Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Күнделікті сабақ жоспары (Қазақ тілі, 5-сынып)
Бұл жоспар IV тоқсанға арналған. Негізгі назар — фонетикадағы екпін түрлерін түсіндіру және жаттығулар арқылы бекіту.
Тақырыптар тізімі
- 61Екпін. Ой екпіні. Сөз екпіні.
- 62Тіркес екпіні. Дыбыс екпіні.
- 63Фонетикадан өткенді қайталау.
- 64Сөзжасам туралы түсінік.
- 65Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер.
Жалпы мәлімет
- Пән:
- Қазақ тілі
- Сынып:
- 5
- Күні:
- _____ / _____ / _____
- Тоқсан:
- IV
- Мұғалім:
- ________________
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың екпін, ой екпіні, сөз екпіні туралы білімін кеңейту; жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы білімін бекіту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке және елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Екпін түрлерін ажырата алу дағдыларын дамыту; деңгейлік тапсырмалар арқылы логикалық ойлау мен талдау қабілеттерін арттыру.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру
- Көрнекілік
- Тақырыпқа байланысты кестелер, үлестірмелер
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
Сабақ құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-
II. Жаңа сабаққа дайындық
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Екпін дегеніміз не?
Тілдегі сөйлеу нормасына тән фонетикалық құбылыстардың бірі — екпін. Сөйлеу кезінде бір сөздің басқа сөздерге, не бір буынның басқа буындарға қарағанда күштірек, көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады.
- 1Сөз екпіні
- 2Ой екпіні
- 3Тіркес екпіні
- 4Дыбыс екпіні
Сөз екпіні
Екі немесе одан да көп буынды сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны көбіне тұрақты: екпін, әдетте, сөздің соңғы буынына түседі.
Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
Ой екпіні
Сөйлем ішінде ерекше назар аударуды қажет ететін бір сөзді оқшаулап, бөліп айту — ой екпіні. Ой екпіні тұрақты емес, себебі сөйлемдегі кез келген сөзге тыңдаушының назарын аударуға болады.
Атасы бүгін ауылға келді.
Атасы ауылға бүгін келді.
Ауылға бүгін атасы келді.
Бірінші сөйлемде атасының ауылға келгені, екінші сөйлемде атасының бүгін келгені, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасының келгені нақтырақ мәнмен беріледі. Тыңдаушының назарын күшейту үшін ой екпіні түсетін сөз көбіне сөйлемнің басында не соңында, жиірек баяндауыштың алдында орналасады.
Түсінікті тексеру
Терме диктант
- Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.
- Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді.
- Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды.
- Менің ағам авиация училищесінде оқиды.
- Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.
Жаңа сабақты бекіту
I деңгей
- Екпін дегеніміз не?
-
Мәтіннен сөз екпінін тап:
Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек. (Ғ. Мұратбаев)
II деңгей
- Ой екпіні дегеніміз не?
-
Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап:
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
III деңгей
Мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір. Ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
- Тасымал туралы түсінік.
- 334-жаттығу.