Сыныпты ертегі кейіпкерлерінің суретімен екі топқа бөлу
Сабақ туралы ақпарат
Сабақ
№3 — Ертегінің композициясы мен тілдік құрылымы
5-сынып
Сабақ тақырыбы
«Керқұла атты Кендебай»
Мектеп және мұғалім
- Мектеп
- №83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
- Мұғалім
- Төлбасиева Ә.
Оқу мақсаттары
-
1
5.АИ1
Әдеби шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
-
2
5.АИ3
Шығармадағы тілдік бейнелеу және суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атайды.
- Кейіпкерлерді іс-әрекеттеріне қарай сипаттайды.
- Өз сөзімен ертегі мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді.
- Сыныптастарының көмегімен тілдік құралдарға қатысты ұғымдарды табады.
Оқушылардың басым көпшілігі
- Тілдік құралдарды ажыратады және сәйкестендіреді.
- Кейіпкер образын ашуда тірек сөздерді тиімді қолданады.
Сабақтың басы (5 минут)
Кіріспе әсер
Сабақ басында есіктің сарт етіп жабылған және құлыптың салынған дыбыстары ойнатылады. Мұғалім оқушыларға: «Бізді зұлым хан зынданға тастады. Зынданнан шығу үшін бірнеше шарт қойылды. Қане, шартпен танысайық. Бұрышта бір хат жатыр, соны оқиық. Мүмкін, бұл құпия хат шығар», — дейді.
Құпия хат мәтіні
«Әп, бәлем, қолыма түстіңдер ме? Енді Мергенбайдың күнін кешесіңдер! Бұл зынданнан шығу үшін менің шартымды орындауға тиіссіңдер. Ол үшін жасырылған сөздер мен сілтемелерді тауып, онда жазылған тапсырмаларды орындайсыңдар. Орындай алмасаңдар, осы зынданда өмір бойы қаласыңдар!»
Хатты бір оқушы дауыстап оқиды.
Топқа бөлу
Шарттарды жылдам орындау үшін сынып екі топқа бөлінеді. Ол үшін ертегі кейіпкерлерінің суреттері ұсынылады: Кендебай, Керқұла, қойшы, арыстан, қасқыр, дәу. Әр суреттің астында 1 немесе 2 саны жазылады. Оқушылар сол сандар бойынша екі топқа бірігеді.
Кендебай
1 немесе 2
Керқұла
1 немесе 2
Қойшы
1 немесе 2
Арыстан
1 немесе 2
Қасқыр
1 немесе 2
Дәу
1 немесе 2
Ескерту
Материалда «Керқұла атты Кендебай» ертегісіне қатысты қосымша ресурс (жүктеу) көрсетілген.