Тайыр Жароков (1908 - 1965)Құмдағы атам заманғыСаздан соққан бір лашықТозған, іші қараңғы, Қабырғасын құм басып

Тайыр Жароков (1908 - 1965)

Құмдағы атам заманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.

Едені тас, төбесі
Талдан өріп жабылған
Шағын екі бөлмесі
Көзге күңгірт шалынған.

Мұржасы да мұжылған,
Дауыл, жауын-шашыннан.
Оған жалғас созылған
Үй көрмейсің қасынан.

Жоқ көшесі тағы үйдің,
Жоқ бұл үйдің нөмірі,
Сонда да оны танимын,
Мәлім маған өмірі...

Жаман деп бұл үй неге
Менсін, мейлің менсінбе
Келген кезде дүниеге
Туғам өзім осы үйде.

Осы бір үйдің әр тасы,
Жылы ұшырап өзіме,
Мұжылса да мұржасы
Көрінді ыстық көзіме...

Міне, бөлмем – әлдилеп
Мені анам тербеткен,
Тұла бойды ән билеп,
Тал бесікте ер жеткем.

Әне төбе, аптығып
Жасымда асық ойнаған,
Тал - шыбықты ат қылып,
Жүгендеп жіп байлаған.

Сол бала кез айналып,
Көз алдыма оралып
Келгендей - ақ таңғалып,
Қалдым біраз ойланып...

Көргенде ескі үйімді,
Бала кез кеп ойыма,
Шешіп – ақ киімді
Келді ойнағым құмына.

Бүгін жақсы тұрмасам,
Осы үй жақсы дер едім,
Осы үйде туған, тыңдасаң,
Менің тұңғыш өлеңім.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 а сынып оқушысы Бисенбаева Жаннұр



Ұқсас жұмыстар

Шығарма тілінің көркемдігін анықтау
Қазақтың кәсіби әдебиеті
Жайықта мен қазақпын
Қайран, Хамаң!
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Ақындар шығармалары
М. Әуезовтың өмірі
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
2005 жыл ішінде геологияның даму қорытындысы
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Абай атама
Австралия жағаларының пішіні
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ