Жүрегімде таныстым мұң тіліммен
Тәрбие сағаты
Тақырып
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан.
Мақсат
- Оқушылар бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді ояту.
- Отанын, елін сүюге және мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.
- Мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.
- Өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Бұл — халқымыздың тарихи жадын жаңғыртып, Желтоқсанның мәнін ұлттық ар-намыспен байланыстыра тануға бағытталған тағылымды кездесу.
Жүргізушілер сөзі
I жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бұл қазақ не көрмеді? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында бір миллионға жуық қазақ қаза болды.
II жүргізуші: 1916–1921 жылдар аралығында сегіз жүз мың адам қырғынға ұшырады. 1930–1936 жылдары Голощекиндік геноцид кезеңінде шамамен екі миллион екі жүз мың қазақ аштан қаза тапты.
I жүргізуші: Ұлы Отан соғысында үш жүз елу мың ұл-қыздан айырылған қазақ халқының саны он екі пайызға кеміді.
II жүргізуші: 1915 жылы қазақ халқының саны алты миллион болса, 1945 жылы ТМД бойынша екі миллион алты жүз елу мыңға әрең жеткен.
Желтоқсан — ұлт рухының сын сағаты
I оқушы: Жанартаулар бұғып жатып бір атылады. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға малынған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті.
II оқушы: Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған — әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Қалың жұрт ұлттық жаңарудың елдігіміз бен есендігіміздің бастауы болсын деп тіледі.
I жүргізуші: Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жиырма бес жыл елімізге көптеген өзгеріс әкелді: ұлттық санамыз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік.
II жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан» атты тарихи-музыкалық қойылымды 2 «Б» және 2 «В» сынып оқушылары Желтоқсан жылнамасының мәлім және беймәлім беттеріне арнайды.
Өлең жолдары: тіл, намыс, елдік
I оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Құшақ жая таныстым сан тілімен.
«Жаман үйде қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп, ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ тілінен.
II оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.
Жүрегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
III оқушы:
Мен жігітпін — айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Пәк салтанат салтымды сүйемін мен,
Бақ орнаттым моланың басына да.
Мұрагермін де, иемін мен.
Музыкалық үзіліс
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
Әділетсіз шешім қабылданып, бір ұлттың ар-намысы таразыға түскен сын сағатта дүлей күнге қаймықпай қарсы тұрған жастардың ерлігі ұрпақтан ұрпаққа жетеді.
Дерек: ұсталғандар мен зардап шеккендер
Комиссия қорытындысы
Жоғарғы Совет Президиумының комиссиясы ұсталғандар саны шамамен 8500 адам болғанын анықтады.
- Прокуратура есебі: 5324 адам.
- Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті: 850 адам.
- Сотталғандар: 99 адам.
- Ату жазасына кесілгендер: 2 адам.
Жарақат пен медициналық көмек
- Бас пен мойыннан жараланғандар: 243 адам.
- Милиция бөлімдеріне жеткізілгендер: 2400 адам.
- Олардың ішінде қазақтар: 3202 деп беріледі.
- Госпитальға жатқызылғандар: 369 адам.
- Олардың ішінде қазақтар: 363.
Ескерту: мәтіндегі кей деректер әртүрлі есептеулермен берілген; тарихи деректерді салыстырып қарастыру маңызды.
Ақын тағдыры — ұлт тағдыры
IV оқушы:
Қазақы өлең қаншама рет «ах!» ұрды,
Отыз бірде талай дана атылды.
Отыз жетіде Сәкен менен Ілияс,
Елге атылған оқты өзіне шақырды.
V оқушы:
Жетпіс алтыда Мұқағали алыпты,
Күйікпен у теңізіне батырыпты.
Біздің заман бетін тырнап алатын,
Өлең үшін өлтіреді ақынды.
VI оқушы:
Талантына азап пен сор жақын ба?
Жырымен гүл өсіретін тақымда.
Бірінші боп зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда.
Сексен жеті дүрліктіріп даланы,
Үкім тақты тағы да бір ақынға.
Қайратқа байланысты жүргізілген тергеудің көптеген қыры бүгінге дейін толық ашылмай келеді.
Түрме жыры
Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?
Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік.
Күніне ұзатады үш тілім нан,
Өлмейтін саған тиер осы несіп.
Ақтық сөз
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең — алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты — құрбандық,
Атам десең — атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат.
VII оқушы:
Кінәлі ме ақын Қайрат, ер Қайрат?
Ауа жетпей атылып шыққан алаңға,
Қылғындырған қиянатқа көнбеді,
Тапталғысы келмеді оның табанда.
VIII оқушы:
Әсте естен шығармайды жыр мұны,
Айтады оны домбыраның күмбірі.
Аты аталса күрсіндірер, жылатар —
Желтоқсандық азаматтың құрбаны.
Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.