Көркем музыкалық шығарманың түрі

Ашық сабақ • 4-сынып • Ән салу

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Абдразакова Гүлнаш

Оқушы

Дәуренұлы Әділжан

Тақырып

Вокализ. Г. Панофка (№1)

Білімділік

Шығармамен сауатты жұмыс істеуге үйрету; орындауда дыбыс тазалығына және шығарманың ерекшеліктеріне назар аударту.

Дамытушылық

Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-өрісін кеңейту, қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Тәрбиелік

Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, үнемі ұқыпты дайындалу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ-жауап

Көрнекілік

Г. Панофканың суреті, аспап

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру.
  • Дауыс қыздыру және тыныс алу жаттығулары.

Тыныс алу және дыбыстау үлгілері

ми – и – ро до – ре – ми – фа – соль я – а – а – а лё – о – о
II

Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1.Вокализ №28 (Велинская)
  2. 2.«Екі жирен» (халық әні)
  3. 3.«О, не целуй меня» (А. Варламов)
  4. 4.«Күнге табыну» (С. Бәйтереков)
III

Жаңа сабақ: Г. Панофканың №1 вокализі

Композитор туралы

Генрих Панофка — неміс композиторы (1807 ж. 3 қазан – 1887 ж. 18 қараша), әнші, скрипкашы және дирижер. Білімді туған қаласында алады. Әкесінің қалауымен Бреслау университетінің заң факультетіне түссе де, музыкаға қызығушылығы басым болды.

  • Венада Иозеф Майзедердің жетекшілігімен музыкамен айналысты.
  • 1827 ж. Германияға жеке әнші ретінде гастрольге шықты.
  • 1831 ж. Берлинде музыкалық журналист болып жұмыс істеді.
  • 1834 ж. Парижге келіп, консерватория оркестрінде ойнады әрі журналистиканы қатар алып жүрді.
  • Марко Бордоньиден ән сабақтарын алды.
  • 1842 ж. Бордоньимен бірге ән сүйер қауым академиясын ашты.
  • 1847–1852 жж. Лондонда вокалдан сабақ беріп, хор дирижері болды.
  • Кейін Парижге оралып, педагогикалық қызметпен айналысты.
  • 1866 жылдан өмірінің соңына дейін Флоренцияда еңбек етті.

Негізгі ұғым: «Вокализ»

Вокализ — дауыс әдемілігін және орындау техникасын дамытуға арналған жаттығу. Фортепианодағы этюд саусақ техникасын өсірсе, вокализ дауыстың техникасын жетілдіреді. Вокализ әдетте нотамен орындалады.

Панофка вокализдері

Г. Панофка барлық дауысқа арнап вокализдер жазған. Оның вокализдер жинағында 24 вокализ бар.

№1 вокализдің орындаушылық ерекшеліктері

  • Тональдігі: ре минор (кілт жанында си бемоль белгісі бар).
  • Темпі: асықпай, байыппен орындалады.
  • Дыбыстау: фразалар лигада үзілмей айтылады.
  • Орта тұсында реприза белгісі бар; содан кейін өз темпінде жалғасады.
  • Аяқталуы: ре мажор тональдігінде тәмамдалады.
Орындау реті: алдымен мұғалім үлгі ретінде айтып көрсетеді, кейін оқушымен бірге қайталанады.

Сергіту сәті: музыкалық кроссворд

Көлденеңінен

1. Музыкалық драмалық шығарма: ән, би, диалог кезектесіп орындалады; көңілді, жеңіл.
Жауабы: Оперетта
5. Музыкалық клавишті аспап.
Жауабы: Фортепиано
4. Жоғары регистрлі, 4 ішекті ысқышты аспап.
Жауабы: Скрипка
5. Көркем образды дыбыспен бейнелейтін өнер.
Жауабы: Музыка
6. Көркем музыкалық шығарманың түрі.
Жауабы: Жанр

Тігінен

1. Музыкалық драмалық шығарма: кейіпкер оркестр сүйемелдеуімен ән шырқайды.
Жауабы: Опера
2. Әнімен және сөзімен орындалатын шығарма.
Жауабы: Песня
3. Ысқышты аспап: орташа регистрлі, скрипка мен контрабас аралығында.
Жауабы: Виолончель
4. Шағын лирикалық музыкалық-поэтикалық шығарма, дауысқа арналған.
Жауабы: Романс
5. Ағаштан жасалған үрмелі аспап, жоғары тонды басқыштары бар.
Жауабы: Флейта
6. Музыкалық аспапта ойнайтын әртіс.
Жауабы: Музыкант
V

Сабақты қорытындылау

Талқылау сұрағы 1

Вокализ дегеніміз не?

Талқылау сұрағы 2

Панофка қай елдің композиторы?

VI

Үйге тапсырма

  • «О, не целуй меня» (А. Варламов) — орындауға дайындалу.
  • «Күнге табыну» (С. Бәйтереков) — мәтінін жаттау.
  • Г. Панофка вокализі — динамикалық белгілерін сақтап, таза орындап келу.

Бағалау

Оқушының орындауы мен дайындығы ескеріліп, білімі бағаланады.

Материал

Тақырып: «Вокализ» — Г. Панофка.