Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
7.2А — Функция. Функцияның графигі
Сабақтың тақырыбы
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 7.4.1.8 — сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді екенін негіздеу.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттей алады.
Бағалау критерийлері
- Білу және түсіну: k және b коэффициенттеріне байланысты сызықтық функция графиктерінің қалай орналасатынын (параллель, қиылысады, қиылыспайды) анықтайды.
- Жоғары деңгей дағдылары: координаталық жазықтықта екі түзудің салыстырмалы орналасуын зерттейді.
Тілдік мақсаттар
Тілдік оқыту мақсаттары
- Сызықтық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды.
- Коэффициенттер арасындағы тәуелділікті және графиктердің өзара орналасу ерекшеліктерін түсіндіреді.
Пәндік лексика және терминология
Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер
- Функцияның графигі ... (координаталар басы нүктесі және т.б.) арқылы өтеді.
- Функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері).
- График абсциссалар осін ... нүктесінде қияды.
- График ординаталар осін ... нүктесінде қияды.
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында оқушылардың оқу дағдыларын және өз бетінше ақпарат жинау қабілетін дамыту көзделеді. Сонымен қатар жағдайды талдау, жаңа ситуацияға бейімделу, мәселе қою және шешім қабылдау, өз және топ жұмысының сапасына жауапкершілікпен қарау, уақытты тиімді ұйымдастыру, көпмәдениеттілік пен өзгенің пікірін құрметтеу құндылықтары қалыптастырылады.
Бұл құндылықтар сабақта жоспарланған іс-әрекет кезеңдерінің барлығы арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Сабақ құрылымы
Сабақтың басы
3 минут- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырады.
- Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын нақтылайды.
- Оқушылардың жақын даму аймағын анықтайды.
- Деңгейлер бойынша (A, B, C) өзіндік және үй тапсырмасын орындау талаптарын түсіндіреді.
- Сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді айқындайды.
Сабақтың ортасы
35 минутСабақта оқушыларға таныс ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер қосылады. Әртүрлі іс-әрекет кезінде оқушылар бағалау парағын толтырып отырады. Сабақ соңында қорытынды жасалып, нәтижелер мұғалімнің журналына белгіленеді.
I. Ой қозғау
4 минутБұл кезеңде өмір бойы білім алуға бейімделу, көпмәдениеттілік және өзгенің пікірін құрметтеу құндылықтары дамытылады.
Презентация бойынша ауызша жұмыс
1) Берілген функциялардың қайсысы сызықтық екенін анықтаңыз.
Мәлімет
- Аймақ
- Алматы облысы, Көксу ауданы
- Мектеп
- Жапсарбаев атындағы орта мектебі
- Мұғалім
- Абдрахманов Т. М.
- Материал
- «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы» (жүктеу)