Желтоқсан ызғары (сценарийі)Мұғалімнің сөзі:Осыдан 23 жыл бұрын, қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы болды

Тәрбие сағаты: «Желтоқсан ызғары» (сценарий)

Мұғалімнің сөзі

Осыдан 23 жыл бұрын қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы болды. Бүгінде тәуелсіздігімізге 18 жыл толып отыр. Алайда бұл бостандық бізге оңай келген жоқ.

Қысқаша шолу
Бейнефильм көрсету

Кіріспе сөздер

1-жүргізуші

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Желтоқсан оқиғасына 23 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Желтоқсан ызғары» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші

Біздің республикамыз бірден бүгінгідей қалыптаса қойған жоқ. Ата-бабаларымыз бұл жерді сыртқы жаулардан қорғап қалу жолында жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Бұл жолда қазақ халқының миллиондаған перзенті құрбан болды. Қазақ тарихы — бостандық жолындағы ұзақ та ауыр күрестің тарихы. Ендеше, тарих беттеріне үңілейік.

Тарихқа шолу

1-жүргізуші

Қазақ халқы бастан кешкен дүрбелеңді кезеңдердің бірі — «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған зұлмат. 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсырата күйретті. Қалың ел оңтүстікке қарай босып кетті. Бірақ олар екі ғасырдан соң бұдан да ауыр нәубет қайта келерін білген жоқ.

1-оқушы

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім.

2-оқушы

Зар-мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген.
Бізге де күз келді ғой — көктем шығар,
Зілзала, қуғын заман өткен шығар.
Күндіз-түн шырылдаған құлын даусы
Құдайдың құлағына жеткен шығар.

Қасірет жылдары

  • 1931 жыл — жаппай ашаршылық.
  • 1937–1938 жылдар — жазықсыз жазалау, қуғын-сүргін.

Дерек

Қазақстан бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар — 103 мың адам, атылғандары — 25 мың адам.

1-жүргізуші

Қазағыма көп азапты жазған ба?
Ел ішінде індет жала қаптағанда,
Шәкәрімнің сақалына жармасып,
Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.

2-жүргізуші

Қырандар мен сұңқарлардан айрылдық,
Топшы, сыншы бар қанаттан қайрылдық.
Қамалған соң топ бастайтын азамат,
Жалтақтардың сөзін тыңдап тұйрылдық.

Есімдер

1929–1931 жылдар

Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Үкілі Ыбырай.

1937–1938 жылдар

Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, С. Қожанов.

Соғыс жылдары

1941–1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршын өмірді қиды. Ер жүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір кісідей аттанды, қаһармандықпен күресті, ерлікпен қаза тапты.

3-оқушы

Есіңде ме, туған қалам,
Сен деп неше жан қиылды.
Тас қорған болып мың сан адам
Қорғаны әр үйіңді.
Жау еңсесін жаншып, талап,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме, Мәншүк деген...