Сабақты пысықтау
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеуді шешу әдістері
Бұл сабақ жоспары квадрат теңдеулерді шешу тәсілдерін жүйелі түрде меңгертуге, білімді бекітуге және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сілтемелер мен ресурстар
- Алгебра 8-сынып оқулығы
- Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық
- Интернет ресурстары
Жалпы мақсат
Оқушыларға тақырып бойынша толық әрі терең білім беру; алған білімдерін жинақтау, жүйелеу және бекіту. Логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, математикаға қызығушылықты арттыру. Оқуға жауапкершілікпен қарауға және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері
- Өз пікірін айтуға және өзгенің ойын құрметтеуге үйренеді.
- Пікірталас жүргізу мәдениетін қалыптастырады.
- Топпен жұмыс арқылы еркін ойлауға және сенімді сөйлеуге дағдыланады.
Туындайтын идеялар
Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу барысында берілген тапсырмаларды топта талқылап шығару оқушылардың түсіну деңгейін тереңдетіп, білімін толықтыра түседі.
Сабақ құрылымы мен тапсырмалар
-
1Ұйымдастыру кезеңіКөтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға арналған психологиялық тренинг.
-
2Үй жұмысын тексеруСлайд арқылы өзара тексеру және бағалау: әр дұрыс жауап — 1 ұпай (7 минут).
-
3Қайталау«Қайталау — оқу анасы» сәйкестік тесті.
-
4Ой қозғауТоптастыру стратегиясы, математикалық домино ойыны және бақылау сұрақтары.
-
5Жаңа тақырыпты өздігінен түсіндіруОқушылар тақырып мазмұнын өз сөздерімен түсіндіріп, негізгі ұғымдарды нақтылайды.
-
6Сергіту сәтіҚызықты логикалық сұрақтар: әр дұрыс жауап — 1 ұпай. Барлығы 12 сұрақ (6 минут). Дұрыс жауапқа қол жоғары, қате жауапқа қол алға созылады.
-
7Оқулықпен жұмысТоптар есепті түсіндіріп, тақтада шығарады; қалғандары дәптерге орындайды. Соңында тексеріліп, сұрақтарға жауап беріледі.
-
8Деңгейлік тапсырмаларӘр оқушы тақтадағы жауап арқылы өзін-өзі тексереді: әр дұрыс жауап — 1 ұпай (8 минут).
-
9Сабақты қорытындылауӘр топ квадрат теңдеуді шешу алгоритмін құрастырады.
-
10Рефлексия: «Табыс ағашы»
Тақтада ағаштың суреті беріледі: діңі — жаңа тақырып, жасыл желек — экология, ал жемісі — сендердің алған білімдерің. Оқушылар таңдаған алмасын алып, ағашқа жапсырады.
Жасыл алмаМаған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алмаТақырыпты түсіндім, бірақ есептеу кезінде қиналдым.
Қызыл алмаСабақ маған түсініксіз болды.
-
11Үй тапсырмасыҮй тапсырмасы сабақ соңында нақты тапсырмалармен беріледі (оқулыққа сәйкес).
-
12БағалауСабақ бойындағы ұпайлар нәтижелік картаға түсіріліп, қорытынды баға шығарылады.
Мұғалімнің жазбалары
Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыныпты төрт топқа бөлемін: үшбұрыш, трапеция, параллелограмм, ромб.
Әр оқушыға нәтижелік карта таратылады. Оқушы сабақ барысында өз ұпайларын белгілеп, оқу үдерісін бақылап отырады.
Жаңа білімді ашуға арналған сұрақтар
Біз теңдеу мен теңсіздік туралы айттық. Ендеше, квадрат теңдеу дегеніміз не?
Квадрат теңдеуді шешудің неше әдісі бар?