Жоқты күтпе

Мағжан Жұмабаев

(Кольцовтан)
- Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.
Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам,
Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам!
Қартайғанда, кет! деген бұраң белмен
Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам!
- Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң,
Қайтып татар нәрсе емес, бір татқан соң.
Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма,
Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!



Ұқсас жұмыстар

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Тэмүүжин)
Бала тәрбиесі туралы
Біреудің баласын сүйе біл
Ұл бала келбеті
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары туралы
Зейін Шашкиннің «Доктор Дарханов» романындағы штрих пен деталь
Ахмет Иассауи Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнеті өкілі
Қазіргі егіншілік жүйесінің ерекшеліктері
Сөйлем мүшелері
Тұқымның тіршілік ұзақтығы
Өмір тонын кигізіп, Жоқты бар қып жүргізер
Балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтарының жоқтығы
Абайдың қырық екінші қара сөзіҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СӨЗҚазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы
Қазақстанның ғарыштық проблемаларыӘлемдегі ең көп пайдаланылатын ғарыш айлағы бар Қазақстанның космостық державаға айналуына ракеталық технологиясының жоқтығы кедергі болып отыр
Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа
Тұманбай Молдағалиев өлеңіДосым Жанысбекке ескерткішКетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей, Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей
Егер менің жоқтығым сенің өміріңде ештеңе өзгертпесе, онда сенің өміріңде болуымның да қажеті шамалы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы