Балалар ұямыз дайын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №23 балабақша. Тәрбиеші: Салықбаева Альфия Еркенқызы.
Білім саласы
Таным
Бөлім
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы
«Пішіндер қалашығына саяхат»
Мақсаты
- Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
- Пішіндерге ұқсас заттарды табуға және ұқсас заттарды топтастыруға дағдыландыру.
- Пішіндерден бейне құрастыра білуге бағыттау.
- Түстерін дұрыс атап айтуға үйрету.
Көрнекілік
- Геометриялық пішіндер (магнитті).
- Үлестірмелі текшелер.
- Магнитті тақта.
- Құс ұясы (үлгі/макет).
- «Сиқырлы» (зерек) қалам.
- Иллюстрациялы суреттер.
Пәнаралық байланыс
Әдіс-тәсілдер
Билингвалды компонент
қалашық
городок
үшбұрыш
треугольник
шеңбер
круг
төртбұрыш
четырёхугольник
шаршы
квадрат
құс ұясы
гнездо
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз, Гүлдей жайнап өсеміз. Шаттық құрып шеңберден, Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суретке аударып, жыл мезгілдерін қайталатады:
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Ауа райы қандай?
Саяхатқа шақыру
Бүгін біз сендермен «Пішіндер қалашығына» саяхатқа шығамыз. Ол үшін пойызға мінеміз. Біздің пойыз — жай пойыз емес, Ғажайып пойыз.
Пойызымыз дайын сияқты. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Қандай? Дөңгелек!
Тапсырма
Әртүрлі домалақ заттардың арасынан пойыздың дөңгелегіне ұқсасын табайық (мысалы: торт, доп, тәрелке және т.б.).
Өте жақсы! Енді Ғажайып пойызымызбен межелі жерге тез жетеміз.
Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
Пішіндер қалашығына келдік
Мінекей, «Пішіндер қалашығына» келіп жеттік. Қандай керемет! Ортадағы үстелдерге жайғасайық.
Қалашық тұрғындары сендерге арнайы тапсырмалар дайындапты. Оларды бірге орындаймыз ба?
Жұмбақтар арқылы пішінді табу
Жұмбақ
Бұл орамның пішіні, Бауырсақтың да мүсіні. Кішірейтсек біз мұны — Тоқаш наны боп шығады.
Жауабы: дөңгелек (шеңбер). Дөңгелекті ауада «сызып» көрсетейік.
Жұмбақ
Төрт бұрышы да тең түскен, Жақтауы да тең. Мұндай пішін, мен білсем, Шаршы болады екен.
Жауабы: шаршы.
Жұмбақ
Үш бұрышы бар, үш қабырғасы бар, Ұзындықтары әртүрлі болуы мүмкін. Ол не?
Жауабы: үшбұрыш.
«Зерек қалам» көмегімен таныстыру
Көмекші досымыз — «Зерек қалам». Ол бізге пішіндердің суреттерін көрсетіп, атауларын нақтылауға көмектеседі.
Ойын: «Зат қандай пішіннен құралған?»
Алдарыңдағы магнитті пішіндерден мен айтқан жұмбақтың шешуін құрастырып көрсетіңдер.
Жұмбақ
Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің.
Жауабы: шырша. Қандай пішіндерден құралады (үшбұрыш, төртбұрыш және т.б.)?
Жұмбақ
Төрт қабырғасы, шатыры бар. Ол не?
Жауабы: үй. Пішіндерден құрастырып көрсетейік.
Ойын: «Қай пішінге ұқсайды?»
Тақтадағы суреттерге қарап, қай зат қай пішінге ұқсайтынын айтамыз.
Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Оң қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да. Үшбұрыш сыз ауада, Сол қол босқа тұрмасын — Шеңбер жасап тынбасын.
Логикалық сұрақтар
- Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
- Дөңгелекте бұрыш бола ма?
- Алма ағашта бес алма. Бесеуін жеп қойсаң, ағашта неше алма қалады?
Балалардың сұрақтары
Ерасыл: Төрт қонжық орманда келе жатты. Біреуі шаршады да әрі қарай бармады. Қанша қонжық кетті?
Әнел: Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы...?
Ойын: «Жоғалған пішінді тап!»
Тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балалар көзін жұмады, тәрбиеші бір пішінді алып тастайды. Көздерін ашқан соң, қай пішін жоғалғанын айтады.
Пішіндер туралы тақпақтар
Айым: Пішіндерді үйрендім, қабырғасы тік сайлы. Үшбұрыш бұл үйлердің шатырына ұқсайды.
Асқар: Бөлініп-ап екіге, отырған сәт шетінде. Төртбұрышқа ұқсайды үстелдердің беті де.
Күтпеген кейіпкер: Батыр және құстарға қамқорлық
Күзде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ал кейбірі қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын құстар деп атаймыз.
Осы кезде Батыр келеді. Қолында ағаштан жасалған кішкентай ұя макеті бар.
Диалог
Тәрбиеші: Батыр, сен қайдан келе жатырсың? Неге көңіл күйің жоқ?
Батыр: Күн суық. Мен суықта қалған торғайларға арнап әкеме ұя жасатып жатырмын. Бірақ торғайлар көп, ал ұя аз. Олар тоңып қала ма деп уайымдап тұрмын.
Тәрбиеші: Батыр — нағыз құстардың қамқоршысы. Балалар, сендер де Батыр сияқты қамқор боласыңдар ма?
Енді құс ұясын қандай пішіндерден жасауға болатынын ойланайық.
Еңліктің тақпағы
Құстарға ұя жасайық, Үстіне қойып үшбұрыш. Әдемі үйшік болады, Астына қойсаң төртбұрыш. Құс келсін десең ұяға, Дөңгелек қой ортаға.
Рефлексиялық-түзету кезеңі
Құрастыру жұмысы
Тақтаға қараңдар: қандай бейне құрастырдық? Енді балабақша ауласындағы ағашқа өз қолымызбен ұя жасап ілейік.
Дайын үлгілерді тетігіне келтіріп құрастырамыз. Ұямыз дайын болған соң, аулаға апарып ілеміз.
Қорытынды әңгіме
- Біз қайда саяхатқа бардық?
- Ол жерде қандай пішіндер кездесті?
- Тағы қандай тапсырмалар орындадық?
- Ұя жасау ұнады ма?
Сыйлық сәті: «Бақыт құсы»
Айсұлу
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Бақыт құсымын. Сендердің жасаған ұяларыңды көрдім. Көп рақмет! Мынау — сендерге сыйлық. Сау болыңдар!
Балалар, тыңдаңдаршы: қандай дыбыс естіліп тұр? Қыстап қалатын құстар біздің жасаған ұямызды күтіп тұрған сияқты. Ендеше, барып ұямызды ілейік.
Соңында қонақтармен қоштасамыз: «Сау болыңыздар!»
Күтілетін нәтиже
Білуі
Балалар геометриялық пішіндерді ажыратады және дұрыс атайды.
Меңгеруі
Заттардың қандай пішіндерден құралатынын түсінеді және анықтай алады.
Жасай алуы
Үлестірмелі материалдармен берілген тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
Қосымша материалдар
Толық нұсқаны және слайдтарды жүктеу бөлімдері осы жазбаға тіркелуі мүмкін.