония қойылады. Мұқағали тыңдап болып, әсерін айтады. Содан кейін қолына қалам мен қағаз алып, өлең жазады.)

Өлең

«Бетховен» — орындаушы: Кұсаинова Айдана.

Тақырыптық өзек: тіл, ел, Отан

Мұқағали — халқын, ана тілін, Отанын қадір тұтқан азамат ақын. «Үш бақытым» өлеңі арқылы ол кейінгі жас буынды туған елін, тілін, жерін шексіз сүюге шақырады.

Өлеңдер топтамасы

  • «Үш бақытым»
  • «Отан»
  • «Кем болып жаралған жоқпын мен ешкімнен»
  • «Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған»

Сахналық қойылым

Жазушы Нәбиден Әбуталиев жұбайымен бірге ақынның емханада жатқан кезінде көңілін сұрап келеді. Әңгіме өзегінде — ақынның аманаты, өлеңнің мәңгілігі, жарық көрмей қалған мұра.

Сахналық көрініс: «Ақындар өлмейді»

Мұқағали емханада жатқанда Нәбиден Әбуталиевке: «Өлеңдерім сендерге аманат. Менің байлығым да, артыма қалдырған асыл мұрам да — сол», — деп сыр ашады. Сөз арасында ақынның ішкі күйі өлең болып төгіледі.

О, тәңірім, не қылған шаққа айналды,

Түнім тұнжырап, ақ таңым атпай қалды.

Көңілім кеуіп, өзенім ақпай қалды...

Қорытынды ой

Нәбиден: «Білмейсің бе, ақындар өлмейді. Өзі кеткенмен, артында өлмейтұғын өлеңі қалады. Сол өлеңдері — халықтың мұрасына айналады».

Өлеңдер

  • «Қиын не бар?»
  • «Өкінбеймін»
  • «Шыда» (Ералиев)
  • «Жылдарым менің»

Қоғамдық қабылдау және мәңгілік мұра

Мукагали Макатаев своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием и поднял её на небывалую высоту. Его стихи и песни волнуют современных молодых людей так же, как когда-то волновали их отцов и матерей.

Мұқағалидың жолы жеңіл болған жоқ. Десе де, артына өлмейтұғын сөз қалдырды. Бүгінде ол — ең көп оқылатын ақындардың бірі. Мұқағали мұрасы — мәңгілік.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Абай сөзімен түйінделген ой

Ән

«Сәби болғым келеді» (орындау).

Қорытынды

Осымен Мұқағали Мақатаевтың туғанына арналған кешіміз мәресіне жетті. Келесі жүздескенше, күндеріңіз шуақты болсын!

Тілім, елім деп жүрегі соққан жастар көп болсын!

До скорых встреч.