Армысыздар құрметті мұғалімдер мен оқушылар

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттың төрт құдіреті

Мақсаты

Балаларға табиғат туралы түсінік беру; әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті — күн, ауа, жер, су екенін ұғындыру. Табиғат аясындағы жанды және жансыз дүниеге қамқорлық жасауға баулу, табиғатқа, Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Көрнекілігі

  • Жер, ауа, су бейнеленген киімдер
  • Жыл мезгілдерінің суреттері
  • Мақал-мәтелдер

Барысы

  1. IҰйымдастыру кезеңі
  2. IIМұғалімнің сөзі
  3. 1Оқушылардың тақпақтары
  4. 2Жұмбақ жасыру
  5. 3Жер, ауа, күн, су — кейіпкерлер
  6. 4Көрініс: «Кірқожалақ»
  7. 5Мақал-мәтелдер сайысы
  8. 6Қорытынды

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Табиғаттың төрт құдіреті» атты ашық тәрбие сағатымызды өлең жолдарымен ашамыз:

Табиғат — әсемдіктің төркінісің,

Ән салам бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Табиғат — тіршіліктің құтты қонысы, өсіп-өнуге қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.

Сәлемдесу мәдениеті

1-оқушы

Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді. Армысыздар, құрметті мұғалімдер мен оқушылар!

2-оқушы

Ата-бабамыз: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді», — деген.

Жұмбақ арқылы — «Жер» құдіреті

Мұғалім

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табуға дайын болыңдар:

Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартайады.

Жауабы: Жер

«Жер» кейіпкері

Балалар, жер бізге не береді?

Талқылау

Сұрақ-жауап арқылы жердің адам өміріндегі орны анықталады: қорек, өсім, тіршілік кеңістігі, туған өлке құндылығы.

3-оқушы

Табиғаттың басты байлығы — жер. Жер — біздің қазынамыз, байлығымыз.

4-оқушы

Адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.

5-оқушы

Ата-бабаларымыз осы жер үшін сан ғасыр бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.

«Жер» кейіпкері

Ал, балалар, жер туралы қандай өлең білесіңдер?

6-оқушы (өлең)

Адамдар, жер — сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Мұғалім

Жер, ізгі тілегіңіз бен ақ ниетіңізге рақмет. Төрге шығып жайғасыңыз.

Келесі жұмбақ — «Ауа» құдіреті

Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағыңа толмайды.

Жауабы: Ауа

Мұғалімнің тәжірибесі

Кәне, кішкентай тәжірибе жасап көрейік: ауызымызды жауып, мұрнымызды қысып, аз уақыт дем алмай тұрайық.

Дем ала алмасақ, тұншығамыз. Демек, ауа — өмір үшін аса қажет.

«Ауа» кейіпкері

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сендерге ауа керек пе? Кәне, таза ауамен терең тыныстаңдар. Мен туралы не білесіңдер? Мен не үшін керекпін?

7-оқушы

Жер бетіндегі барлық тіршілік ауамен тыныс алып өмір сүреді.