Ғанидың өмір жолы
Кіріспе
Ғани Мұратбаев (1902 жылғы 3 маусым — 1925 жылғы 15 сәуір) — Орталық Азия мен Қазақстандағы жастар ұйымдарын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО және Коммунистік Жастар Интернационалының белсенді қайраткері, саяси-ағартушылық бағыттағы ықпалды тұлға.
Туған жері
Қызылорда облысы, Қазалы өңірі (Сыр бойы).
Қайтыс болған жері
Мәскеу.
Дәуір үнқатысы
Нәзір Төреқұлов өз мақаласында: «Орта Азияда ешбір жастар ұйымының жұмысы оның қатысуынсыз өтпейтін; ол шаршамайтын, шалдықпайтын комсомол еді» деп бағалаған.
Кіріспе сөз
Тарих пәнінің мұғалімі: Ж. Байғараева.
Негізгі бөлім: Ғанидың өмір жолы
Білім жолы
- Қазалыдағы орыс-қазақ мектебінде оқыды, кейін жоғары бастауыш училищені тәмамдады.
- 1919–1920 жылдары ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын бітірді.
- Ташкентте мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектепте, кейін Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінде (1920–1921) оқыды.
Өмірлік сынақ пен қайсар мінез
Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасына жақын Қазалы аймағында дүниеге келді. Төрт жасында әкесі Мұратбайдан, он төрт жасында анасы Бәтимадан айырылды. Соған қарамастан, жетімдіктің тауқыметіне мойымай, білімге ұмтылып, өз жолын өзі қалыптастырды.
Қоғамдық қызметке ерте араласуы
1917 жылы Қазалыдағы оқуын аяқтаған соң, бір жылдай революциялық комитет құрамында қызмет атқарды. Бұл — аласапыран кезеңде жауапкершілік алып, қоғамдық іске ерте араласқанын көрсетеді. 1918 жылы білімсіз істің берекесі болмайтынын түсініп, өз еркімен қызметтен шығып, Ташкентке оқуға аттанды.
Жастар ұйымындағы қызметі және елдік мұрат
1919 жылы жастар ұйымына мүшелікке қабылданып, осы кезден бастап оның жалындаған ғұмыры жастар қозғалысымен тығыз байланыста өрбіді. 1916 жыл және одан кейінгі оқиғалар салдарынан қиыншылық көрген жетім балаларды интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне белсене араласты.
Тарихи оқиға: «Жас Алаш»
1921 жылғы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркістан Республикасы Комсомолының үні — «Жас Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарық көрді. Бұл — халықтың рухани өмірі мен баспасөз тарихында айрықша орны бар оқиға.
Оқушы баяндамасынан: «Жарық жұлдыз»
9 «А» сынып оқушысы Құрманиязова Набира Ғани Мұратбаевты ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымдарының аса талантты өкілі ретінде сипаттайды: оның күш-жігері мен ақыл-парасаты жастайынан-ақ ел ықыласын өзіне қаратқан.
Поэзиядағы Ғани бейнесі
Ғани тұлғасы халық жадында тек дерек пен естелік арқылы ғана емес, өлең арқылы да өмір сүреді. Төменде мүшәйра жүлдегерлерінің шығармаларынан ықшамдалған үзінділер берілді.
I орын: Гүлзаһира Талғатқызы (үзінді)
Мұнараны көріп қайтты анамыз,
Әдейілеп ат терлетіп Қызылдан.
— Басына жан бармайды екен, — деп қалады,
Дауысымен қапаланып бұзылған.
— Ескерткіш қой өлеңменен, — дейді анам,
Ескерткішің өлеңдетсін ерлерді.
Оқитын: Қарабаева Тоғжан.
II орын: Абай Серікұлы (үзінді)
Қысқа ғұмыр бұйырған тар маңдайға,
Аққан жұлдыз артына қарайлай ма?
Қазалының қыраны, Тартүбектің
Ұланына бас иді Еуропа.
Жалындатып жастардың жүрек отын,
Қамқор болып жүретін жетімдерге.
Оқитын: Батырбай Гүлбике, Алдаберген Гүлмира.
III орын: Ренат Әбдіхалық (үзінді)
Қазалыдан басталғандай ұлық жандар отбасы,
Жусан исі айналғандай әр перзенттің жолдасы.
Ғани аға мұрасына өлмейтұғын ешқашан,
Қазалыда Мұратбаев музейі бой көтерді.
Оқитын: Феруза.
Естелік және мінез
Кітапқа құштарлық
Естеліктерде Ғанидың көп уақыты кітап оқумен өткені айтылады: күн сайын екі-үш кітап оқып, қысқаша конспект жасап, оқығаны туралы пікір алмасып отырған. «Адам ойға, пейілге бай болсын. Дүниеқұмарлық кісіні аздырады» дегенді жиі қайталаған.
Бақытжан Құрманбаева — Ғанидың зайыбының естелігінен.
Адамды бөлмейтін ұстаным
Қырғыз ақыны Аалы Тоқомбаевтың естелігінде: Ғани адамдарды «ноғай, қырғыз, қазақ» деп бөлмей, жастарды оқуға орналастыру, қолдау көрсету ісінде барынша кең пейіл танытқаны айтылады.
Аалы Тоқомбаев — Социалистік Еңбек Ері (естеліктен).
Монологтан үзінді: «Мен — Ғанимын»
(Авторы: Жетіскен Мәкеналы. Орындайтындар: Арасат, Азамат, Аян, Данияр, Бағдәулет, Данияр.)
Мен — Ғанимын, ұлымын Қазалының,
Ел-жұртыма жетеді азалы үнім.
Мен — Ғанимын, жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Жас Алашпын — халқымның үнімін мен,
Аппақ арым, тап-таза тілімін мен.
Қорытынды
Мұғалім сөзі
Бар болғаны 23 жыл ғұмыр сүрсе де, 110 жылдығы аталып отырған Ғани Мұратбаевтың тұлғасы — елдікті қастерлеген, ерлікті ұлықтаған ұрпаққа бағыт-бағдар беретін биік өлшем. Оның қысқа ғұмыры — бүгінгі тәуелсіздікке жетелеген күрес тарихының қастерлі бір парағы, жеке басының қамынан гөрі қалың бұқараның мүддесін жоғары қоятын парасаттың айғағы, жақсылыққа жетелейтін ізгіліктің үлгісі.
Сондықтан Ғани рухын құрметтеу — ұрпақ парызы. Оның бейнесі жадымызда жігерлі де қайратты жас қалпында сақтала бермек.