Сау болыңдар

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы

Тәрбиеші: Жумагулова Гүлжан Базарбаевна

Сабақтың түрі: Ашық сабақ Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат

Мақсаты

Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін қысқы орманға жасалған саяхат арқылы түсіндіру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы эстетикалық талғамын дамыту.

Міндеттері

  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
  • Қысқы табиғат құбылыстарын байқап, бейнелеуге үйрету.

Көрнекіліктер

Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер.

Сабақ барысы

1) Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, достарым!

Тәрбиеші балалардың назарын оқу іс-әрекетіне аударады.

2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап

Тәрбиеші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар

Қыс мезгілі.

Тәрбиеші

Қыс туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1-бала

Әппақ, әппақ қар аппақ,
Айналаның бәрі әппақ.
Қырау-қырау әппақ,
Қар жамылған дала әппақ.

2-бала

Бір топ бала
Қардан соқты аққала.
Мұрны сәбіз үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.

Тәрбиеші

Жарайсыңдар! Орманға барғыларың келе ме?

Балалар

Иә, барғымыз келеді.

Тәрбиеші балаларға «паровозға» мініп, әндетіп жолға шығуды ұсынады.

3) Қысқы орманға саяхат (сахналық көрініс)

Тәрбиеші

Міне, балалар, орманға да жеттік. Не көріп тұрсыңдар?

Балалар

Шыршалар мен ағаштарды көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: «Орман қандай тамаша! Ауасы қандай керемет, айналаның бәрі әппақ!»

Тәрбиеші

Мына ағаштың түбінде не отыр?

Балалар

Ақ қоян.

Қоян

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар

Сәлеметсіз бе!

Қоян

Орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар

Орманды көруге келдік.

Сұрақ

Ал мынау ненің апаны?

Жауап (қоян)

Бұл — аюдың апаны.

Сұрақ

Қардың үстіндегі іздер кімдікі?

Жауап (қоян)

Мынау — менің іздерім, ал мыналары — әр түрлі құстардың іздері.

Тәрбиеші балаларға қоянға көмектесуді ұсынады: аңдардың ізі мен қардың суретін салып көрсету.

Балалар қоянды өздерімен бірге топқа шақырып, сурет салуды үйрететіндерін айтады. Қоян балалармен бірге «паровозға» мініп, әндетіп топқа оралады.

4) Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

Тәрбиеші балаларға аздап қимылдап, сергіп алуды ұсынады.

5) Шығармашылық жұмыс

1

1-топ: Қар ұлпаларын бейнелеу

Балалар саусақ ұшымен қар ұлпаларын бейнелейді.

  • Қардың «жеңіл» әрі «ұсақ» құрылымын көрсету.
  • Саусақпен нүктелеу арқылы ырғақ пен үйлесімділікті сезіну.
2

2-топ: Аңдар мен құстардың іздері

Балалар саусақтары мен жұдырықтарын пайдаланып, әртүрлі аңдар мен құстардың іздерін бейнелейді.

  • Іздердің көлемі мен бағытын салыстыру.
  • Қарапайым пішіндер арқылы мағыналы бейне құрастыру.

6) Қорытынды және қоштасу

Қоян

Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Суретті керемет салдыңдар. Рахмет! Мен енді орманға қайтайын. Сау болыңдар!

Балалар

Сау болыңыз!

Негізгі түйін

Қысқы орманға «саяхат» балалардың табиғатқа қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаға жанашырлық сезімін күшейтеді. Саусақпен бейнелеу тәсілдері арқылы ұсақ моторика, қиял және эстетикалық талғам дамиды.