Сынып сөзін талдау
Әліппе, 1-сынып
Мақсаты
Оқушыларды «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру; сөздік қорын, тіл байлығын және ойлау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
-
Сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады.
-
Тапсырмалар арқылы алғырлыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа және көркем жазуға машықтанады.
-
Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, бірін-бірі тыңдауға, дәлелдеуге және ортақ шешімге келуге үйренеді.
-
Өзін-өзі реттеп, дыбыстарды өзара ажырата алады.
-
Жаңа үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.
-
Сыни ойлау дағдылары қалыптаса бастайды.
Керекті жабдықтар
- Түрлі түсті борлар
- Стикерлер
- Маркерлер
Дереккөз
«Әліппе», Атамұра баспасы, 2012 жыл. Авторлар: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова.
Тапсырмалар
Дыбыстық талдау
Сөз ішіндегі дыбыстарды анықтау, орнын белгілеу.
Буынға бөлу
Дауысты дыбыстар санына сүйеніп буынды табу.
ЖЖ / ТЖ / СЖ
Жеке, топтық және сыныптық жұмыс түрлері арқылы орындау.
Сабақ барысы
Кіріспе: психологиялық дайындық
«Шаттық шеңберін» құрып, бір-бірімен сәлемдесіп, жылы лебіз білдіру арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.
Өлең жолдары
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз,
Баршаңызға құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қызығушылықты ояту: сұрақ-жауап және ойын
Жуан және жіңішке сұрақтар
- Қазір қай мезгіл?
- Күзде жапырақтар қалай өзгереді?
«Жапырақ теру» ойыны
Әр жапырақтың ортасындағы сұрақтарға жауап беру арқылы өткенді қайталау ұйымдастырылады.
- 1Әріп дегеніміз не? (Әріпті жазамыз және көреміз.)
- 2Әріптің қандай түрлері бар? (Баспа, жазба; бас әріп, кіші әріп.)
- 3Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз және айтамыз.)
- 4Дыбыстарды нешеге бөлеміз? (Екіге: дауысты және дауыссыз.)
- 5Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (Екіге: жуан және жіңішке.)
- 6Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (Үшке: қатаң, ұяң, үнді.)
- 7Буын дегеніміз не? (Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.)
- 8Сөз неден құралады? (Сөз әріптерден құралады.)
Жұмбақ
Білезікке қарайық, ұқсайды оған қай әріп?
Жауабы: «С»
Оқулықпен жұмыс: «С» әрпі
«С» әрпіне қатысты сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру және дыбыстық талдау жасау.
«Сынып» сөзін талдау
Сы-нып сөзінде екі буын бар. «С» дыбысы сөздің басында кездеседі.
Сөздік жұмысы (мысалдар)
- сағат
- уақытты көрсететін құрылғы
- сан
- айтылады, естіледі
- сана
- қимылды білдіретін сөз
- санат
- дәрежесі, біліктілік деңгейі
- саба
- ұру, соғу қимылы
- сабақ
- дәріс
- маса
- жәндік
- масақ
- бидайдың масағы
- самал
- жел, жеңіл леп
- бас
- дене мүшесі
- қос
- жұп
- дос
- әрдайым қасынан табылатын адам
Диалогпен жұмыс
Оқулықтағы диалогты дауыстап оқыту, оқылым қарқынын және дұрыс дыбыстауды бақылау.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады (әуен/бейне: Ахбалина А.).