Ахмет БайтұрсыновҚалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ

Ахмет Байтұрсынов

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды - артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті сынағандай,
Сақтар деп, сақтар болса - сертпен жүрдік.
Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске екі - үш күндік.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік.
Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? -
Деп отыр, - не болса да жұртпен көрдік .
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
А. Байтұрсыновтың өмірі
Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне сіңірген еңбегі
А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
Бес Арыс туралы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
«Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында
Қожа Ахмет Яссауи туралы
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ
АХМЕТ ЖҰБАНОВ
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер
Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынов
Бірімжанов Батырбек Ахметұлы
Қонаев Дінмұхамед Ахмет ұлы