Топтарға тапсырма

Әдебиеттік оқу (3-сынып)

Сабақ тақырыбы: Әуелбек Қоңыратбаев — «Киіктің айласы»

Сабақ мақсаты

  1. Киік туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың айла-тәсілдерімен таныстыру.
  2. Жануарлардың тіршілік ортасы мен іс-әрекет ерекшеліктерін бақылау, зерттеу және ізденіп оқу дағдысын дамыту.
  3. Жан-жануарларды аялауға, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • АКТ (бейнематериал, презентация)
  • Топпен жұмыс
  • «Миға шабуыл»
  • «Түртіп алу» стратегиясы
  • «Дөңгелек үстел» әдісі

Көрнекіліктер

Презентация Карточкалар Стикерлер Бағалау картасы

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Жұп/топ
  • Мақал-мәтелді қиықтардан құрастырып, тұтастыру.
  • Құрастырылған мәтіндер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Оқиға неден басталады?
  • Балалардың әрекетін әңгімелеңдер.
  • Мұхтарға мінездеме беріңдер.
  • Оқиға қалай аяқталды?

Қызығушылықты ояту

АКТ

Киік жануары туралы қысқа бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа кіріспе жасалады.

3) Автор туралы ақпарат

Таныстыру

Әуелбек Қоңыратбаев (1905–1986) — түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклорын, көне түркі поэзиясын зерттеуге және қазақ әдебиетін мектепте оқыту мәселелеріне арналған.

Негізгі еңбектері:

  • XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы
  • «Қозы Көрпеш — Баянсұлу» жыры туралы
  • «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»

Мәтінмен жұмыс: «Киіктің айласы»

Оқу тәсілі

Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды. Оқу барысында «Түртіп алу» стратегиясы қолданылады:

Білемін

Алдын ала білім

Білгім келеді

Сұрақ, қызығушылық

Жаңа білдім

Қорытынды ой

Топтық тапсырмалар

Тапсырмалар оқушылардың бақылау, салыстыру және тілдік талдау дағдыларын дамытуға бағытталады.

  • 1 «Дөңгелек үстел»: «Киік туралы не білеміз?» Әр оқушы бір сөйлемнен жазады да, парақты оң жағындағы оқушыға береді. Қайталауға болмайды. (Мысалы: «Киік — жүйрік аң».)
  • 2 Сурет салу: мәтін мазмұны бойынша киіктің бейнесін немесе оқиға көрінісін бейнелеу.
  • 3 Венн диаграммасы: киік пен қасқырдың қасиеттерін салыстыру; ортақ қасиеттерін қиылысқан бөлікке жазу.
  • 4 Сөз тіркестерін түсіндіру: Таяқ тастам жер Діңкесі құрыған

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейіні сергітіледі.

Ойды қорытындылау

Суретпен жұмыс

  • Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрау.
  • Оқыған үзінділер негізінде сұрақтарға жауап беру, дәлел келтіру.

Үй тапсырмасы

1) Мәтінді оқу

«Киіктің айласы» мәтінін мұқият оқу.

2) Мазмұндау

Оқиға желісін жүйелі түрде әңгімелеп беру.

3) Эссе

Киік және табиғатты қорғау тақырыбында шағын эссе жазу.