Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірек мағлұмат беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
Оқушыларды еңбекке баулу, елін және жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Кезекшімен сөйлесу.
II. Үй жұмысын тексеру
Мұғалім өткен сабақтағы Ыбырай Алтынсариннің оқылған әңгімесін еске түсіріп, сұрақтар қояды. Оқушылар жауап береді.
Қайталау тапсырмалары
- 4 оқушы тақтаға шығып, мәтінді рөлге бөліп жатқа оқиды.
- Үйге берілген тапсырма нақтылап сұралады.
- «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын өз сөздерімен жеткізу (2–3 оқушы).
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақ қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Сәтбаевқа арналады. Оқушылар слайд-шоуды тамашалап, мұғалімнің әңгімесін тыңдайды.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын дәптерге жазып, мәтінге кіріспес бұрын жаңа сөздермен танысады.
IV. Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздер алдымен мұғалімнің үлгісімен оқылады, кейін оқушылар хормен және жеке-жеке қайталайды. Одан соң сөз тіркестері құрастырылады.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Көпқырлы | разносторонний |
| Ықпалын тигізу | оказать влияние |
| Қағида | правило |
| Қорған | защита, опора |
| Ұшан-теңіз | безгранично |
| Баршынгүл | гладиолус |
| Бөртегүл | сирень |
V. Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды.
- Мәтін 3 бөлікке бөлініп, 3 оқушы кезекпен оқиды.
VI. Топтық жұмыс
Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр бөлім бойынша атау қойып, синонимдермен жұмыс істейді, мақал-мәтелдердің мағынасын талдайды және сөздерді тәуелдік жалғауымен септейді.
I топ
- I бөлікке ат қою.
- Синонимдерін табу: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
- «Бейнетте — береке» тіркесінің мағынасын түсіндіру.
- Еңбек сөзін I жақ тәуелдік жалғауында септеу.
II топ
- II бөлікке ат қою.
- Синонимдерін табу: байлық, ерлік, ұшан-теңіз, тірегі.
- «Жер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» мақалын талдау.
- Ерлік сөзін II жақ тәуелдік жалғауында септеу.
III топ
- III бөлікке ат қою.
- Синонимдерін табу: есім, ықпал, үлкен, жан-жақты.
- «Ерлік — ердің ісі» тіркесінің мағынасын талдау.
- Ел сөзін III жақ тәуелдік жалғауында септеу.
VII. Сөйлесу (диалог)
Оқушылар жаңа тақырып бойынша диалог құрып, негізгі ойларды өз сөздерімен жеткізеді.
VIII. Қорытынды
- Сабақты қорытындылау.
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Үйге тапсырма: «Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу.