Білімділер порталының үздік ұстазын анықтау

2018–2019 оқу жылы

«Үздік ұстаз» бәйгесі: оқу жылын қорытындылау

2018–2019 оқу жылын қорытындылау мақсатында «Үздік ұстаз» бәйгесі ұйымдастырылады. Бәйгенің негізгі мақсаты — үздік ұстазды анықтау.

Қатысу форматы

  • Бәйгеге ашық сабақтың жоспары қабылданады.
  • Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ ұсынуы тиіс.
  • Бірнеше жұмыс жіберуге болады, алайда бәйгеге тек бір жұмыс қана қатысады.
  • Ескерту: бұрын жіберілген жұмыстар қабылданбайды. Міндетті түрде жаңа материал жолдау қажет.

Қатысу жарнасы

Бәйгеге қатысу жарнасы — 1000 теңге.

Маңызды

Сабақ сайтқа жарияланғаннан кейін төлем жасауға арналған реквизиттер жіберіледі.

Материалға қойылатын талаптар

Көлемі мен пішімі

  • Материал көлемі 2–3 беттен аспауы тиіс.
  • Word форматында сауатты теріліп, 12 шрифтпен рәсімделуі қажет.

Мазмұн сапасы

  • Сабақтың тақырыбы толық ашылуы керек.
  • Ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер болса — құпталады.
  • Слайд болуы міндетті емес. Егер бар болса, қоса жіберіледі.

Қалай жіберуге болады

  1. 1 Сабақ жоспарын @yandex поштасына жіберіңіз (Word нұсқасын тіркеп жіберу қажет).
  2. 2 Хат ішінде аты-жөніңізді, аймағыңызды, оқу орныңызды, категорияны және сабақ тақырыбын толық көрсетіңіз.
  3. 3 Сабақ сайтқа жарияланғаннан кейін реквизиттер жолданады.

Өтінім үлгісі

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Төле би кенті, №70 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы

Бәйге

«Үздік ұстаз»

Категория

Бастауыш сынып

Сабақ тақырыбы

Жазбаша қосу және азайту

Бағалау тәртібі

  • Әр сабаққа бағалау комиссиясы балл қояды.
  • Нәтиже комиссия балы мен дауыс беру балын қосу арқылы шығарылады.
  • Бағалау комиссиясын сайт ұжымы анықтап, жасақтайды.
  • Портал тарапынан бәйгенің барынша ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасалады.

Марапаттар

  • Барлық қатысушыларға — алғыс хат беріледі.
  • Үздіктерге — диплом және алғыс хат беріледі.

Қабылдау мерзімі

Бәйгеге сабақ қабылдау 5 желтоқсаннан 15 сәуірге дейін жалғасады.

Іске сәт, ұстаздар!

Бәйге бағыттары (пәндер бойынша)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
Физика пәнінің үздік ұстазы
Информатика пәнінің үздік ұстазы
Химия пәнінің үздік ұстазы
Биология пәнінің үздік ұстазы
Тарих пәнінің үздік ұстазы
География пәнінің үздік ұстазы
Технология пәнінің үздік ұстазы
Музыка пәнінің үздік ұстазы
Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
Балабақша үздік тәрбиешісі
Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы