Тойларыңыз тойға ұлассын

«Қош бол, Әліппе!» мерекелік ертеңгілігі

Кеше ғана мектеп табалдырығын именіп аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушыға айналып, барлық ғылымның бастауы саналатын Әліппені аяқтап отыр. Бұл — алғашқы жеңіс, алғашқы үлкен белес.

Мақсаты

  • Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
  • Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, қабілетін көрсету және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
  • Ата-аналарға балалардың 3–4 ай ішінде қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.
  • Жаңа оқулықпен таныстыру және оқуға деген қызығушылықты арттыру.
  • Оқушыларды ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге тәрбиелеу; елін, Отанын сүюге және оны қорғай білуге баулу.

Көрнекіліктер

Қазақ әліпбиі Суреттер Нақыл сөздер «Әліппе» оқулығы «Ана тілі» оқулығы «Математика» оқулығы (мұқабалары) Шарлар

Барысы

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!

Кеше ғана мектеп табалдырығын именіп аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — Әліппені аяқтап отыр.

Мұғаліммен бірге оқып-үйренуге атсалысқан ата-аналар да бар. Ендеше, ортақ еңбегіміздің жемісін бірге көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

І бөлім: Жүргізушілерді таныстыру

Жүргізуші

Ахметов Айдос

Мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының 1-орын иегері.

Жүргізуші

Жұмағазы Нұрахмет

Мектепішілік көркем жазу сайысының 3-орын иегері.

Айдос:

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!