Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада

Сабақтың мақсаты

  • Өткен материалдарды жүйелеп, алынған білімді қорытындылау.
  • Оқушылардың ой-танымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, логикалық ойлауын дамыту.
  • Ойын арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу және Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу

Эпиграф

Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл!

Тәуелсіздігіміз — халқымыздың ғасырлар бойы армандаған, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты. Біздің стратегиялық міндетіміз — бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу.

Н. Ә. Назарбаев

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Қазақстан туралы сұрақ-жауап.
  3. 3 Сабақтың мақсаты мен өту тәртібімен таныстыру.
  4. 4 Топ құрамымен таныстыру.

1-топ

«Жалын»

2-топ

«Жетіқарақшы»

Таныстыру: әр топ тақпақ арқылы өзін таныстырады.

Сайыс тапсырмалары

1) «Сөз тапқанға…»

Сөйлем құрастыру • артық сөзді табу

Берілген сөздерден мағыналы сөйлем құрастырып, артық сөздерді анықтаңыз.

Сөздер

Еліміздің, бір, жүзіне, тәуелсіздіктің, қабылданды, дүние, танылуы, мемлекет, белгісі.

Дұрыс нұсқа

Тәуелсіздіктің бір белгісі — еліміздің дүние жүзіне танылуы.

Артық сөздер: қабылданды, мемлекет

Сөздер

Шындық, болуының, мемлекет, негізі, мәртебе, тәуелсіз, басты, тілі, оның, ана.

Дұрыс нұсқа

Тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі — оның ана тілі.

Артық сөздер: шындық, мәртебе

2) «Ойлан, тап»

Мақал-мәтел

Экранда көрсетілген суреттерге сәйкес мақал-мәтел айтыңыз.

Сурет

От

Сурет

Орман

Сурет

Отбасы

Сурет

Жуа

3) «Сен білесің бе?»

Сандар астындағы сұрақтар

Сандардың астындағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1-топ: «Жалын» сұрақтары

  • Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңыз.
  • Қазақстанның тәуелсіздігі үшін болған халық көтерілісі қашан өтті?
  • Тәуке хан тұсындағы заңдар жинағы қалай аталады?
  • Қысқы Азиада ойындары Қазақстанда қашан өтті?
  • Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Ол қай жылы ғарышқа ұшты?
  • Астананың символы қандай? Оның биіктігі қанша?

2-топ: «Жетіқарақшы» сұрақтары

  • ЮНЕСКО шешімімен қай қалаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді?
  • Қазақстан тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада орналасқан?
  • Қазақстан жері арқылы өткен көне сауда жолы қалай аталады? Ол қайдан басталады?
  • Үш жүздің басын қосып, елді біріктірген хан кім?
  • Қазақстанда қандай ғарыш айлағы бар?
  • Қазақ тілі қай жылы қандай мәртебе алды?

4) «Кім жылдам?»

Түсіндіру ойыны

Берілген сөзді оқымай, заттың атауын атамай түсіндіріңіз. Қалғандары нені сипаттап тұрғаныңызды табуы керек.

1-топ: сөздер

Отан Мектеп Сабақ Дәрігер Кітапхана Қалам Театр Кабинет Сағат Көше

2-топ: сөздер

Мұғалім Асхана Кітап Стадион Сатушы Дәптер Саябақ Дау Дүкен Қала

5) «Ойтолғау»

Сабақ соңында қысқаша ой бөлісуге арналған тақырыптар:

Тақырып 1

Осы 20 жылдағы жетістіктеріміз

Тақырып 2

Қазақстанның болашағы — жастардың қолында